М.Қабанбай Бауыр әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 5 сынып, презентация.
ШАТТЫҚ ШЕҢБЕРІ
Ой қозғау.
- Бауыр деген кім? - Бауыр мен достың айырмашылығы қандай?- «Ағасы бардың жағасы бар,Інісі бардың тынысы бар» деген мақалды қалай түсінесіңдер?- Бауырларыңмен қарым-қатынастарың қандай?Бауыр деген...
Бауыр деген — досың,
Бауыр деген — сүйенішің,Бауыр деген — ақылшың,Бауыр деген — қорғанышың,Бауыр деген — сыбайласың,Бауыр деген — ағайының,Бауыр деген — өміріңнің бір бөлігі.Бөлім: Адамгершілік - асыл қасиет
Сабақтың тақырыбы: Марат Қабанбай
«Бауыр» әңгімесі
Оқу мақсаттары:
5.Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;
5.А/И3.Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау.
Сабақ мақсаттары:
- Әңгімені түсініп оқу;
- Тақырыбы мен идеясын анықтау;
- Қазіргі өмірмен байланыстыру;
- Әңгімеде кездесетін әдет-ғұрып туралы ой бөлісу.
- Шығарманың композициялық құрылысына талдау жасау;
- Шығарманың жанрына анықтама беру;
- Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен тұрақты тіркестерді, мақал-мәтелдерді табу.
1-тапсырма. Топтық жұмыс. «Джиксо» стратегиясы бойынша әңгіме мазмұнымен танысып, тақырыбы мен идеясын анықтау, әңгімеде кездесетін әдет-ғұрып туралы ой бөлісу.
Бағалау критерийлері:1. Әңгімені түсініп оқиды;2. Тақырыбы мен идеясын анықтайды;3. Қазіргі өмірмен байланыстыра алады;4. Шығармада кездесетін әдет-ғұрыпты тауып, ой бөліседі.5. Топтық жұмысқа белсенді қатысады.2-тапсырма. С. «Аялдама» әдісі.
Шығарманың композициялық құрылысына талдау жасау.1-аялдама. Оқиғаның басталуы –
2-аялдама.Оқиғаның дамуы –
3-аялдама.Оқиғадағы шиеленіс –
4-аялдама. Шарықтау шегі –
5-аялдама. Оқиғаның шешімі –
Жетістік критерийлері:
Аялдама бойынша әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасай алады.
3-тапсырма. Жеке жұмыс.
Шығарманың жанрына анықтама беру. Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен тұрақты тіркестерді, мақал-мәтелдерді табу.Әңгіме –
Теңеу –
Гипербола –
Метонимя (алмастыру) –
Тұрақты тіркестер –
Мақал-мәтел –
Жетістік критерийлері:
1. Шығарма жанрына анықтама береді;
2. Теңеу, гипербола, метонимияны таба алады;
3. Тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді тауып, мағынасын ашады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?