Менің денем-ақпараттық постерлер (1 сынып, 8 бөлім )

 Менің денем-ақпараттық постерлер (1 сынып, 8 бөлім )

САБАҚ: Қазақ тілі
ТАҚЫРЫБЫ: Менің денем-ақпараттық постерлер
ОҚУ МАҚСАТЫ: А4 Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.
Ж1 Білетін әріптерді пайдалана отырып сөздер жазады.
О1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Барлық оқушылар жасай алады:
• Өмірдегі күнделікті сөздерді түсінеді, қолдана алады. Дене мүшелерін дұрыс айта алады.
• Тақырыпқа қатысты сөздерді буынға бөліп оқиды және мағынасын ажырата алады.
Оқушылардың көбі жасай алады:
• Өз дене мүшесінің аттарын айта алады. Әріптерді пайдалана отырып, дене мүшелерін жаза алады.
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
• «Менің денем» тақырыбына қатысты сұрақтар қоя алады.
Сабақ барысы: Балалармен сәлемдесу.
Оқушылар Ертеңгілік шеңберіне тұрып:
«Бір үйде біз нешеуміз?» атты сергіту сәтінен сабақты бастайды.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бас бармағым-әкем
Балан үйрек-анам
Ортан терек-ағам
Кішкене бөбек-інім
Шылдыр шүмек-мен
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.
Бүгінгі сабақта біз топтарға бөлініп, дене мүшелері тақырыбына ақпараттық постерді ермексаздан жасаймыз. Ең алдымен топтарға бөлінеміз. Оқушылар суреттерден (құлақ, көз, ауыз) кесілген бөліктерін таңдап алады. Суретті жинақтау арқылы топтарға бөлінеді.
Топтық жұмыс.
Топтық жұмысты орындамас бұрын оқушылар таныстырылымнан адамның дене мүшелерін қарап оқып, айтады.
(Т)1-топ «құлақ» суретінің бөліктерін жинақтап, ермексаздан адамның бас мүшелерін жасайды.
2-топ «көз» суретінің бөліктерін жинақтап, ермексаздан адамның денесін, оң қол мен сол қолын, саусақтарын жасайды.
3-топ «ауыз» суретінің бөліктерін жинақтап, ермексаздан адамның оң аяқ, пен сол аяғын жасайды.
Барлық топтар ермексаздан жасаған дене мүшелерін айта отырып, бір плакатқа жабыстырады, яғни ақпараттық постер жасайды.
(біреуі басын, біреуі денесін, біреуі қолын, біреуі саусақтарын, біреуі аяқтарын, біреуі шашын, біреуі көзін, біреуі қасын, біреуі кірпігін, біреуі мұрнын, біреуі аузын, біреуі құлағын, біреуі мойнын) .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 680



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?