Ғылыми ашылулар (7 сынып, IV тоқсан, 2 бөлім )
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары.
Сабақтың тақырыбы: Ғылыми ашылулар
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:(оқу бағдарламасына сілтеме)7.Ж2.Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу
Сабақтың мақсаттары: Эссе құрылымын сақтап, өз көзқарасын білдіре отырып жаза алады.
Сабақ барысы: Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу. Сабақ тақырыбын, мақсатын таныстыру.
Жазылымалды тапсырмасы (оқушыларға топтастырылып, оқылым мәтіндері ұсынылады)
Мәтінді тиянақты оқып,
«Технология» ↔ «Жаңалық» атты екі себетке мәтіннің ішінен мәліметтер тауып салыңыз. Ж.
1-мәтін.
Қазіргі таңда нанотехнологиялар үлкен сұранысқа ие болып отыр.Нанотехнологиялардың арқасында заманауи есептеуіш машиналар мен өндірістік технологиялардың, тіпті, дәрі-дәрмектердің де өндіріліп жатқаны баршамызға құпия емес.
Нанотехнология – бұл адамның көзіне көрінбейтін майда бөлшектерді белгілі бір ретке келтіре отырып, оның ерекшеліктерін алдын-ала белгілеп беру арқылы әлдебір құрылымды қарастыруға қажетті жекелеген атомдарды ыңғайлап орналастыру. Нанометр дегеніміз бір метрді миллиардқа бөлгендегі ұсақ бөлігі (1 нанометр=10-9 метр). Нанотехнология – осындай кішігірім өлшемдермен айналысатын ғылым. 1986 жылы сол кездегі студент Эрик Дрексел «Жасампаз машина» атты футуристік эссесінде алғаш рет «молекулярлы технология» деген сөз тіркесін қолданған болатын. Эрик Дрессел фантаст-жазушы Станислав Лемнің тұжырымдамаларына өз ойындағы қиялдарды үстей отырып, «Саналы тіршілік ортасының» негізгі бейне-кескінін ойлап шығарған. Осы болжамға сәйкес, XXI ғасырда нанороботтар мен технологиялар әрбір ағзаның, заттың құрамына енгізіледі де, адамзат өзін қоршаған әлеммен бірге тұтастай саналы суперкомпьютерге айналады.
2-мәтін.
«Нанотехнология» деген сөзді өзіміздің қазақ тілінде түсіндіретін болсақ, «кішкентай өлшемді технология» дегенді білдіреді. Бұл жерде «нано» сөзі «миллиардтың бір бөлшегі» деген мағынаны береді. Қысқасы, кез келген заттың миллиардтан бір бөлшегі бастапқы тегінен ерекшеленді де, басқа физикалық қасиеттерге ие болады. Міне, осы заңдылық арқылы, яғни, материяның белгілі бір күйден екіншісіне өту кезіндегі өзгерістер арқылы өмірге, бұрын ешкімге белгісіз жаңа технология еніп жатыр. Менделеев кестесіндегі көптеген химиялық элементтер нанотехнологияның әсерінен өзгерістерге ұшырап, басқа да бір қасиетке ие болып жатқаны осылайша анықталған болатын. Қысқасы, на¬нотехнология адамзат өмі¬рін¬дегі ең төңкерісті жаңалықтардың бірі болды десек, артық айтқандық емес.
3-мәтін.
Нанотехнология саласы енді ғана дамып келе жатқанымен, оның жемістері әскери, әуе және космонавтика салаларында баяғыдан бері қолданылып келеді. Бірақ, құпиялық жағдайға байланысты, бұл технология туралы ақпарат тек ғалымдар мен әскер басшыларына ғана белгілі болатын. Кейінгі кездерде алынған нанотехнология нәтижелерін өндірісте (медицина, электроника, ауыл шаруашылығы, машина құрастыру тб.) көптеп қолдану мүмкіндігінің ашылуына байланысты, алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттерде көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілумен қатар, сол зерттеулерге байланысты қолданылатын техникалар өндіріліп жатыр.
4-мәтін. Құлпынай жинайтын робот
Құлпынайды тездетіп жинау әдісін жапондықтар ойлап тапты. Shibuya Seiki компаниясының инженерлері піскен құлпынайды өзі тауып, үзе қоятын роботты шығарды. Биіктігі 2 метрге жететін робот егістік қатарын аралап, піскен құлпынайды өзі ажыратады. Ажыратып қоймай, арнайы себетке тездетіп теріп, уақытты үнемдейді. Бір құлпынайды үзуге небәрі 8 секунд уақыт кетеді.
Үш бейнекамерасы жұмыс жасайтын, бұл құрылғының механикалық қолдары да бар. Олар жемісті үзуге арналған.
Аталмыш туындыны жасауға Жапонияда жиналатын құлпынай процессі әсер еткен. Өйткені, бұл елде оған ұзақ уақыт жұмсалған алғашқыда. Ал, роботты жасаушылар енді мұны жеңіл жұмысқа айналдыруға әбден болады деп отыр.
Жазылым тапсырмасы Ж.
«Ғылым мен технологияның дамуы – заманауи өмір талабы» тақырыбына өз ойларыңызды жүйелеп, 100-110 сөз көлемінде, келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп эссе түрінде жазыңыз.
Жетістік критериі
Тақырып деңгейінде өз білімін қолданып жаза алады;
Тақырып бойынша өз көзқарасын айқын көрсете алады;
Грамматикалық, стилистикалық нормалардың ережесін сақтайды.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?