Өз үйімді сипаттаймын (1 сынып,1 бөлім )

  Өз үйімді сипаттаймын (1 сынып,1 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақтың тақырыбы: Өз үйімді сипаттаймын.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.6.1 сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану)
1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Сабақтың мақсаты: Сөйлеу барысында сипаттау-салыстыру сөздерін қолданып, сөздегі буын саның анықтайды.
Сабақ барысы: Психологиялық ахуал
Өз үйімді сүйемін
Оны ойға түйемін
Әкем, анам ортада
Мен еркелеп жүремін. Берілген таңғы шеңбердің мағынасын түсіндіру.
(Ұ) ТЕЛЕДИДАР ДИКТОРЫ
Өткен сабақ бойынша сұрақ қою. Сөйлеушіге «басалқының» рөлін атқаратын тиісті зат беріледі. Оқушылар белгілі бір сұрақ бойынша пікірталас жүргізеді. Тек қолында басалқы бар адам ғана сөйлей алады.
- Өткен сабақта біз нені өттік?
- Өткен сабақта біз қадай жұмыс атқардық?
Мақсаты: бірін-бірін тыңдауға дағдыландыру
ЖАҢА САБАҚ
Үйімді өз сипаттаймын. Берілген сөздерді дұрыс орналастырып, сабақтын тақырыбын ашу.
Сабақтын тақырыбы мен мақсаты талқыланады.
(Ұ) Үйді сипаттайтын сөздерді теріп айту. (терезе, есік, төбе, баспалдақ, әдемі, жылы, гүл)
Сол сөздерден сөйлем құрастыру.
Оның үйінде 4 терезе бар. Есік біреу. Үйдің төбесі қызыл. Екінші қабатқа баспалдақпен көтеріледі. Үйдің іші жылы. Үйдің маңы әдемі. Ағаш және гүлдер өсіп тұр.
(Ұ) ШЕҢБЕРГЕ ЖИНАЛУ УАҚЫТЫ
Барлық оқушылар шеңберге жиналып, өз үйін сипаттап айтады. Бұл әдістің бастапқылардың бірі болып орындалуға тиіс кезеңдері бар. Мәселен, балалармен негізгі ережені алдын ала талқылап алу керек:
1. Бір адам ғана сөйлейді ‐ сөйлеушінің қолындағы зат ережені сақтауға көмектеседі.
Сергіту сәті
«Көңілді күн» бейнебаяндығы жаттығуларды қайталау.
(Т) Алфавит тізбегі
Оқушылар осы тақырып бойынша алған білімдерін алфавиттегі әріптерден басталатын, үйді сипаттайтын, 4 сөзден 4 сөйлем құрастырып, айтып шығу керек.
Мысалы: «Менің үйімде»
А- Менің үйімде ақ түсті төбе бар.
Ә- Менің үйімнің сырты әдемі т.с.с
Дәптермен жұмыс.
- У у дыбысын оқушыларға 3 рет хормен айтқызу
- А уа, ау, ну, уа, тау сөздерін айтып, у дыбысы қай жерде кездесіп тұрғанын анықтату
- У дыбысы дауысты дыбыстан кейін айтылса дауыссыз дыбыс болады. Мысалы: , та – у
- У у дыбысы дауыссыз дыбыстан кейін айтылса дауысты дыбыс болады.
- Мысалы: н – у, т – у
1) У у әрпінің бас және кіші әріптерін ауада жаздыру.
2) У дыбысының бас әрпінің элементтерін жаздырып үйрету
3) У дыбысының кіші әрпінің элементтерін жаздырып үйрету
Мақсаты: У у әрпінің элементтерінің жазылуымен таныстыру, У у әрпін жазуға және басқа әріптермен байланысуын үйрету, сауатты жазу дағдыларын дамыту
(Т) Әр топқа буындар беру. Буындардан сөзді құрастыру және сөздерді буынға бөліп жазу
(өзара бағалау).....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 536



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?