Төрт мезгіл туралы оқу (2-сабақ) (2 сынып, IV тоқсан )

 Төрт мезгіл туралы оқу (2-сабақ) (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі (Т2)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған орта
Сабақ тақырыбы:Төрт мезгіл туралы оқу (2-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.3.4.1 мәтін мазмұны немесе иллюстрация/ постер бойынша қарапайым сұрақтар құрастыру және оған толық жауап беру
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мәтін мазмұны бойынша қарапайым сұрақтар құрастырады және оған мұғалімнің көмегімен жауап береді.
Көптеген оқушылар: мәтін мазмұны бойынша қарапайым сұрақтар құрастырады және оған толық жауап береді.
Кейбір оқушылар: мәтін мазмұны бойынша күрделі сұрақтар құрастырады және оған еркін, толық жауап береді.
Сабақ барысы:(Ұ) Қызығушылықты ояту. «Қадамдар»
Оқушылар көктем туралы сөйлемдер / сөздер айтып жарысады. Бір сөйлем / сөз – бір қадам.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
(Ж) Сөз сыры. Оқушылар берілген сөздерді пайдаланып, сурет бойынша сөйлемдер құрастырып айтады. Жаңа сөздердің мағынасын таниды.
Тапсырманың мақсаты – оқушылардың айтылым дағдысын дамыту, сөздік қорларын жаңа сөздермен байыту.
• күн ыстық
• күндер ұзақ
• түндер қысқа
• жылы жаңбыр
• демалады
• шомылады
(Ж) «Оқы, біл». Оқушылар берілген мәтінді оқып, сұрақтарға жауап жазады. Жазғандарын шағын топтарда тексеріп, ортаға бір жауапты ұсынады.
Тапсырманың мақсаты – оқушылардың оқылым дағдысын дамыту, жаңа сөздер мен сөз орамдарын сөйлеу барысында қолдануға үйрету.
Жазда күн ыстық болады. Жаз айлары – маусым, шілде, тамыз. Шілде – ең ыстық ай. Жазда күндер ұзақ болады, ал түндер қысқа болады. Жазда жылы жаңбыр жауады. Жазда балалар демалады, көлде шомылады.
Мәтін не туралы?
Ең ыстық ай қайсы?
Жазда не болады?
Жазда балалар не істейді?
Кері байланыс. «Полюстер» арқылы жұмысына кері байланыс жасайды.
• Мен мәтінді түсіндім.
• Мен сұрақтарға дұрыс жауап бердім.
(Ж) «Сұрақтар мен жауаптар» Оқушылар мәтін негізінде берілген сұрау есімдіктері бойынша жұпта сұрақтар құрастырып жазады. Сұрақтарын бір-біріне қойып, жауап береді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 680



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?