Презентация қимылды ойын түрлері


Сюжеттік ойын картотекасы

Толегенова Айгерим

2

«Мұғалім» сюжетті-рөлді ойынының

технологиялық картасы

Мақсаты: балалардың мектепке, мұғалімнің әрекетіне қызығушылығын іс жүзінде іске асыру үшін жағдай туғызу. Балаларды өздігінен рөлдерді бөлуге және өзіне берілген рөлге сәйкес әрекет етуге үйрету. Ойдағы жағдаятты түсіну және соған сәйкес әрекет ету. Баланың әлеуметтік белсенді саласын және оның ересектер мен балалардың түрлі позицияларда (мұғалім-оқушы-мектеп директоры) орын алатын мүмкіндіктерін айтып мектеп тіршілігі туралы ұғымын кеңейту

1

«Жүргізушілер. Гараж. сюжетті рөлді ойынының технологиялық картасы

Мақсаты: Балаларды ойналатын ойынның кезеңдерін алдын ала жоспарлауға, берілген ойынға қажетті заттарды табуға, алуан түрлі алмастырушы-заттарды қолдануға үйрету. Транспортшылардың, автоинспектор қызметкерлерінің еңбектерін құрметтеуге және қызығушылықтарын тәрбиелеуге, олардың еңбек пен «инспектор-жүргізуші», «инспектор-жаяу кісі» өзара қатынасы арасындағы еңбек жағдайларда қала тіршілігіндегі маңызы туралы ұғымдарын бекіту.

3

«Тігінші. Сән үйі» сюжетті-рөлді ойынының

технологиялық картасы

Мақсаты: берілген ойын әрекеттер сюжеттеріне сәйкес балалардың топтарға бөліне білу және аяқталғаннан кейін қайтадан бір ұжымға бірігу білігін қалыптастыру. Тігінші, сәнгер, үлгішінің еңбектерін құрметтеуге тәрбиелеу, олардың ұжымдық еңбегі бір адамның ұқыптылықпен еткен еңбегі екіншісінің жұмысына байланысты екендігі туралы ұғымдарын кеңейту. Ойын барысында өлшеу тәсілдерін қолдану туралы білігін дамыту. Диалогпен сөйлеуін дамыту.

4

«Жедел жәрдем. Емхана. Аурухана» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы

Мақсаты: берілген ойын әрекеттер сюжеттеріне сәйкес балалардың топтарға бөліне білу және аяқталғаннан кейін қайтадан бір ұжымға бірігу бөлігін қалыптастыру. Ойын барысында қоршаған тіршілік туралы білімдерді көрсету, медицинаның әлеуметтік маңыздылығын көрсету. Медицина қызметкерлерінің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу, қоғамдық жерлерде өзін-өзі ұстау ережелерін бекіту.

5

«Құрылысшылар» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы

Мақсаты: Ойын жоспарларына сәйкес іс әрекетпен айтыс-тартысты әділдікпен шешу, сюжетке сәйкес конструктор, құрылыс материалдарын қолданып келісіммен берілген ролдерді бөлуге ойнауға үйрету. Балалардың тілдік мәнерлігін, шығармашылығын, айналаны қоршаған ортамен ойын арқылы жүзеге асыру.

6

«Жол полициясы» сюжетті рөлді ойынының технологиялық картасы

Мақсаты: Балаларды ойналатын ойынның кезеңдерін алдын ала жоспарлауға, берілген ойынға қажетті заттарды табуға, алуан түрлі алмастырушы-заттарды қолдануға үйрету. Транспортшылардың, автоинспектор қызметкерлерінің еңбектерін құрметтеуге және қызығушылықтарын тәрбиелеуге, олардың еңбек пен «инспектор-жүргізуші», «инспектор-жаяу кісі» өзара қатынасы арасындағы еңбек жағдайларда қала тіршілігіндегі маңызы туралы ұғымдарын бекіту.

Ныгыметова амина

7

«Аспазшы»

сюжетті-рөлдік ойынының технологиялық картасы

Мақсаты: Азық-түлік өнеркісібінің қызметкерлерінің еңбегі туралы түсініктерін нақтылау. Балаларға рөлдерді бөлуге және рөлдері бойынша әрекет етуге көмектесу, өз беттерімен қажетті құрылыстарды салуға үйрету, балалардың тілектестік-қарым қатынас дағдыларын қалыптастыру. Балаларды қоршаған орта туралы алған білімдерін ойын барысында кеңінен қолдануға ықпал ету.

Ныгыметова амина

Теңізші.

Үлкен алып кемемен

Мұхиттар мен теңіздер шарлаймын,

Дауылдада толқындарда қорықпаймын,

Болашақта мен теңізші боламын.

8

Ныгыметова амина

«Теңізшілер. Теңіз астындағы қайық» сюжетті-рөлді ойынның технологиялық картасы

Мақсаты: Балаларда ойын барысында бірнеше әрекеттерді логикалық бірізділікте байланыстыру, ойын жағдайына кіру, өзіне рөл алып, ойын аяғына дейін рөлге сәйкес әрекет ету біліктерін қалыптастыру. Балалардың позитивті және топта игілік қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.

Ныгыметова амина

Шаштараз

Сән үлгісін қиятын

Шаштараз болам жолыңа

Түрлі-түрлі шаш қиып

Қызмет етем халқыма

9

«Шаштараз» сюжетті-рөлді ойынының

технологиялық картасы

Мақсаты: ойын желісін өздігінен дамыта білуді, тақырыбын келісіп алуды, рөлдерді бөлісе білуді қалыптастыруды жалғастыру. Ойында рөлдік өзара әрекеттестікті құруға және рөлдік өзара қарым-қатынастарды меңгеруге мүмкіндік туғызу. Қоғамдық орындардағы мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу.

Ныгыметова амина

10

«Пошта» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы

Мақсаты: Ойын кезінде балаларға ауыспалы заттарды қолдануды үйрету, өз қиялынан туған жағдаятты түсініп соған сәйкес әрекет ету. Байланыс торабы қызметкерлерінің жұмысымен таныстыруды, пошта қызметшілеріне құрметпен қарауды қалыптастыруды жалғастыру, ойын барысында ересектердің еңбегін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты көрсетуді, сан мен санау туралы алған білімдерін қолдануды, заттармен және заттарсыз әрекеттену біліктерін дамытуды, орындалып жатқан әрекеттер туралы айтуды үйрету.

Ныгыметова амина

Сатушы

Жақсы оқып сабақты

Мақсатым бұл ұраным

Үлкен болып өскенде

Сатушы боп тұрамын

11

«Супермаркет. Жайлаудағы дүкен» сюжетті-рөлді ойынның технологиялық картасы

Мақсаты: Балаларда ойын барысында бірнеше әрекеттерді логикалық бірізділікте байланыстыру, ойын жағдайына кіру, өзіне рөл алып, ойын аяғына дейін рөлге сәйкес әрекет ету, құрбы-құрдастарымен өзінің жеке ойын бөлісу, келісе білу біліктерін қалыптастыру. Қазақтың салт-дәстүрі мен өмірі бойынша балалардың білімдерін кеңінен қолдану. Билингвалдық компоненттер негізінде диалогтік тілдік қатынасын дамыту.

Ныгыметова амина



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу