Мектеп туралы әңгімелер оқу «С» дыбысы мен әрпі (1 сынып,2 бөлім )
Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім
Сабақтың тақырыбы: Мектеп туралы әңгімелер оқу. «С» дыбысы мен әрпі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.2.1.1 Әңгіменің мазмұнын түсінеді, басты кейіпкерлерін анықтайды және қарапайым мәтіндерден нақты ақпаратты табады.
1.2.4.1 Күрделі емес мәтіндер мен суретті кітаптар бойынша қарапайым сұрақ қоя біледі.
1.2.6.1 Қарапайым сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтас, дауыстап оқиды
Сабақтың мақсаттары: «Мақтаншақ бақа» әңгімесін оқу арқылы әңгіменің кейіпкерін,оқиғасын және мазмұнын талқылау,суретке қарап сұрақ қоюды үйрену.
«С» дыбысы мен әрпін айтып жазып үйрену,сөзде қолдану.
Сабақ барысы: 1.Оқушылардың зейінін шоғырландыру.
2.Оқушылармен бірге ОМ анықтап алу
(Ұ, Ө, МК, Қ, ЖЖ ) «Бағытталған оқыту» әдісін қолданып, жануарлар мектебі туралы әңгіме оқу:
1. Әңгімеге кіріспе. Кітаптың мұқабасын көрсету.
2. Бұл кітап не туралы деп ойлайтындарын оқушылардан сұрау.
3. Әңгімені оқып беру.
Мақтаншақ бақа
Мақтаншақ бақа 1-сыныпта оқиды. Достарының барлығы оның ерекше мақтаншақ екенін бұрыннан білетін. Бірақ бүгінгі қылығы есте қаларлық болды. Әдебиеттік оқу сабағынан кейін мұғалім оқу қарқынын тексеретінін айтты. Жапалақ мұғалім біз 30-35 сөз оқи алуымыз керек екенін айтты. Барлық оқушылар кітаптарын ақтарып дайындала бастады. Тек қана мақтаншақ бақа осы кезге дейін, көптеген кітаптар оқығанын, ол үшін 30 сөз оқу қиынға соқпайтынын айтты. Мақтаншақ бақаның ойынша,білімді болу үшін, теледидар қарасаң да жеткілікті, кітап оқып уақыт өткізгеннен не пайда. Жапалақ мұғалім барлық оқушылардың оқу қарқынын тексеріп, жақсы жетістік көрсеткендерін атап өтті. Минутына 65 сөз оқыған аққу, 50 сөз оқитын қарлығаш және 45 сөз оқитын құмырсқа алғашқы орындарды иеленді. Барлық оқушылар оларға қызыға қарады. Бақа көлге күмп етіп құлап түседі. Осының барлығын бақылап отырған кесіртке, асықпай шөптің басынан жерге түсіп:
-Тым көп мақтанып кетіп ең – дейді де, қуысына кіріп кетеді.
4. Тексеру стратегиясы .
• Оқушыларға басты кейіпкерді анықтауды сұрау.
• Жұпта талқылау. Олар нені түсінді?
• Сұрақтарға жауап беруді ұсыну.
Оқиғаның қай жерде болғанын, нелер қатысқанын және не болғанын анықтату. Балаларға «кейіпкер», «мазмұн», «оқиға» сөздерін таныстыру. Оқушыларды мәтіндегі суреттері мен атаулары арқылы кейіпкерлерді табуға жұмылдыру және олардың іс-әрекетін талқылау.
5. (Ұ) Оқушыларға оқиғаның детальдарын көбірек табу үшін иллюстрацияларды қолдануды, сипаттау сөздерді еске түсіруді, ал оқи алатын оқушыларға, сөз тіркестерін тауып, оқуды тапсыру. Оқиғада қандай сөздің бейтаныс екендігі туралы сөз қозғау. Мысалы, «күмп» сөзінің мағынасын қалай түсінуге болады? Басқаша қалай айтуға болады?
Оқи алатын оқушыларға әңгімені өздігінен оқуды тапсыру.
(МК) Сынып бөлмесінің бір бұрышында оқу бұрышын ұйымдастыру. Мұнда көптеген суретті кітап пен әдеби емес кітаптар жинақтайтынымыз туралы хабарлау. Оқушыларға үзіліс кезінде сол жерден кітап алып оқуына рұқсат етілетінін айту.
Енді оқып үйреніп келе жатқан оқушылар үшін таныс әріптері бар шағын мәтінді ұсыну. Алдыңғы сабақтарда пайдаланған сұрақтар мен көмекші сөздерді пайдалану. Жекелеген оқушыны тыңдап жатқан кезде өзге оқушыларға мәтінге немесе суреттеріне қарап, таныс сөздерді іздестіруге тапсырма беру.
Көзге арналған жаттығу орындау.
(Ұ,Ө) Оқушыларға Сс дыбысы мен әрпін таныту. С дыбысынан басталатын сөздерді таптыру. (Суреттер беріп қолдау көрсету)
- Сс дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, С дыбысын дұрыс айтуға үйрету.
- С дыбысы дауыссыз дыбыс екенін аңғарту. С дыбысының сөз басында, ортасында және соңында келетінін аңғарту.
Бағандағы сөздерді оқыту (сана, саба, сағат, сабақ, самал, маса, бас, дос, сайман, су, аспан, аспап, саусақ, Асқар, Асқат)
Оқыған әңгімеде «Тым көп мақтанып кетіп ең – деп» қай кейіпкер айтқанын сұрау. КЕСІРТКЕ сөзін буынға бөлу, екінші буын қандай дыбыстан басталып тұрғанын анықтату.
(Ұ) Дәптермен жұмыс.Қолды еркін жазуға жаттықтыру жұмыстары үлгі бойынша орындалады. Сс әрпінің жазба түрін жазып үйрету.
С әрпі, со, су буындары мен дос сөзін көркем етіп жазу. .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?