Климаттық өзгерістер №1 (7 сынып, I тоқсан, 3 бөлім )

 Климаттық өзгерістер №1 (7 сынып, I тоқсан, 3 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Жердегі климаттық өзгерістер.
Сабақтың тақырыбы: Климаттық өзгерістер №1
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) Ж1. Әртүрлі стильде мәтіндер құрастыру.
7.Ж1.Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, өтініш, түйіндеме, ресми құттықтаулар жазу.
Сабақ барысы:Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, дәптерлеріне бүгінгі күнді жазғызу.
Қызығушылықты ояту:
Сұрақтарды талқылау.
- Климат өзгерісі туралы не білесіз?
- Әлемде жаһандық жылынудың орын алуына табиғи фактордың тікелей қатысы бар дегенге келісесіз бе? Не себеп болды деп ойлайсыз?
- Табиғи фактор әсерінен болған қандай климат өзгерісін білесіз?
- Климат өзгерісіне антропогенді фактор көп әсер етеді ме әлде табиғи фактор көп әсер етеді ме? Неліктен?
Сабақтың тақырыбы, оқыту мақсаты, бағалау критерийлері хабарланады.
Мағынаны тану кезеңі.
Өтініш( кейде шағым). Өтініш – ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына белгілі бір ақпаратты, өтінішті, мәліметті жеткізу мақсатында жазылатын іс қағазының бір түрі.
Өтініштің құрылымы:
– Адресат;
– Құжаттың аты;
– Мәтін;
– Күннің жады;
– Өтініш иесінің қолы, аты-жөні.
Үлгі:
Жұмысқа қабылдау туралы
________қаласы (_____ ауданының1)
әкімі _________________ (аты-жөні)
_______________________________
мекенжайында тұратын
________________ (аты-жөні)
ӨТІНІШ
Мені __________________________ айлығымен штаттық кестеге сәйкес 200__ жылғы «___» ___________ бастап_______________ лауазымына қызметке алуыңызды сұраймын.
200__ жылғы «___» ___________ ________ (қолы)
ТҮЙІНДЕМЕ
Түйіндеме – тұлға жұмысқа тұрар алдында жазатын өмірбаян сипатындағы мәліметтерден тұратын құжат.
Түйіндеменің үлгісі
ТҮЙІНДЕМЕ
Аты-жөні: _________________________________________.
Туған күні: ________________________________________.
Туған жері: ________________________________________.
Ұлты: _____________________________________________
Мекенжайы: ________________________________________.
Телефоны: __________________________________________.
Мамандығы: ________________________________________.
Мақсаты: ____________________________________________ лауазымын алу.
Білімі:
Арнайы білімі:
__________________ және __________________ тілдерін еркін меңгергенмін.
Компьютерде _________________ бағдарламалары бойынша жұмыс тәжірибем бар.
Ісқағаздарының стенограммасын жүргізу курсын бітірдім.
Отбасылық жағдайым: үйленгенмін.
____________ ұлым бар.

_________________
(қолы)
Лексикалық минимум: қоғам, алаңдау, қоршаған орта, айғақ, қабылдау, салдары, қатерлі.
Жазылым тапсырмасы. «Еңбек биржасы» ойынын ойнайды.
Рөлдер: биржа қызметкерлері, жұмысқа орналасатындар. Жаһандану үдерісінен болып жатқан климаттық өзгерістердің мәселесін шешетін басқармаға эколог, географ, әлеуметтанушы мамандары қабылданады. Жұмысқа орналасатындар биржаға түйіндемесін жібереді. Биржа қызметкерлері түйіндемелермен танысып, мазмұнын жетістік критерийлері бойынша тексеріп бағалайды. Оқушылар рөлдермен ауысып, жұмысқа орналасатындар өтініш жазады.
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Оқушы
Ж1. Әртүрлі стильде мәтіндер құрастыру.
№ 1
Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, өтініш жазады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 848



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?