Компьютердің тілін табу – өнер (2-сабақ) (5 сынып, III тоқсан, 4 бөлім )

 Компьютердің тілін табу – өнер (2-сабақ) (5 сынып, III тоқсан, 4 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьтердің тілін табу − өнер
Сабақтың тақырыбы: Компьютер тілін табу – өнер (2-сабақ)
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 5.Ж1. Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу.
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар
• Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын біледі.
Көптеген оқушылар
• Жазба жұмысында ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын қолданады;
Кейбір оқушылар
• Ресми стильді дұрыс қолданып, хабарландыру жазады.
Сабақ барысы: Сабақтың тақырыбы мен бағалау критерийін таныстыру.
«Сөздік пазл» арқылы өткен сабақта қолданған тірек сөздерді еске түсіру, сөйлем құрау арқылы қолдану.
Мәтін алды тапсырма
Берілген сөздерді бір-бірімен байланыстыра отырып, 3 сөйлем құрастырыңыз.
Іс қағаздары, ресми құжат, талап, ықшам, ресми қатынастар, қызмет.
ЖЖ
Мәтінмен танысып, жұбыңызбен талқылаңыз.
Оқылым мәтіні
Ресми стиль - ресми қатынастар аясында қызмет ететін стильдің бірі. Ресми құжаттар мен іс қағаздарының стилі деп те аталады.
Ресми стильге тілдік тұрғыдан төмендегідей талаптар қойылады:
- дәлдігі немесе бір мағыналылығы;
- айқындық немесе жүйелілік;
- логикалық, яғни қайшылықтың болмауы, дәлелділігі;
- баяндаудың ықшамдылығы, артық сөздің болмауы.
1-тапсырма: Хабарландыруға тән талаптарды санамалап жазыңыздар.
(Топтар бір-бірінің жұмыстарына көз жүгіртіп, әр жұмыстағы айырмашылықты анықтайды, сыныпқа хабарландыру бойынша ортақ талап дайындайды.)
Кері байланыс
- Дайындаған талаптарыңыз ресми стильге тән талаптарға сәйкес келе ме?
- Қай тұстары сәйкес? Неліктен?
2-тапсырма: Мектепте 3-сынып оқушылары үшін «Компьютерлік сауаттылық» үйірмесі ашылмақ. Оқушыларды сол үйірмеге шақырып, хабарландыру жазыңыз.
Бағалау. «Жұбыңды бағала»
Оқушылар топ ішінде өз жұбының жұмысын бағалау критерийі арқылы бағалайды.
Бағалау критерийі
Хабарландыру жазуда ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолданады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 348



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?