Саяхат Демалыс туралы әңгімелерді оқу (1-сабақ) (2 сынып, IV тоқсан )

 Саяхат Демалыс туралы әңгімелерді оқу (1-сабақ) (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат
Сабақ тақырыбы: Саяхат Демалыс туралы әңгімелерді оқу (1-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)О2 Қарапайым әңгімені (оқиғаны) түсініп оқиды.
А 1 Өз ойларын бейнелі сөздерді пайдалана отырып жеткізеді.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
• Мұғалімнің көмегімен мәтінді түсініп, өз ойын жеткізе алады.
Оқушылардың көпшілігі:
• Қарапайым әңгімені (оқиғаны) түсініп оқиды.
• Өз ойларын бейнелі сөздерді пайдалана отырып жеткізеді.
Кейбір оқушылар:
• Мәтінді толықтай түсініп, бейнелі сөздермен жүйелі сөйлей алады.
Сабақ барысы:(Ұ) Қызығушылықты ояту.
"Сөздер тізбегі" ойыны.
Мұғалім бір сөзді айтады, келесі оқушы тағы бір сөз қосады. Осылайша әр оқушы мағынасына қарай бір сөзден қосып, тұтас сөйлем шығарады.
Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
(МК) "Суретті әңгіме".Суретер мен тірек сөздерге сүйене отырып, «Саяхатшы бақа» ертегісімен танысады.
Сергіту сәті. Бейнематериалдағы қимылдарды қайталау.
(Ж) "Ролдік оқу" Оқушылар жұптасып ертегіні ролдерге бөлініп бір-біріне оқиды.
Ертеде бiр бақа болыпты. Ол батпақта өмір сүрді. Бiр күнi ол өзен жағасында отырды. Бiр кезде жағаға үйректер қонды.
– Жол алыс, – дедi бiр үйрек. – Тез тамақ жеңдер, сосын ұшамыз. Бұны бақа естiдi.
– Кешiрiңiз, қайда ұшасыздар? – дедi бақа.
– Оңтүстiкке ұшамыз, – дедi бiр үйрек.
– Оңтүстiк жылы ма?
– Иә, жылы.
– Онда маса көп пе?
– Иә, көп, – дедi үйрек.
– Онда менi ала кетiңдер.
– Сенiң қанатың жоқ, қалай ұшасың?
– Бiлмеймiн, бiрақ тұра тұрыңдар, мен ойланайын, – дедi бақа. Бақа бiраз ойланды, сосын:
– Таптым, таптым, – деп айқайлады. – Екi үйрек таяқтың екi ұшынан тiстейдi, мен ортасынан тiстеймiн. Бiрақ сендер қаңқылдамаңдар, мен бақылдамаймын.
– Жарайды, – дедi үйрек. Сөйтiп олар ұшты. Екi жақта екi үйрек, ортасында бақа. Бұны балалар көрдi.
– Бақаны қараңдар, бақаны қараңдар! – деп айқайлады балалар. – Қызық-ай, бақа ұшып бара жатыр. Бақа мақтанды.
– Бұны мен ойлап таптым, мен, – дегенде бақа құлады.
(Ө,Қ) «Шеңбердегі әңгіме»
Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберге тұрып, ертегіні кезектесе мазмұндайды. Мұғалім белгі бергенде сыртқы шеңбер айналады. Осылайша ауысып, бірнеше рет мазмұндай алады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 950



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?