республика күні қмж
Мектеп атауы
Тақырыбы:
«Менің Қазақстаным менің болашағым»
25 қазан Республика күні
9-11 сынып
Өткізген:
2024-2025 оқу жылы
Қысқа мерзімді (тәрбие ) жоспары
“Қазақстан Республикам менің» 25 қазан Республика күніне арналған
(Іс шара тақырыбы)
Бөлім: | ||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | ||
Күні: 25.10.2024 ж | ||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Іс шараның тақырыбы | “Менің Қазақстаным менің болашағым» | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі — туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту. | |
Іс шараның мақсаты | Туған еліне деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу. |
Іс шараның барысы
Іс шараның кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдас тыру кезеңі Сабақ басы | Адам шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін – Отан дейді. Әрбір адамда Отанға, туған жерге деген ыстық сезім, үлкен махаббат болады. Алысқа жолаушылап кетіп, туған жеріне оралған сәтте тауы да, тасы да саған ыстық болып тұрады. Адамзаттың парызы — туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. Ұлы ағартушы, халқымыздың рухани көсемі А. Байтұрсынов: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан өссін»деген екен. Біз сіздерге тек перзентіміз емес, еліміздің ертеңі, нұрлы болашағы деп қараймыз. Мұхаммед Пайғамбарымыз «Жастық шақта алған білім — тасқа ойылған нақыш» деген екен. Ендеше сендер бала кезден бастап терең білім меңгеруге тиіссіңдер. Туған еліміздің биікке ұшар сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болыңдар дегім келеді. | Оқушыларды 3 - топқа бөлу. Әр қатарға қиылған қағазды тарату. Шыққан суреттен әр топтың аты шығады. (Мозайка)1 - топ: Туған жер2 - топ: Отан3 - топ: Атамекен(Өлең, мақал - мәтел айтқан топқа текшеден беріп отырамын. Көп текше жинаған топ жеңіске жетеді.)Тақтада ілінген плакатқа назар аудару. Дұрыс жауап берген топ өзінің қоржынына ұпай жинайды.20 – ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды?20 – Еліміздің бас қаласы20 – ҚР президенті50 – ҚР туының авторы50 – ҚР елтаңбасының авторлары50 – Әнұранымыздың авторлары100 – Еліміздің көрікті жерлері100 – Отан туралы өлең айт100 – Отан туралы ән шырқа | Накал сөздер | |
Ортасы | Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі құдыретті. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі – тіл. Қазақ тілі – атадан балаға мирас болып қалған қасиетті мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға тиіс. | Қымбат маған анам тілі, бал тілімҚымбат маған дана тілім, ар тілімАқ сүтімен бірге сеңген бойымаАна тілім ардақ тұтар алтыным.Ана тілін жырлап өткен талайларЖырлап өткен Ыбырай мен абайларҚасиетті менің ана тілімдеӨшпес мәңгі алаулаған арай бар.Ана тілім бәрін сөйлер шежіремТілсіз нені білдіре алам не білемТілім барда ғана мынау ғаламныңКілтін табар саналысы сезінемӨлең жырмен арайланса таң күліпАрдақтымды жырлап өтем мәңгілік Мағжан, Қасым, Мұқағали жырларынЖалғастырып жаза берем мәңгілік | Ән «Айналдым ана тілімнен» | |
Соңы | 1.Оқушылар салған суреттерi бойынша ой толғап, шағын шығармаларын оқиды. 2.Өздерi шығарған өлеңдерiн оқиды. Начало формы Конец формы Начало формы Конец формы | Тілек.(Оқушыларға көгершіндер таратылады. Өз тілектерін жазу керек. Болғаннан кейін плакатқа келіп, көгершіндерді іледі.)- Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз.Хор: «Көк тудың желбірегені» (Қолдарына жалаушалар алып сермейді)Байтақ дала жерім меніңАрта берсін даңқың сеніңКөк байрағың желбіресінЕгеменді елім менің– дей отырып, құрметті қонақтар, балалар осымен «Туған елім, туған жерім» атты кластан тыс шарамыз аяқталды. | Музыка Жалаушалар Көгершіннің суреттері |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?