Астана – тәуелсіздік символы (5 сынып, III тоқсан, 2 бөлім )

 Астана – тәуелсіздік символы (5 сынып, III тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің - Тәуелсіз Қазақстаным.
Сабақтың тақырыбы: Астана – тәуелсіздік символы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: А2. Сөз мәнері мен сөйлеу этикеті
ТБ1. Сөз таптары
Сабақ мақсаты: Қазақша ұлттық этикет формаларын пайдалану.
Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу және ауызша жұмыстарда орынды қолдану.
Сабақ барысы:Қызығушылықты ояту
1. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
2. Ой сергіту.
Жұлдыздың суреті таратылып беріледі. Жұлдыздың қырларына өз бойында бар 5 жақсы қасиетін жазады. Әркімнің отырған орнына барып, жұлдыздарын көріп, келісетін болса+, келіспесе – қойып кетеді. Мақсаты: Оқушының өзіндік бағасын көтеру.
3. Жаңа тақырып, оқу мақсаттары, жетістік критерийлерімен таныстыру.
4. Топқа бөлу. Кәмпит түстеріне байланысты 2 топқа топтасады.
Назарын шоғырландыру
«Астана» сөзін есіткенде сіздердің көз алдарыңызда қандай ассоциациялар келеді, не елестейді. Оқушылар екі минут ішінде ойларына келген ассоциацияларын жазып шығады. Ж.
Өз ассоциацияларымен бөліскісі келген оқушалардан сұралады. Оқушылардың жұмыстарын тыңдап болған соң, Астана жайлы ақындардың да өз ассоциациялары бар екендігін айта отырып:
1-тапсырма. Топтарға ақын С.Қалиұлының «Астана – символдар қаласы» өлеңінің реттілігі өзгертіліп таратылады.
«Астанадан тарайды нұрдың бәрі, Араласаң – асылдың нелер кені, Символдарда. Астана – бұлбұл бағы. Елестейді осында – ел ертеңі. Оқығандай боласың том-том кітап, Қадам бассаң, қарсы алар символдары. Тарихың да, салт-дәстүр, өнерің де – Ұшан-теңіз білімге кенелтеді».
1. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын талдайды.
2. Топтар өлеңнің логикалық бірізділігін ескере отырып реттілікті қайта қалпына келтіреді. Өз нұсқаларын ұсынады. Неліктен осындай реттілікті таңдағандарын дәлелдейді.
Мұғалім тақтада өлеңнің дұрыс реттілігін көрсетеді. Оқушылар өздерінің жұмыстарымен салыстырады.
Бағалау критерийі Дескриптор
Қазақша ұлттық этикет формаларын пайдалану. Өз пікірін негіздейді
Ұлттық этикет формаларын сақтайды.
Сөз мағынасын түсінеді.
Әрбір топтан бір оқушы: «Астана – символдар қаласы» өленің мәнерлеп оқиды.
Миға шабуыл:
• Автор өлеңінде Астананы немен салыстырады?
• Ел ертеңі деген сөз тіркесін қалай түсінесіздер?......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 976



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?