Дені саудың – жаны сау «Менің денем» - (идеяларды есте сақтау) (2-сабақ) (1 сынып, 8 бөлім )

 Дені саудың – жаны сау «Менің денем» - (идеяларды есте сақтау) (2-сабақ) (1 сынып, 8 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8
Сабақ тақырыбы:Дені саудың – жаны сау «Менің денем» - (идеяларды есте сақтау) (2-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)Т5 Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Мұғалімнің көмегімен тыңдаған мәтінді түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі:
Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді.
Кейбір оқушылар:
Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді, еркін қолдана алады.
Сабақ барысы: (МК) «Көңілді шеңбер».
Шеңберге тұрып, мұғаліммен бірлесе тақпақты айтады, қимылдар жасайды.
Аяқпенен топ – топ – топ,
Алақанмен хлоп – хлоп – хлоп.
Бір оңға, бір солға,
Айналайық кел мұнда.
Қолымызды бір сілтеп,
Басымызды шайқайық.
Бір оңға, бір солға
Ойнайықшы кел мұнда.
Секіреміз жоғары,
Қиын емес секіру.
Бір оңға, бір солға
Секірейік кел мұнда.
Бір оңға, бір солға
Секірейік кел мұнда.
(Ұ) «Пантомима». Оқушылар сурет бойынша дене мүшелерінің қызметін қимылмен көрсетеді. Келесі оқушы көрсеткенді сөзбен айтады.
(Ж) «Дұрыс-бұрыс» ойыны. Оқушылар 2 топқа бөлініп, дене мүшелері мен олардың қызметі бойынша дұрыс және бұрыс сөйлемдер айтады. Келесі топ олардың дұрыс/бұрыстығын анықтайды.
Үлгі: адам көзбен естиді (бұрыс).....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 717



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?