Жаз мезгілі туралы оқу (2 сынып, IV тоқсан )

 Жаз мезгілі туралы оқу (2 сынып, IV тоқсан )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Табиғат және қоршаған орта»
Сабақтың тақырыбы: Жаз мезгілі туралы оқу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.1.5.1 Әңгіме және тыңдау/көру материалындағы оқиғалардың мәнін сипаттай отырып түсінеді
Сабақтың мақсаттары: Барлығы: тақырыпқа қатысты сөздердің мағынасын түсінеді, сұрақтарға жауап береді
Көбі: оқыған әңгімедегі кейіпкерлерді, оқиғаны сипаттай алады алады, кейіпкерге сұрақ қояды
Кейбірі: қоршаған ортаны қорғау туралы ой айтады, әңгімеге қатысты пікірін айтады.
Сабақ барысы: Шеңберге тұрып, көктем туралы бір-бір сөйлем айтады.
Сабақтың мақсатымен таныстыру
Әңгімедегі оқиғаны, кейіпкерлерді сипаттай аламын.
(МК, Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту, сөйлемде қолданылуына мысал келтіру.
Жаздың шуақты күні орманға бардық.
шуақты күн көбелек ұстаймын суға шомыламын
жидек теремін күн ыстық аспан ашық
табиғат құлпырады күннен қорғайтын көзілдірік
Сергіту сәті
(Ұ) Бірлесіп оқу. Мәтіндегі сөздердің мағынасын ым-ишара арқылы, синоним сөздер арқылы түсіндіру.
Қайыңның көз жасы
Тамыз айы. Тал түс. Күн күйіп тұр. Бс жасар Қапан есік алдына шығып, аз-кем ойланып тұрды. Анау ауыл шетіндегі көлде шомылып жүрген балаларға қарады. Өзі де сонда барғысы келді. Бірақ көлге жаяу барғысы келмей, аулада өсіп тұрған жас қайыңның бұтағын сындырып алды. Дереу «ат» қып мінді де, достарына қарай шаба жөнелді. Бұл оқиғаны көрші атай көріп отырған еді.
Кешке Қапан қайыңның бұтағынан су тамшылап тұрғанын байқады. Оған қайта-қайта таңдана қарады. Осы кезде қасына көрші атай келді.
Қапан оған:
- Ата, айтыңызшы. Бұдан неге су ағып тұр?- деп сұрады.
- Су емес. Бұл қайыңның көз жасы. Біреу бұтағын сындырған екен, соған жылап тұр. Айтайын десе, тілі жоқ. Табиғатта бәрінің де жаны бар, жүрегі бар. Олар адамдардан аялы алақан, күтім тілейді. Ал, адамдардың жасайтыны осы...
Қапан қатты ұялды. Басы салбырап тұрып қалды. «Енді сындырмаймын, ата!» деген сөзді ішінен қайталай берді.
Төмендегі сұрақтарды қою:
 Әңгіменің басты кейіпкері кім?
 Қандай оқиға болды?
 Қапан қандай адам? Сипаттама бер.
 Қапан неге ұялды?
 Қайыңның көз жасы деген тіркесті не үшін қолданды? Не айтқысы келді?
 Әңгімедегідей оқиғалар өмірде болады ма?
 Егер осындай әрекетті сенің досың жасаған болса, сен не істер едің?
 Адамдар қоршаған ортаны қалай қорғай алады?
 Әңгімеден не түсіндің?
(Ұ, Қ) «Ыстық орындық»
Бас кейіпкер Қапанға сұрақтар қою.
Үлгі:
Қапан, сен қайда барғың келді?
Сен ағашты неге сындырдың?
Атаның сөзінен кейін сен әрекетіңе ұялдың ба?
Енді ағашты сындырасың ба?....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 215



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?