Ораза дұғасы, Ауыз бекіту, сәресі және ауызашар дұғалары
Қазақстан Мұсылмандары Рамазан айын асыға күтеді. Мұсылман жұртшылығының үшінші парызы - Ораза ұстау. Ауыз бекіткен адам тамақтан ғана емес, бар жамандықтан тыйылып, рухани кемелдене түседі. Ораза жайлы, ауы бекіту, сәресі кезінде, сонымен қатар ауызашар уақытта оқылатын арнайы дұғалар жайлы ұсынамыз.
Ораза жайында
Ораза – мұсылманның бес парызының бірі. Рамазан айы келісімен, ислам дінін ұстанушылар таң атқаннан күн батқанға дейін өзін астан тежейді. Сондай-ақ, оразаны бұзатын амалдардан аулақ жүреді. Ораза уақыты таң намазы кірген сәттен басталып, күн батқанға дейін жалғасады.
Құранда Аллаһ Тағала былай дейді: «Ей, иман еткендер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді» (Бақара, 2/185). Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Ислам бес нәрседен тұрады: Аллаһтан басқа Құдай жоқ екеніне, Мұхаммедтің Аллаһтың құлы және Елшісі екеніне куәлік ету, намаз оқу, зекет беру, Рамазан оразасын ұстау, шамасы келгендерге қажылықка бару» (Бухари, Имам, 34).
Ораза ұстайтын адам міндетті түрде мұсылман және балиғат жасына толған болуы шарт. Жолаушылар мен науқас адамдарға ораза парыз емес.
Құранда олар жөнінде былай дейді: «Ораза санаулы күндерде. Кімде-кім наукастанса, яки жолаушы болса, басқа күндері өтесін». Кәрілік жасқа келіп, Ораза ұстауға шамалары келмеген жандарға Ораза парыз емес. Сонымен катар хайыз, нифас кезіндегі әйелдер және өзі немесе баласына зиян тиюі ықтимал екі қабат әйелдер мен бала емізген әйелдерге де парыз емес. Кәрі адамдар Ораза орнына пидия береді. Олар Оразаның қазасын да өтемейді. Жолаушыға келсек, ол 90 шақырымнан аса жерге жолаушылап шықса, жолаушы саналып, Ораза ұстамауына рұқсат. Бірақ кейін ұстамаған күндерінің қазасын өтейді.
Ауыз бекіту, Сәресіде оқылатын дұға:
نَوَيْتُ أنْ أصُومَ صَوْمَ شَهْرُ رَمَضَانَ مِنَ الْفَجْرِ إِلَى الْمَغْرِبِ خَالِصًا لِلَّهِ تَعَالَى
Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә».
Мағынасы: «Таңертеннен кешке дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».
Ауызашар кезінде оқылатын дұғалар
Оразада ниет маңызды. Ниетсіз, басқа мақсатпен (арықтау, т.б.) ауыз бекіту бекершілікпен тең. Бұл орайда ауыз ашар кезінде және ауыз бекіту кезінде оқылатын дұғаларды біле жүріңіз.
اللَّهُمَّ لَكَ صُمْتُ وَ بِكَ آمَنْتُ وَ عَلَيْكَ تَوَكَّلْتُ وَ على رِزْقِكَ اَفْطَرْتُ وَ صَوْمَ الْغَدِ مِنْ شَهْرِرَمَضانَ نَوَيْتُ فاغْفِرْ لِي ما قَدَّمْتُ وَ ما اَخَّرْتُ
Оқылуы:«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мәә аххарту».
Мағынасы: «Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір».
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?