Зорлық зомбылық
Бұқар жырау ауданы
КММ «Көкпекті жалпы білім беру орта мектебі »
« Өзіңді зорлық-зоблықтан қорға»
Онлайн - кеңес
5-8 сыныптар
Дайындаған мектеп психологы: Г.Р. Калкеева
Мақсаты:
Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағұлмат беру, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу және болдырмау
Қазіргі ең өзекті мәселелердің біріне айналып отырған – бұл жасөспірімдердің, балалардың зорлық – зомбылыққа ұшырауы. Барлық балалар үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық – зомбылықпен ұшырасып отырады. Баланың болашақта қандай азамат болуы оның мектепте, отбасында қоршаған ортада алған тәрбиесіне байланысты
Зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. «Тәрбиесіздік – ол адамзтатың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбунасыр әл Фараби.
Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады екен. Оның басты себебі жанұядағы кикілжің, ұрыс-керіс, төбелес , дау-дамай, т.б зорлық-зомбылыққа барып итермелейді. Кикілжіңі көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не шешесінің отбасында өзін-өзі ұстау үлгісін алады. Отбасындағы ата-ананың мінез құлқы – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны.
Зорлық зомбылық деген сөзді қалай түсінесің?
Зорлық- зомбылықтың түрлері
- Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;
-Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;
-Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу; қолдану.
- Физикалық зорлық-зомбылықтың түрлері көп: соққы, ұру, итеру, тебу, тұншықтыру, шаштан тарту, сілкілеу, қандай да бір затпен не қарумен шабуыл жасау. Физикалық зорлық-зомбылық көбінесе балаға залал не жарақат әкеледі, тіпті баланың мүгедек болуына не қайтыс болуына да соқтыруы мүмкін.
- Бопсалау – балаға зорлық не тән жарақатын салу қаупін қосқанда, қысым жасау не мәжбүрлеу арқылы заңсыз ақша мен мүлік талап ету және алу түрінде көрінетін қылмыс.
- Кибербуллинг – баланың қыр соңына түсу, қорқыту, ұялту мақсатында. Интернетті не басқа технологияларды пайдалану. Дөрекі, қатыгез сипаттағы мәтіндік хабарламалар жіберу; жәбірленушіні онлайн режімінде мазақ ету не жеке басына тән ақпаратты, фотоны не бейнежазбаны орналастыру; қыр соңына түсу не мазақ ету мақсатында жалған тіркеу арқылы, веб-парақшаны не онлайн режімінде бейне жасау сияқты әрекет түрлерін қамтиды.
Зорлық деген сөздің астарында ұрлау, балалар өлімі, дәстүрлі тәжірибеге байланысты жарақат алу, сондай – ақ жыныстық, психикалық және тұлғалық балаларға қатысты тәртіп шаралары сияқты тұлғалық жазалауды қосқанда қиянат жасау түсінігі жатыр. Конвенцияда балаларға қатысты зорлықтың қандай да түрі болсын, қай жерде болсын ешқандай ақтала алмайды делінген. Зорлық көрген балалар көбінесе тамақтанбайды да түрлі ауруларға ұшырайды, мектепте нашар оқиды, өзін – өзі бағалауы төмен болады. Конвенцияға сәйкес балаларға қатысты зорлық көрсету адам құқықтарының бұзылғандығын білдіреді.
- заң алдында бәрінің бірдей қорғалуын;
- қатал қарым – қатынасқа берілмеу құқығын;
- өмір сүру және жеке өміріне қол сұқпау құқығын;
тұлғалық және психологиялық денсаулықтың жоғары стандартты құқығын.
Зорлық – зомбылық келесі құқықтарды бұзады
Көшеде түнгі беймезгіл уақытта қалмауға тырысу, көшеде танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адамдар жоқ орындарға және т.б. жерлерге бармау.
-Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүруге тырысу. -Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау керек;Егер Сізге тұрмыстық зорлық – зомбылық қауіп төндірсе, үйден кетіп қалуға тырысу, ертерек қашып шығу немесе полицияға хабарлау.Қалай зорлық – зомбылыққа душар болмау керек?
Ой толғау
1.Ата- аналарың сіздерді мадақтағанда сөздер айтады?
2. Ата- аналарың сіздерді жазалағанда қандай сөздер айтады?
Түйін
Зорлық –зомбылық –ол....
Физикалық зорлық –зомбылық –ол…
3. Қорқыту –ол...
4.Әлімжеттілік -ол...
5.Психологиялық жәбір- ол...
ПсихологДәрігер-психотерапевтДәрігер-психиатрнарколог
Кімге барып жүгіну керек
Назарларыңызға рахмет,
сау болыңыздар!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?