Қазақстан табиғаты Ақпарат іздеу №2 (2 сынып, II тоқсан )

 Қазақстан табиғаты Ақпарат іздеу №2 (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Туған өлкем»
Сабақ тақырыбы:Қазақстан табиғаты Ақпарат іздеу №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)3.5 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу
2.3.5.1 мұғалімнің көмегімен сөздік, анықтамалықтардан қажетті ақпаратты жинақтау және қажетті ақпаратты іріктеп алу
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: Мұғалімнің көмегімен сөздік, анықтамалықтардан қажетті ақпаратты жинақтайды.
Көптеген оқушылар: мұғалімнің көмегімен сөздік, анықтамалықтардан қажетті ақпаратты жинақтайды және қажетті ақпаратты іріктеп алады.
Кейбір оқушылар: Өз бетінше сөздік, анықтамалықтардан қажетті ақпаратты жинақтайды және қажетті ақпаратты іріктеп алады.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбері
(МК,Ө) «Ортақ портрет» әдісі бойынша Қазақстанның әр аймағына сипаттама береді.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Қазақстан табиғаты. Ақпарат іздеу.№2
-Сабағымыздың мақсаты:
• Сөздік, анықтамалықтардан қажетті ақпаратты жинақтайды және қажетті ақпаратты іріктеп алады.
(Т) Оқушыларды екі топқа бөліп бір топқа мәтін беріледі. Екінші топқа суреттер беріледі.
Топтар берілген материалмен танысып, топта талдап өз білгендерімен басқа топты таныстырады.
1-топ тапсырмасы. Мәтінті мұқият оқып, екінші топқа мазмұнын жеткізу. Кейбір әрекеттерге баға беріп кету.
Жексенбіде орманда
Жексенбі күні достарымызбен орманға саяхатқа бардық. Орман іші өте әдемі екен. Біз демалатын жақсы жер іздедік. Жолдағы саңырауқұлақтардың бірін жинап алдық. Қалғанын таяқпен ұрып, сындырып тастадық. Біраз жүрген соң өзен жағасындағы ашық алаңқайға жеттік. Сол жерде демалдық. Музыка қойып биледік. Қыздар гүл терді. Біз ағаш бұтақтарынан қылыш жасап алдық. Тамақтанып алып, ары қарай кеттік. Кетер кезде Нұрлан қоқыстарды отқа қарай лақтырып тастады. Жолда бір құстың ұясын көрдік. Ұядағы жұмыртқаларды ұстап көрдік те, қайтадан орнына салып қойдық. Әмірхан кішкентай кірпіні ұстап алды. Оны өзімізбен бірге алып кеттік.
Кешке қарай құшақ толы гүлдерімізбен үйге қайттық. Саяхатымыз өте көңілді өтті.
2- топ тапсырмасы. Суреттерді сөйлету.
(Ұ) Оқушылар бір-бірінің жинаған ақпараттарын талдайды және бағалайды.
Мұғалім оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды:
• Қазақстанның табиғатына қатысты ақпараттарды сипаттауын;
• өзара бір-бірінің ақпараттарын талдауын.
СЕГІТУ СӘТІ
Дифференциация:
қабылдау деңгейі жоғары оқушылар Қазақстанның табиғатына қатысты ақпараттарды сипаттайды;
қабылдау деңгейі орташа оқушылар Қазақстанның табиғатына қатысты ақпараттарды жинайды. Тірек сөздерді пайдалана отырып, табиғат туралы екі-үш сөйлем айтады
Үйге тарпсырма: Қазақстанның табиғатына қатысты ақпарат ізеп, 5 сөйлемді дәптеріне жазады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 116



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?