Альберт Эйнштейн –ХХ ғасырдың ұлы адамы (7 сынып, IV тоқсан, 2 бөлім )

 Альберт Эйнштейн –ХХ ғасырдың ұлы адамы (7 сынып, IV тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары
Сабақтың тақырыбы: Альберт Эйнштейн –ХХ ғасырдың ұлы адамы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 7.О3.Прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс-әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау.
Сабақтың мақсаттары: Оқылым мәтіндерінің сюжетіне, кейіпкерлеріне талдау жасайды.
Сабақ барысы: Оқылымалды тапсырма
Миға шабуыл (оқушылардың ойын жинақтау мақсатында жорға сұрақтар қойылады. Түсініктірек болу үшін тиынды жоғарыға лақтырып, қай жағымен түсетінінің ықтималдылығын көзбе-көз көрсетуге болады)
1.Ықтималдылық деген сөзді қалай түсінесіз?
2.Ол қай ғылым саласында қолданылады?
3.Кездейсоқ құбылыстардың көпсебептілігін қалай түсінесің?
4. Жай ғана аспанға тиынды лақтырудан қандай теория шығаруға болады деп ойлайсың?
Оқылым тапсырмасы Жеке жұмыс
Сыныптағы оқушыларға мәтінді бөліктерге бөліп, таратып беруге болады. Әр оқушы өз мәтініндегі автордың кейіпкерді сипаттауына, үзіктегі сюжеттің ерекшелігіне тоқталуы тиіс.
Жетістік критериі
Мәтіндегі кейіпкерлерді жасалу тұрғысынан талдай алады;
Шығармадағы авторлық көзқарасқа баға бере алады.
Өзіндік көзқарасын білдіре алады.
Оқушылар сюжеттік кесте толтырады
Мәтіннің басты кейіпкері Авторлық көзқарас Менің көзқарасым
Бірін-бірі бағалау: оқушылар қасында отырған оқушымен дәптерін алмасады, тақтада көрсетілген нұсқамен салыстырады. Әр тексерушіден өзі тексерген жұмыс бойынша коммментарий жасау сұралады. (Осы арқылы оқушының сыни ойлау қабілеті дағдысы қалыптасады, әрі әділ бағалап үйренеді.)
2-тапсырма. «Домино» ойыны әдісі арқылы Ж
(оқушыларға стикер не қима қағаз таратылады. Ол қағаздың екі бетінде С(сұрақ), Ж (жауап) деп жазылады. С бетіне оқушылар өз мәтінінің негізінде 1 ашық құрақ қояды. Жауап беті ашық қалдырылады. Сұрақтары жазылған домино беттерін келесі оқушылармен алмастырады. Жауап бетіне әр оқушы өз сұрағының жауабын жазады. Екі беті де толған соң, домино парақшалары жиналып алынады, араластырылып, қайта таратылады. Тізбекті бұзбай оқылу тиіс. (Бұл әдіс – оқушылардың шығарма мазмұны мен мәтінді толық көлемде түсінуіне арналған, әрі сергіту сәті есебінде де оқушылардың серпілуіне мүмкіндік береді).....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 858



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?