Ашық сабақ "Еңбекпен келген жеңіс"
5 БӨЛІМ
Спорт және денсаулық күтімі
Сабақтың тақырыбы:
Қазақ тілі Т2
7-сынып
Сабақ мақсаты:
7.1.2.1 Тыңдалған мәтіннің негізінде мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау;
Бағалау критерийлері:
- тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді;
- ақпараттың өзектілігін анықтайды;
- мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.
Оқушылар суретке көңіл аударып, келесі сұрақтарға жауап береді
2
1
3
Оқушылардың назарына бейнежазба ұсынылады
Бейне жазбаны тамашалап, спортшылардың шұғылданған спорт түрлерін сәйкестендіреді
Өзіңді тексер!
Жаңа сөздермен жұмыс
Спорт шебері- майталман, осы салада белгілі бір жетістікке жеткен адам (мастер спорта)
Бапкер- жаттықтырушы, спортшыны жарысқа дайындайтын маман (тренер)
Кәсіподақ-кәсіби одақтар, өндірістегі және өндірістен тыс салалардағы қызметкерлерді біріктіретін ұйым (профсоюз)
Өлкетану- белгілі бір өңірдің табиғатын, мәдениетін, халқын, шаруашылығын, тарихын зерттеумен шұғылданатын ғылым мен мәдениет саласы (краеведение)
Мұражай- тарихи- ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми- танымдық қызмет атқаратын мекеме (музей)
Тақырып бойынша берілген сөздері қолдана отырып, «Баспалдақ» ойыны арқылы сөзден сөз тіркесін,
сөз тіркесінен сөйлем құрастырады:
Мысалдар: Спорт, бапкер, өлкетану, мұражай
.
Мысалы: Мұражай - ұлттық мұражай - Нұр -Сұлтан қаласында Ұлттық мұражай бар.
Сөз
Сөз тіркесі
Сөйлем
Мысалдар: Спорт, бапкер, өлкетану, мұражай
Өзіңді тексер!
.
Мысалы:
1. Мұражай – Ұлттық мұражай - Нұр -Сұлтан қаласында Ұлттық мұражай бар.
2. Спорт -спорт шебері -Жақсылық Үшкемпіров -спорт шебері.
3. Бапкер- танымал бапкер –Ильматов- танымал бапкер.
4. Өлкетану- өлкетану мұражайы- Досыммен өлкетану мұражайына бардым.
Сөз
Сөз тіркесі
Сөйлем
2-тапсырма, 121-бет
«Менің сүйікті спортшым» деген тақырыпта кластер құра
Менің сүйікті спортшым
Жаңа сабақ:
... Бәрі де еңбекпен келеді. Олимпиада чемпионы атану- маған бұйырған бақыт. Маған ғана емес, бүкіл қазақтың бақыты десем де болады. Осы бақытты барша жастарға тілеймін. Сендер де Олимпиада, әлем чемпионы атаныңдар!
Ж.Үшкемпіров
Даңқты спортшы- Жақсылық Үшкемпіров 2020 жылдың 2 тамызы дүниеден озды.
Жақсылық Үшкемпіров
.
3-тапсырма, 121- бет
Мәтінді түсініп оқы.
Қазақ халқының кеңінен танымал болған спортшыларының бірі -грек- рим күресінен Олимпиада ойындарының жеңімпазы, балуан - Жақсылық Үшкемпіров. Ол 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Тегістік ауылында дүниеге келген. Бапкерлері- Р. Ильматов, В. Псарев, В. Угренинов. Жақсылық Үшкемпіров Семей мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын бітірген. Қазақстан және халықаралық турнирлердің жеңімпазы. КСРО чемпионатының алтын, күміс және қола жүлдегері.
КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы. 1980 жылы Еуропа чемпионатының күміс жүлдесін, 1981 жылы «Әлем чемпионы» атағын жеңіп алды. 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы болды. Қазақ КСР мемлекеттік спорт комитетінде нұсқаушы, Республикалық кәсіподақтардың Ерікті дене шынықтыру, Спорт Одағы мектебінің директоры қызметін атқарды. 1993 жылдан «Жақсылық» спорт клубының директоры. Спорттағы жетістіктері үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
Сұрақтарға жауап бер
1. Жақсылық Үшкемпіров кім?
2. Ол қашан және қай жерде туды?
3. Ол қандай оқу орнын бітірді?
4. Ол спортта қандай жетістіктерге жетті?
5. Спорттағы жетістіктері қалай бағаладны?
Дескриптор
-Менің сүйікті спортшым деген тақырыпта кластер құрайды;
- мәтін мазмұнын түсінеді;
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
Өзіңді тексер!
1. Жақсылық Үшкемпіров- грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының жеңімпазы, балуан.
2. Ол 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы Байзақ аданы Тегістік ауылында дүниеге келген.
3. Ол Семей мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын бітірген.
4. Ол Қазақстан және халықаралық турнирлердің жеңімпазы. КСРО чемпионатының алтын, күміс және қола жүлдегері. КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы. 1980 жылы Еуропа чемпионатының күміс жүлдесін, 1981 жылы «Әлем чемпионы» атағын жеңіп алды. 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы болды.
5. Спорттағы жетістіктері үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
Етістіктің шақтары
Өткен шақ
Сөйлеп тұрған уақыттан бұрын біткен іс-әрекетті білдіреді.
1) Бұрынғы өткен шақ
Етістік+(-ған, -ген, -қан, -кен, -ып, -іп, -п)+жіктік жалғауы арқылы жасалады.
Мысалы : Кеше сабаққа бар-ған-мын.
Анықтама бұрышы
2) Ауыспалы өткен шақ
Етістік+(-атын, -етін, -йтын, -йтін)+жіктік жалғауы арқылы жасалады.
Мысалы: Күнде сабаққа бар-атын-мын
Бұрынғы өткен шақ
-ған, -ген, -қан, -кен, -ып, -іп, -п
Ауыспалы өткен шақ
-атын, -етін,
-йтын, -йтін
Берілген мысалдарға мағыналас болып келетін сөздерді мәтіннен тауып жаз. Қою әріппен жазылған етістіктерден бұрынғы өткен шақ тұлғасында тұрған жұрнақты белгіле.
Әйгілі, атақты –
Туған, өмірге келген –
Жаттықтырушы–
Тәмәмдаған, аяқтаған–
Өзіңді тексер!
Әйгілі, атақты – танымал
Туған, өмірге келген – дүниеге келген
Жаттықтырушы– бапкер
Тәмәмдаған, аяқтаған– бітірген
Бұрынғы өткен шақ
-ған, -ген, -қан, -кен, -ып, -іп, -п
Етістіктерді ауыспалы өткен шақ тұлғасына қойып жаз:
Келді-
Алды-
Атқарды-
Марапатталды-
Дескриптор
- етістік шақтарының (бұрынғы және ауыспалы өткен шақ) қызметін біледі;
- ауызша және жазбаша жұмыстарда қолданады.
Өзіңді тексер!
Келді-келетін
Алды-алатын
Атқарды-атқаратын
Марапатталды-марапатталатын
Ауыспалы өткен шақ
-атын, -етін,
-йтын, -йтін
Бүгінгі сабақта:
-мәтінді оқып, мазмұнын түсіндім;
-даңқты балуан - Жақсылық Үшкемпіров туралы білімімді жетілдірдім;
-жетекші сұрақтарға жауап бердім;
Етістіктің бұрынғы және ауыспалы өткен шағын меңгердім.
Қосымша тапсырма:
Ғаламтордан Жақсылық Үшкемпіров туралы ақпарат жинап, «Атақы палуан» деген тақырыпта әңгіме жаз.
Жақсылық Үшкемпіров жайлы түсірілген «Жеңіске деген жігер» (Воля к победе) атты деректі фильмді тамашалаймыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?