№125 Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Я әрпі (1 сынып, 6 бөлім )

 №125 Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Я әрпі (1 сынып, 6 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы: №125 Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Я әрпі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.9.2 дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь, ъ таңбалары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқу
1.2.4.1 мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы/мәндес/көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату
1.1.4.1 мәтіннің мазмұнын тақырыбы, иллюстрациясы бойынша болжау
1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- мұғалімнің қолдауымен дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь, ъ таңбалары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқу;
- сурет бойынша қарама-қарсы мағыналы сөздерді табу, мағыналарын ажырату;
- берілген тақырып пен сурет бойынша жетекші сұрақтар көмегімен мәтін мазмұнын болжау;
- жазу жолда бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазу;
Оқушылардың көбі:
- дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь, ъ таңбалары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және үлгі негізінде дұрыс оқу;
- берілген сөзге қарама-қарсы мағыналы сөзді дыбыстық құрамы сызбасы бойынша табу, мағыналарын ажырату;
- мәтіннің мазмұнын тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша болжау;
- жазу жолында бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазу;
Оқушылардың кейбірі:
- дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь, ъ таңбалары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқу;
- қарама-қарсы мағыналы сөздерді сәйкестендіру, мағыналарын ажырату;
- мәтіннің мазмұнын тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша жасаған болжамын негіздеу;
- жазу жолында бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазу;
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.2.9.2, 1.3.8.1 (Ұ, Ж, қ) Оқушыларды «Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлу.
(Оқушылар ұлттық кейіпкерлердің суреттерін құрастыру арқылы шағын топтарға біріктіріледі)
Мұғалім оқушыларға бейнетаспадағы суреттерді көрсете отырып, әр суреттің тұсына аттарын жазуды ұсынады. Суреттердің аттары әр топта бір парақшаға жазылады, өзара тексереді, сөздердің қатесіз жазылуы қадағаланады. Соңында әр топтан бір оқушы шығып, интербелсенді тақтаға немесе дайын парақшаға жазып, топ жұмысын қорғайды.
Дескриптор:
- дыбыстардың сөздегі орнын біледі;
- әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады;
Сабақ мақсатын хабарлау, бағалау критерийлерін оқушылармен бірге белгілеу.
1.2.4.1 (Т, Ж) Суретпен жұмыс

БАЯУ
Әр суретке назар аудартылып, оның не екені таптырылады (тасбақа, қоян). Суреттің астында жазылған сөз оқытылады. Ол сөзге мағынасы қарама-қарсы сөз тауып, дыбыстық талдау-жинақтау жасату. Оқушыларға сөйлем құрату. Сөйлем ішінен мағынасы қарама-қарсы сөздерді табу арқылы оқушылар сөздердің мағынасын ажыратуды үйренеді.
Мысалы: баяу – тез, сақ-бейқам (мағынасы қарама-қарсы сөздер)
баяу сөзінде - 4 әріп, 5дыбыс бар
баяу сөзінде – 2 буын, ба- ашық буын, яу- тұйық буын
б- ұяң, дауыссыз дыбыс
а- жуан, дауысты дыбыс
я- қосарлы, дауысты дыбыс
у- дауыссыз дыбыс
тез сөзінде - 3 әріп, 3 дыбыс бар
тез сөзі –1 буын, бітеу буыннан тұрады.
т- қатаң, дауыссыз дыбыс
е- жіңішке, дауысты дыбыс
з- ұяң, дауыссыз дыбыс
Дескриптор:
- дыбыстардың сөздегі орнын біледі;
- мағынасы қарама-қарсы сөздерді табады;
- мағынасы қарама-қарсы сөздердің мағыналарын
ажыратады;
1.3.8.1 (МК, Ө) Көркем жазу.
Яя Яя яяя ұя сия қия қияр
Мұғалім оқушылармен диктор арқылы үнтаспаға жазылған әріп бөліктерін бірге жазуды ұсынады. Оқушылардың я әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуы
қадағаланады.
Дескриптор:
- әріп бөліктерін дұрыс салады;
- жазу жолының жоғарғы және төменгі сызығын сақтап
жазады;
- әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады;
- я әрпі бар сөздерді қатесіз жазады;
1.1.4.1 (Ұ Ж, ЖЖ) «Суретті әңгімеле» әдісі
Топтағы оқушылардың бір бөлігіне берілген сурет бойынша әңгімелету, ал екінші бөлігіне суретте бейнеленген сәттің алдында не болғаны және кейін не болатыны болжатылады.
- Мысық неге мияулады? сұрағының жауабын топта талқылап, болжау жасап, дәлелдеулермен толықтырады.
Мұғалім осы орайда оқушыларға сурет әңгіменің бір бөлігі екенін ескертеді. Әр топ оқушыларының өз әңгімелері тыңдалып, түрлі идеялармен ой бөлісуге мүмкіндік туады.
Дескриптор:
- мәтіннің мазмұнын иллюстрациясы бойынша болжайды;
- сурет бойынша ойларын жинақтай алады;
«Дұрыс-дұрыс емес» ойыны.
Ойынға қатысушылар екі топқа біріктіріледі. Оларды бір-біріне қарама-қарсы отырғызған дұрыс. Ортаға бос екі орындық қойылады. Бір орындық «дұрыс» дегенді білдірсе, екінші орындық «дұрыс емес» дегенді білдіреді. Мұғалім қағазда жазылған ой-тұжырымды оқиды:
«Алдаркөсе-ұлттық кейіпкер». Бұл тұжырымды дұрыс деп санаса, олар тез барып «дұрыс» орындығына отыруы тиіс. «Дұрыс емес» деп санаса, соған сәйкес белгіленген орындыққа отырады. Қайсысы бірінші барып отырса және жауапты дұрыс тапса, сол жеңімпаз болады.
Мысал үлгілері:
«Арқан тарту- қазақтың ұлттық ойындарының бірі».
«Қара жорға- орыс халқының ұлттық биі» т. б.
Сергіту сәті «Алдарға қосылып көр» ән айту
1.2.9.2, 1.2.4.1, 1.3.8.1 (Ұ Ж, ЖЖ) Мәтінді түсініп оқы.
Салт-дәстүрді білесің бе?
• Сүйінші қай кезде сұралады?
• Аянбай сөзіне дыбыстық талдау-жинақтау жаса.
• Шын сөзіне мағынасы қарама-қарсы сөз тап.
• Мағынасы қарама-қарсы сөздерді қатыстырып, сөйлем ойла.
• Тапсырмаларды дәптеріңе қатесіз, сауатты жазып ал.
Мысалы: шын-өтірік
аянбай сөзінде - 6 әріп, 7 дыбыс бар
аянбай сөзі –3 буын, а- ашық буын, ян- тұйық буын, бай- бітеу буыннан тұрады.
а-жуан, дауысты дыбыс
я- қосарлы, дауысты дыбыс
н-үнді, дауыссыз дыбыс
б- ұяң, дауыссыз дыбыс
а-жуан, дауысты дыбыс
й-дауыссыз дыбыс
Дескриптор:
- сөздерді тұтас оқиды;
- әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен
мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;
- мағынасы қарама-қарсы сөздерді табады;
- қарама-қарсы мағыналы сөздердің .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 716



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?