Ертегілер оқу -4 (2 сынып, III тоқсан )

 Ертегілер оқу -4 (2 сынып, III тоқсан )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақтың тақырыбы:Ертегілер оқу -4
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.2.4.1 Мәселеден хабардар екенін көрсете отырып, нақты тақырып бойынша қысқа диалогке қатысады
Сабақтың мақсаттары:Барлығы: ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарға нақты жауап береді
Көбі: ертегінің мазмұны бойынша диалог құрай алады.
Кейбірі: өзі оқыған ертегінің мазмұнын айтып бере алады.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбер
Сабақтың мақсатымен таныстыру
Оқыған ертегінің мазмұны бойынша қысқа диалогке қатысамын.
(Ө, Қ) Көп нүктенің орнына қажетті сөзді жаз.
Бір күні Алдар көсе ...................... барады. Базарда адам көп екен. Бір кезде .............. сатып тұрған әжені көреді.
Әже: « ............... ....................» -деп ақырын айтып тұрады. Ол кемпірге: «Әжей, осылай сатады ма екен? Мен сатып берейін», -дейді. Әжей келіседі. Содан соң ортаға шығып: «Мынау бір ..................... ........................, Қытай патшасының сүйікті тауығы. Оны сатуға болмайды, тек бағалы затқа ........................... » -дейді Алдар көсе. Бір кезде тауық іздеп жүрген адам табылды. Ол адам: «Тауығыңның орнына не сұрайсың?» -дейді. Алдар: « ................. сұраймын» -дейді. Екеуі айырбастайды.
Сергіту сәті
(Ж, Қ) Ертегінің мазмұны бойынша диалог құру.
Үлгі:
- Алдар көсе қайда барды?
- Алдар көсе базарға барды.
- Базарда ол кімді көрді?
- Базарда ол тауық сатып тұрған әжейді көрді.
(Т) Рөлдік ойын. Алдар көсе. Ерекше тауық. (ертегі кейіпкерлері мен қажетті заттарды қолданады)
Оқушылардың төмендегідей дағдыларын бағалау:
• тақырыпты ашатындай сөздерді қолданып, ойларын түсіндіру;
• анық сөйлеу;
• қызығушылықпен тыңдау және түсіну;
Топтар бір-бірін бағалайды.
(МК, Ұ) Зат есімнің жекеше және көпше түрін қайталау.
 Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: ата, құс, түйе.
 Кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз: аталар, құстар, түйелер.
(Ө, Қ) Оқыған мәтіннен зат есімдерді анықтап, оларды көпше түрде жазу.
Үлгі: тауық – тауықтар, адам-адамдар
Дифференциация:
қабылдау деңгейі жоғары оқушылар өздігінен сұрақтар құрастырады, сұрақтарға жауап береді;
қабылдау деңгейі орташа оқушылар ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 745



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?