Тыныс жеткіліксіздігі СӨЖ


Тақырыбы: Тыныс жеткіліксіздігі

Қабылдаған:Рысбеков Е.Р

Орындаған: Советова Ғ.А

Факультет: Жалпы медицина

Курс:4

Тобы:10-2к

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

СӨЖ

Жоспары:

Тыныс туралы түсінік

Тыныс шамасыздығы

Классификациясы

ТШ клиникалық белгілері мен түрлері

Созылмалы тыныс шамасыздығының клиникалық көрінісі

Созылмалы тыныс шамасыздығындағы организмдегі оттегі жетіспеу белгілері

Созылмалы тыныс шамасыздығының ауырлық дәрежесіне қарай жіктемесі

ТЖ асқынулары

Диагностикасы

9. Созылмалы тыныс шамасыздығын емдеу

Тыныс – организмде тотығу-тотықсыздану метоболизмнің, яғни оттегінің организмге сырттан түсуінен бастап тіндерде пайдалануын, соның нәтижесінде көмір қышкыл газының бөлінуін, оның сыртқа шығарылуын қамтамасыз ететін күрделі процесс.

Сыртқы тыныс жүйесі – атмосфералық ауа мен қан арасында газ алмасуын, яғни вентиляцияны қамтамассыз етеді.

Қан – оттегіні өкпеден тіндерге және көмір қышқыл газын тіндерден өкпеге тасымалдайтын.

Қан айналым жүйесі – газ тасымалдауын және организмде қанның тимді таралуын қамтамасыз етеді.

Тінішілік тыныс жүйесі – тотықтандырғыш ферметтер жүйсі және көмір қышқыл газының тіндік тасымалдаушылар. Осылардың қызметін оттегі пайдаланады, көмір қышқыл газы бөлінеді.

Тыныс шамасыздығы – артериялық қанның газдық құрамының жеткілікті қамтамасыз етілмеуі немесе оның сырттық тыныс жүйесі функциясының артуымен қамтамасыз етілуі.

Патогенезі бойынша

Газ алмасуы

Гипоксемиялық (ТЖ I типі)

Паренхиматозды/ өкпелік

Желдетілуі

Гиперкапниялық

(ТЖ II типі)

Желдеткіш/

насостық

Өрістеуі бойынша Ауырлығы бойынша

Минут

Сағат

Күн

7,357,45

HCO3¯ -қалыпты

Ай

Жыл

pH-қалыпты

HCO3¯-↑

Жедел

Созылмалы

Созылмалы түрдегі жедел

Қалыпты жағдайда PaO2>80 SaO2>95

1 сатысы 60-79 90-94

2 сатысы 40-59 70-89

3 сатысы <40 <75

Ентігумен

Көгеруімен

Демалудың жиіленуі

Ал ақырғы кезінде, жүрек жетіспеушілігі қосылғанда, ісінулер көрінеді.

Обструктивті - бронхит, бронхоспазм, кеңірдек және ірі бронхтардың тарылуы жатады. Спирография арқылы тексергенде өкпенің минуттық желдетуінің және өкпенің жылдамдаған өмірлік сиымдылығының айқын төмендеуін көреміз.

Шектелген - пневмосклероз, гидро-, пневмоторокс, кифосколиоз т.б нәтижесінде өкпенің кеңею қабілетінің шектелуі байқалады.

Аралас - екі түрдің белгілері қосылады, кейде бір түрдің белгілері асып тұрады. Бұл созылмалы өкпе және жүрек аурулары кезінде кездеседі.

Обструкциялық тыныс шамасыздығына әкелетін себептер:

Бронхоспазм;

Тыныс жолдарының өзегін тарылтатын бронхтар қабырғасының қабыну және склероздық процестері;

Бронхтардың өзегінде қақырық, кілегейдің жиналуы;

Ұсақ бронхтардың сырттан бачылуынан коллапсы;

Трахея мен ірі бронхтардың эксперациялық коллапсы- трахея мен ірі бронхтардың гипотониялық дискенезисынан мембраналық бөлігінің ішіне қайырылуы.

Рестрикциялық тыныс шамасыздығы өкпенің тыныс бетінің азаюынан, керілуінің шектелуінен болады.

Негізгі себептері:

Өкпе тінінің инфильтрациясы;

Өкпе тінінің деструкциясы;

Өкпе тінінің дистрофиясы;

Пневмосклероз;

Пульмоноэктомия, Лобэктомия;

Өкпенің дамуының кемістіктері;

Өкпенің басылуы, ателектазасы және т.б.

Диффузиялық тыныс шамасыздығы альвеола - капиллярлық мембрананың физикалық және химиялық қасиеттерінің бұзылысынан болады.

Негізгі себептері:

Өкпенің интерстициялық тінінің және альвеолааралық қалқалардың түрлі себептерден ісінуі (қабынудан, удың әсерінен, қанның іркілісінен);

Өкпенің интерстициялық тінінің және альвеолааралық қалқандардың фиброзы;

Вентилияция мен перфузия арақатынасының сәйкес болмауы;

Кіші шеңберде қан айналамының бұзылысы (васкулиттер, өкпе артериясы тармақтарының тромбоэмболиясы).

