Ол – ұқыпты оқушы № 4 (3 сынып, I тоқсан, 2бөлім)

 Ол – ұқыпты оқушы № 4 (3 сынып, I тоқсан, 2бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Ол – ұқыпты оқушы № 4
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
3.1.2.1* баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну.
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
3.4.1.1* тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру.
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Тыңдаған мәтіндегі сөздер мен сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, мұғалімнің көмегімен мәтін құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі:
Шағын мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын ажыратады, тірек сөздерді, сызбаларды қолданып мәтін құрастырады.
Оқушылардың кейбірі:
Оқыған мәтіннің негізгі ойын түсінеді, мәтін құрастыруда тірек сөздерді орынды қолданады, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбер: «Әдепті бала»
Оқушылар өткен сабақты естеріне түсіріп, кезекпен сөйлемді жалғастырады «Мен әдепті баламын, себебі...». Жауаптары: үлкендерді сыйлаймын, құрметтеймін, сәлемдесемін, т.б.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
- шағын мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын түсінемін;
- тірек сөздер арқылы мәтін құрастырамын
(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту: ұқыпты, өз, кешік.
1. Осы сөздердің мағыналарын сурет арқылы, анықтама беру арқылы меңгерту
Ұқыпты – құралдарын, киімдерін таза ұстайтын тәртіпті бала
Өз - өз үйі, өз мектебі, өзі жинайды, өзі жазады
Кешігу - сабаққа кешігу, қалып келу
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;
- дұрыс айтуға дағдыланады: ұқыпты – ұқұптұ, кешігу кешігүу
3. Сөйлемдер құрастыру.
Ақжан – ұқыпты оқушы. Бүгін Айдар сабаққа кешікті. Мен өз бөлмемді жинадым.
5. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады.
Тыңдалым.
Тыңдалымалды тапсырмасы:
- Балалар, мына суретке қарап, айтыңдаршы қандай балаларды көріп тұрмыз? 3-4 баланың жауабы тыңдалады, жауаптарын дәлелдейді. Таныс емес сөздерге түсініктеме беріледі.
Ұқыпты/ұқыпсыз бала
(Ө) Тыңдалым тапсырмасы
Мәтінді екі рет тыңдайды.
Әлібек - ұқыпты бала. Ол сабаққа кешікпейді. Әлібектің кітап, дәптерлері таза. Өз бөлмесін жинайды. Киімдерін бүктейді, кітаптарын сөреге реттеп қояды. Жалқаубек – ұқыпсыз бала. Ол үнемі сабаққа кешігеді. Кітап, дәптерлері жыртық, лас.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
• Әлібек – қандай бала?
• Оның кітап, дәптерлері қандай?
• Ол өз бөлмесін жинайды ма?
• Киімдері мен кітаптарын қалай жинайды?
• Анасы Әлібекке неліктен риза болды?
Жауап беріп болған соң, мұғалім оқыған дұрыс нұсқаумен тексереді. Өз-өздерін бағалайды.
• Мен өте жақсы түсіндім.(5 балл)
• Мен жақсы түсіндім.(4 балл)
• Мен орташа түсіндім.(3 балл)
• Мен дұрыс түсінген жоқпын.(2 балл)
• Мен мүлдем түсінген жоқпын.(0-1 балл)
(Ө) Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
Берілген сөйлемдерге «иә»() немесе «жоқ»(×) деп жауап береді.
Әлібек – ұқыпты бала
Ол сабаққа кешігеді
Киімдерін бүктейді
Кітаптарын сөреге реттеп қояды
Өз бөлмесін жинамайды
Жалқаубек – ұқыпты бала.
Ол үнемі сабаққа кешікпейді.
Кітаптары жыртық, лас.
Дескриптор:
- мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемдерді анықтайды;
- мәтін мазмұнына сәйкес емес сөйлемдерді анықтайды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 976



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?