Ауа райы туралы өлең жазу «ъ» белгісі №1 (1 сынып,4 бөлім )
Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Бізді қоршаған әлем»
Сабақ тақырыбы: Ауа райы туралы өлең жазу. «ъ» белгісі №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) Ж 3.2 Стильдерді ажырату және белгілі бір стильмен өздігінен мәтін құрап жазу
Ж 3.13 Орфографиялық нормаларды сақтау
Ж 3.8 Мәтінді түзету және редакциялау
Сабақ мақсаттары: 1.3.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен стиліне сай тиісті сөздерді таңдап жазады
1.3.13.1 Әріп пен дыбысты ажырата біледі, дыбыстардың айтылу ерекшелігін ескере отырып, сөзді дұрыс жазады
1.3.8.1 Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді.
Сабақ барысы: (Ұ,Ө, ЖЖ) Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Жұмбақ жасыру:
Пойызда жоқ,
Подъезде бар.
Сөзде жоқ,
Съезде бар.
Ъ белгісі жайлы білімдерін бекіту үшін бағандағы сөздермен жұмыс жасатып, «ъ» белгісі бар сөздерді оқытып жаттықтыру:
объектив, разъезд, съезд, подъезд.
Оқылым дағдысын дамыту мақсатында «Разъезд» мәтінін жеке оқытып, соңынан жұптық жұмыс ұйымдастыру. Оқушыларға жұптасына екі сұрақтан қойып, жауп алуды ұсыну. Бір жұптың жұмысын ортада тыңдау.
Разъезд
Разъезд – темір жол бойындағы шағын елді мекен. Онда темір жолда жұмыс істейтін адамдар тұрады. Жұмысшылар пойыз жүретін рельстерді жөндейді.Пойыздардың жүру кестесін бақылайды. Пойыздар разъезден күндіз-түні өтеді.
(Ұ, МК) Оқушылардың көмегімен «Бірлесіп жазу» әдісін қолдана отырып, қарлы күн туралы өлең жазуды көрсету. Лексиканы қолдануды үйрету. Сөздер мен сөз тіркестерін біріктіріп, қарапайым өлең нұсқасын жазу.
«Бірлесіп жазу» әдісін қолдану:
1. Оқушылардағы жетілдіруді қажет ететін жазылым дағдысына көңіл бөлу. Оқушылар кезекпен ойларындағын дауыстап айта отыруды ұсыну. Оқушыларға сөз тіркесі/сөйлемді дұрыс құру үлгісін көрсету. Сөйлемнің түсінікті болуына назар аударту. Тақтаға сөз тіркесі/сөйлемді жазу.
2. Мұғалім-хатшы рөлінде болып: оқушылардың келесі сөйлем туралы ойларын тыңдау, мағыналы сөйлем немесе сөз тіркестерін дұрыс құру дағдыларын бекіту. Оқушылар көмегімен сөз тіркесі/ сөйлем құрып, тақтаға жазу.
3. Қолдау көрсету арқылы жазу. Оқушылардан келесі сөйлем не туралы болатынын ойланып, өз бетімен немесе жұпта жеке параққа сөз, сөз тіркесі немесе сөйлем жазуын сұрау. Жазған сөз тіркесі/сөйлемдерін жоғары көтеріп, көрсетуді сұрау. Осылай оқушылардың өз бетімен жазылым тапсырмасын орындауға қаншалықты дайын екендігін тексеру.
(Ө,Қ) Оқушыларға кез келген ауа райы туралы өлеңді берілген құрылымды қолданып көшіріп жазуды немесе өздігінен құрастыруды тапсыру.
Бүгін _______, біз шынымен _________
Мен _______ сеземін.
Мен _________ көремін.
Айналамдағылардың бәрі ___________
Шынымен ауа райы ________
Бұл _______ (мезгіл).
Дұрыс айтып, дұрыс ұйқастырғандарды мадақтау.
(Т) Оқушылар жазған өлеңдерінің қателерін түзетуге, қызықтырақ етіп жазуға, сипаттамаларында нақты детальдарды қолдануларына көмектесу үшін «Бағытталған жазу» әдісін қолдану:
• кіріспе (оқушыларға оқу мақсатын түсіндіру);
• есте сақтау (жазылымға арналған ойларды/идеяларды есте сақтау, қайталау);
• үлгі жасау/жобалау (сыныптағы оқушының қабілетін ескеріп, жазылым үлгісін беру);
• қолдану/жазу (оқушы өз бетімен жазады);
• жұмысын қорғау (өз жазған жұмыстарын сенімділікпен сыныптастарына таныстырады);
• қайта қарау/түзету (өзін-өзі және бірін-бірі бағалайды)
Қабілеті жоғары оқушыларға басқа да ауа райының түрлеріне арнап өлең жазуды ұсыну.
Жазылған өлеңдерді тақтаға ілуді ұсынып, оқушыларға дауыстап оқуға мүмкіндік беру.
Оқушылардың:
• Сөздерді түсінікті , дұрыс анық, қатесіз жазуын;
• Оқушылардың ауа райын сипаттау үшін тіркестерді қолдана алуын;
• Сипаттау үшін сөздерді тиімді қолдана алу қабілеттерін бағалау. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?