Жалқау болмаймын №3 (3 сынып, I тоқсан, 2 бөлім)

 Жалқау болмаймын №3 (3 сынып, I тоқсан, 2 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Жалқау болмаймын №3
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну
3.1.1.1* анық айтылған сөзді тыңдап, түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындау
4.2 Тыңдаған/ оқыған/көрген материалдың мазмұнын жазу
3.4.2.1* оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Сөздерді тыңдап, түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындайды, аудио материалдың мазмұнын мұғалімнің көмегімен жазады.
Оқушылардың көпшілігі:
Сөздер мен сөйлемдердің мағынасына сәйкес нұсқауларды орындайды, аудио материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазады.
Оқушылардың кейбірі:
Тыңдаған мәтін бойынша нұсқауларды өз бетінше орындайды, аудио материалдың мазмұнын жазуда каллиграфиялық нормаларды сақтайды.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбер: «Жылы жүрек!»
Оқушылар шеңбер құрып, тұрады. Бір-бірімен амандасып, жақсы қасиеттерін айтады.
- Сәлеметсің бе, Ақниет, сен сүйкімдісің.
- Сәлеметсің бе, Дастан, сен қайырымдысың.
- Сәлеметсің бе, Жаннұр, сен ақылдысың.
- Сәлеметсің бе, Нұржан, сен мейірімдісің.
Үй жұмысын тексеру:
Оқушылар пазл әдісімен 2 топқа бөлінеді. «Мың бір мақал» сайысы жүргізіледі. Оқушылар өз мақал-мәтелдерін айтып, жарысады. Мағынасын ашуға тырысады.
☺ Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
☺ Жақсылыққа ұмтыл, жамандықты ұмыт.
☺ Жақсы болсаң - озарсың, жаман болсаң - азарсың.
☺ Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бала.
☺Жақсыға ерсең, жетерсің мұратқа,
жаманға ерсең, қаларсың ұятқа.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
- сөздерді тыңдап, қарапайым нұсқауларды орындаймын;
- аудио материалдың мазмұнын жазамын.
(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту: жалқау, бөліс, өз.
1. Осы сөздердің мағыналарын синонимдері, антонимдері, суреттері арқылы меңгерту
Жалқау – еріншек. Жалқау бала, жалқау мысық. Жалқау болма.
Мен жалқау емес+пін, сен жалқау емес+сің, сіз жалқау емес+сіз, ол жалқау емес
Бөлісу – үлесу. Ойыншығымен бөліседі, ойымен бөліседі.
Мен бөлісе+мін, сен бөлісе+сің, сіз бөлісе+сіз, ол бөлісе+ді.
Өз – мен өзім, өзіме бер, өзім ойнаймын.
Мен өзі+м, сен өзі+ң, сіз өзі+ңіз, ол өзі.
Әрқашан – үнемі. Әрқашан бірге.
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;
3. Сөйлемдер құрастыру.
Жалқау түске дейін ұйықтайды. Мен ойыншығыммен бөлісемін. Мен өзім киінемін.
5. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады.
Тыңдалым алды тапсырмасы.
(Ұ) Оқушылар суреттер арқылы мәтіннің мазмұнын болжайды.
Таныс емес сөздермен жұмыс жүргізіледі: қонаққа келеді, шашылып жатыр, жиналмаған, лас, алдымен жина, денсаулық кепілі.
Тыңдалым кезіндегі тапсырма.
(Ұ) Мәтінді мұқият екі рет тыңдайды.
Берік пен Арман достар. Олар әрқашан бірге ойнайды. Ойыншықтарымен бөліседі.
Бір күні Арман Берікке қонаққа келеді. Беріктің бөлмесінде ойыншықтары, киімдері шашылып жатыр екен. Төсегі жиналмаған. Бөлмесі лас.
Арман:
– Берік, бөлмеңді неге жинамайсың? – деді.
Берік:
– Кейін жинаймын, жүр ойнайық, – деді.
– Жоқ, алдымен бөлмеңді жина. Жалқау болма. Тазалық – денсаулық кепілі! – деді Арман.
Берік Арманның сөзіне ойланды. Өз бөлмесін жинады.
(Ұ) Сұрақтарға жауап береді.
Мәтіндегі негізгі кейіпкерлер кімдер?
Неліктен Арман Берікпен ойнағысы келмеді?
Берік қандай бала деп ойлайсыңдар? Неге?
Кері байланыс: оқушылар «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды, мұғалім мадақтау сөздерін айтады.
(Ө) Тыңдаған мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін суреттерді таңдайды.
(Ж) Жұптар бір–біріне таңдап алған суреттерін сипаттап айтады.
Дескриптор:
 мәтіннің мазмұнына сәйкес суреттерді таңдайды;
 жұбына бір суретті сипаттайды.
(Ө) «Иә/жоқ» әдісі бойынша ұсынылған сөйлемдерді белгілейді, сөйлемдердің дұрыс/бұрыстығын анықтайды, дәлелдеп айтады.
Сөйлемдер Иә + Жоқ -
Берік пен Арман достар.
Олар ойыншықтарымен бөліспейді.
Арман Берікке қонаққа келеді.
Беріктің бөлмесі таза екен.
Арман: «Бөлмеңді неге жинамайсың?» – деді.
Берік өз бөлмесін жинады.
Кері байланыс. Оқушылар өз жауаптарын тақтадағы дұрыс жауаппен сәйкестендіріп, смайликтер арқылы бағалайды.
- тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ
- тапсырманы орындауда қателерім болды
- тапсырманы орындау маған қиын болды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 173



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?