Ертегі кейіпкерлері №1 (1 сынып, 6 бөлім )

 Ертегі кейіпкерлері №1 (1 сынып, 6 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Салт дәстүр және ауыз әдебиеті
Сабақтың тақырыбы:Ертегі кейіпкерлері №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
2.4 Диалогке қатысу
1.2.4.1 Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.
3.1 Зейін қойып оқу.
1.3.1.1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.
3.5 Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу.
1.3.5.1 Үлкендердің көмегі арқылы ақпараттарды таңдайды.
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.
Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды. Үлкендердің көмегі арқылы ақпараттарды таңдайды.
Көбі: Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.Үлкендердің көмегі арқылы ақпараттарды таңдайды және сұрақтарға жауап береді.
Кейбірі: Өз пікірін айту арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды, сөздердің мағынасын түсінеді және сөйлемде қолдана алады. Үлкендердің көмегі арқылы ақпараттарды таңдайды және талқылайды.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбері
(Ұ) Оқушыларға кітаптан, фильмнен түрлі ертегі кейіпкерлерін көрсету және олардан кім екенін табуды сұрау. Орыс және қазақ тіліндегі ертегі кейіпкерлерінің атын көрнекі жерге жазып қою.
(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.
(Ө) Оқушылар ертегі кейіпкерлерінің суретін салады және әр кейіпкердің астына аттарын жазып қояды.
(Т,қ) «Бағытталған оқу» әдісін «Алдар көсенің сиқырлы тоны» ертегісі бойынша жүргізу.
Сұрақтар:
• Кітап не туралы?
• Кейіпкерлерді таныдың ба?
• Қай сурет ұнады?
• Қай сөздер сендерге таныс? Маған көрсетіңдер…Бұл нені білдіреді?
• Кітапты ұнатасың ба? Неге?
Оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалау:
• кейіпкерлерді тану;
• мәтін бойынша қарапайым сұрақтарға жауап беру;
• мәтін туралы басқа оқушылардың айтқандарын тыңдау;
• жаңа сөздерді қолдану.
СЕРГІТУ СӘТІ.
"Қызыл гүлім - ай"
(Қ) Оқушыларға ертегіні/суреттер ұсыну. Оқушылар тапсырманы жұпта орындайды. Оқушыларға «Ертегі не туралы? Сен қай сөздерді танып, оқи аласың? Ол қандай мағынаны білдіреді?» т.б. сұрақтар қоя отырып, олардың қажетті ақпаратты қарастыруына көмектесу немесе нұсқау беру. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 244



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?