Созылмалы тыныс шамасыздығының клиникалық көрінісі:

Тыныс шамасыздығына әкелетін негізгі аурудың көріністері;

Тныс қызметінің күшеюімен жүретін ентікпе;

Организмде оттегінің жетіспеуінің белгілері;

Организмде көмірқышқыл газының жетіспеу немесе көбею көріністері.

Орталық нерв жүйесі функциясының бұзылыстары: ұйқының нашарлауы, эмоциялық белсенділіктің жоғарлауы, психикалық бұзылыстар.

Жүрек- тамыр жүйесі функциясының бұзылыстары: тахикардия, жүрек шығару көлемінің ұлғаюы, шеттік тамыллардың кеңеюі, өкпе гипертезиясы; науқастардың бір қатарында жүйелі артериялық гипертензия пайда болады.

Тыныс жүйесінің бұзылыстары: ентікпе, вентиляцияның күшеюі, негізгі алмасудың жоғарлауы, осыдан науқастардың бір қатары арықтайды.

Қанның өзгерістері: полицитемия, гемотокриттің және қан тұтқырлығының жоғарлауы, плазма көлемінің ұлғаюы, гиертромбоцитоз, ЭТЖ төмендеу.

Паренхималық ағзалардың дистрофиясы: бауырдың, бүйректің т.б. Фиброзы және амилоидозы.

Созылмалы тыныс шамасыздығының ауырлық дәрежесіне қарай жіктемесі

ІІІ дәрежесі- организмде оттегінің жетіспеу белгілерімен бірге көмірқышқыл газының жиналу көріністері пайда болады. Ауыр ентігуден дене қимылы шектеледі, науқастар өз- өздерін шаққа күтеді немесе күтінуге шамасы келмейді.

Жедел тыныс жетіспеушілігі кезінде уақытылы реанимациялық шаралар көрсетілмеуі науқас өліміне әкелуі мүмкін.

Ұзақ уақытқа созылған тыныс жетіспеушілігі оң қарынша жетіспеушілігі дамуына алып келеді, нәтижесінде жүрек бұлшықеттерінің оттегімен қанығу төмендеп үнемі жүктемесіне алып келеді.

Альвеоларлы гипоксия және өкпе вентиляциясының адекватсыз болуы тыныс жетіспеушілігі мен өкпе гипертензиясының дамуына алып келеді. Оң қарынша гипертрофиясы және оның ұзақ уақыт жиырылу функциясының төмендеуі өкпетекті жүрек дамуына сонымен қатар үлкен қан айналым шеңберіндегі қанның іркілуіне алып келеді.

Тыныс жетіспеушілігінің диагностикасы

Ауру анамнезіне және өмір анамнезіне сүйене отырып себебін анықтаймыз. Науқасты қарап тексергенде денесіндегі көгерулерге мән береміз. Тыныс алу жиілігін және өкпенің тыныс алуын байқаймыз.

Функцияналдық сынамалар жүргіземіз және көкірек қуысының ренгенографиясы.

Қанның газдық құрамы мен қышқылды- сілтілі жағдайын зерттеу.

полицитемия

гематокриттің жоғарылауы

қан тұтқырлығының жоғарлауы

плазма көлемінің ұлғаюы

гипетромбоцитоз

ЭТЖ төмендеуі

Спиография көмегімен форсирленген өкпенің өмірлік сиымдылығын (ФӨӨС) және алғашқы секундтағы форсирленген тыныс шығарудың көлемі (ФТК1) анықталады. ФӨӨС - бұл ауа көлемі, максимальді тез тыныс шығару кезінде, форсирленген тыныс шығару. Сау адамдарда ФӨӨС ӨӨС 75% жоғарлайды.

ФТК1 ӨӨС индекс Тиффноға байланысты пайызбен есептейміз. Нормада 75-83%.ТЖ кезінде Тиффно индексі төмендейді.

Пикфлоуметриямен тыныс шығарудың шың жылдамдығын анықтаймыз (ТШШЖ), яғни максимальді жылдамдық, максимальді толық тыныс алуда форсирленген тыныс шығару кезінде тыныс жолдарынан ауа шығуы мүмкін. ТЖ кезінде ТШШЖ нормадан төмен болады

Негізгі кеселді емдеу;

Инфекциямен күресу;

Өкпенің желденуін жақсарту (бронхолитиктер, кортикостероидтар, мукалитиктер, дене қалпымен дренаж, бронхоскопиялық санация)

Оксигенотерапия

Өкпенің жасанды вентиляциясы

Өкпедегі жүрек синдромын емдеу

Хирургиялық ем (өкпенің немесе өкпе- жүрек комплексінің трансплантация)

Пайдаланған әдебиеттер:

Қалимұрзина Б. С. ”Ішкі аурулар”, Асем – систем, 2005

Пропедевтика внутренних болезней, А. Л. Гребенов, 2001

Б.Н Айтбембет, Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы, 2005жыл

Ф.Л Қасенова “Ішкі аурулар”, 2009 жыл.

Суреттер : www.google.ru

www.yandex.ru



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу