Сыныпта кафе құру (1 сынып, 7 бөлім )

 Сыныпта кафе құру (1 сынып, 7 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тағам және сусын»
Сабақ тақырыб: Сыныпта кафе құру
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасы на сілтемеу) О5 Мәтіннің түрлерін және стильдік ерекшелігін тану
Сабақ мақсаттары: Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін (Мысалы:әңгіме,өлең,ертегі,жұмбақ,жаңылтпаш,санамақ,мақал мәтелдер таниды).
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) Психологиялық дайындық
Дөңгеленіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Қол ұстасып бәріміз,
Ақ тілекті жолдайық.
Әлемде нұр тынышты,қ
Әрбір бейбіт күн ыстық.
Қайырлы таң, мектебім!
Қайырлы күн, достарым!
Достарымды көргенде,
Қуана қарсы аламын!
Сәлем! Сәлем! Сәлем!
Сынып ішінде кафе тәрізді бұрыш жасау.Орындық пен үстел қою.Үстелдің үстіне дастарқан жаю.Тапсырыс беретін парақтар,ас мәзірі,тағамдар мен ақша,чек дайындау(муляж немесе шынайы тағамдар әкелуге де болады)
-Кафеге адамдар неге барады?
-Кафеде қандай тағамдар мен сусындар болады?
-Дәмханада кімдер жұмыс жасайды?
-Даяшының қызметі жайында кім айтып береді?
(Б) Оқушыларға рольдік ойын ойналатын жерді көрсету. Заттарды қалай қолдану керектігін түсіндіру. Оқушыларға қалай тапсырыс беріп, қалай тапсырыс қабылдау керектігін көрсету.
(Т) Қарапайым тағам әзірлеу үшін оқушылар рецепке қарайды, қандай ыдыстардың қажет екендігін шешеді. Ингредиенттерді өлшеп салып, келесі қадамдарды орындайды.
Әр топ өзара ақылдасып мәзір бойынша тағамдарға тапсырыс береді)Өз ара диалог жүргенін мұғалім бақылап отырады
Сергіту сәті:
Алма,алма дейсің
Алманы әкелсем жейсің
Айтпады екен деме
Алманы жумай жеме!
1-топ
Жуан айтылатын сөздерді бір қатарға жіңішке айтылатын сөздерді екінші қатарға жазыңдар:
Алма,жүзім,орамжапырақ,қарбыз, қарақат, анар, сәбіз алмұрт,таңқурай,қызылша ,шабдалы, құлпынай, шие.
2-топ «Таңқурай» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
3-топ
Алма,жүзім,орамжапырақ,қарбыз, қарақат сөздеріне сөйлемдер құрап жазу.
4-топ «Орамжапырақ» сөзіне дыбыстық талдау жасау
5-топ Берілген сөздерді буынға бөліп жазыңдар:
Алма,жүзім,орамжапырақ,қарбыз, қарақат, анар, сәбіз алмұрт,таңқурай,қызылша ,шабдалы, құлпынай, шие.
Мәтінмен жұмыс.
Мен жазда атам мен әжемнің аулына бардым. Бау-бақшасын аралап дастарханға ............ , ............... , ................. салат жасадым. Анам екеуіміз ..............пен ............... тосап жасап, қысқа даярладық.
Керекті сөздер: қызанақтан, қиярдан, орамжапырақтан,алмұрт, өрік .
Сабаққа қорытынды жасау.Рефлексия
Сабақ саған несімен ұнады?
Қай топтың жұмысы ұнады?
Қандай сұрақ қиын болды?
Ертеңгі сабақта не білгілерің келеді?....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 063



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?