Тыныс алу дерттерінің синдромдары.


Тыныс алу дерттерінің синдромдары.

Умарова С.У.

Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы, доцент

Дәріс жоспары

Кіріспе

-синдром анықтамасы, түсінігі

Негізгі бөлімі

- Өкпе тіні тығыздалу синдромының пайда болу жолдары, себептері, клиникалық көрінісі, тексеру әдістері

Қорытынды бөлімі

-өзекті сұрақтарды қайталау

-сұрақ беру арқылы кері байланыс жасау

Синдром анықтамасы

Синдром – бұл белгілі дертті сипаттайтын және даму немесе пайда болу себебі бір белгілердің жиынтығы.

Өкпе тіні тығыздалу синдромы.

Синдром анықтамасы

Өкпе тіні тығыздалу синдромы - бұл өкпе тінінің шектелген (бөлігі, сегменті) немесе таралған (бірден бірнеше бөлікте) көлемінде ауалығының азаюы әлде мүлдем жоғалуы және соның салдарынан өкпенің тыныс алу көлемінің азаюымен қатар газ алмасу үрдісінің бұзылысымен сипатталатын симтомдардың жиынтығы немесе синдром.

Синдром түсінігі

Өкпе тіні – бұл тығыз дене мен ауаның тепе-теңдігі, яғни тығыз дене-Альвеолалар, ауа – Оттегі.

Альвеолалар/оттегі

Тығыздануы дегеніміз – ауалығының азаюы

Өкпедегі дерттік өзгерістер түрі

Өкпе тіні тығыздалу синдромы

Себептері : өкпе тінінде әртүрлі себептерге байланысты дамитын үрдістер:

қабыну,

пневмосклероз,

қатерлі ісік,

ателектазы обтурациялық немесе қысылу (өкпе тінінің жиырылуы, босаңсуы),

өліеттенуі (өкпе инфарктісі),

жүрек жетіспеушілігі (қан іркілу)

Өкпе тіні тығыздалу синдромы

Даму жолдары

Даму жолдары: себебіне байланысты - өзгеріс өкпе тінінде, яғни альвеолаларда дамиды.

қабынулық - альвеолаға қабынулық сұйықтық жиналуы (бейтарап – пневмония;

спецификалық - туберкулез )

Соған байланысты альвеола қабырғалары қалындап, кернелу (жиырылу,босаңсу) қасиеті төмендейді, ауа жиналу нашарлайды;

Өкпе тіні тығыздалу синдромы Даму жолдары

ателектазда обтурациялық - бронх (ірі әлде оның тарамдары) бітеліп ауа кіруіне кедергі болады;

-компрессиялық (қысылуында -сырттан) - толық керілуі мен ауа толуына кедергі;

пневмосклерозда - өкпе тіні дәнекер тінмен ауысады;

қатерлі ісікте - қатерлі ауасыз тінмен ауысады;

Өкпе тіні тығыздалу синдромы Даму жолдары

өліеттенуі - өкпе тінінің меншікті қан айналымы бұзылады – ауасыз некроз ошағы дамиды;

жүрек жетіспеушілігі - кіші қан айналым шеңберінде қан іркілу – альвеолада қабынулық емес сұйықтықтың жиналуы - ауа толуына кедергі.

Өкпе тіні тығыздалу синдромы Клиникалық көріністері

Клиникалық қөрінісі - тексеру әдістері арқылы анықталады және пайда болу себебіне байланысты тәндік белгілер айқындалады

1.Сұрап тексеру:

Шағымдары :

-ентігу - өкпенің тыныс алу көлемінің азаюы (таралған тығыздалуда);

-кеудедегі ауру сезім – зақым ошағы плевраға жақын орналасса;

Өкпе тіні тығыздалу синдромы Клиникалық көріністері

Шағымдары :

-“тотыған” қақырықты жөтел – ұйыған қан түйіршіктері- бөлікті пневмонияда эритроциттердің ыдырауы – гемосидериннің пайда болуы;

-қанды қақырық - өкпе инфарктісі;

-қалтырау, қызудың шамадан тыс жоғары болуы – бөлікті пневмонияда.

Өкпе тіні тығыздалу синдромы Клиникалық көріністері

Анамнезі - даму себебіне байланысты:

суықтану,

жіті қабынулар,

қуатының төмендеуі,

жасының ерекшіліктері,

ұзақ темекі шегу,

кәсіпшілік уланулар,

Өкпе тіні тығыздалу синдромы Клиникалық көріністері

Анамнезі - даму себебіне байланысты:

тыныс жолдарының, жүрек – қантамыр жүйесінің созылмалы дерттері,

тағам сапалығының төмендігі – витаминдер мен белок тапшылығы,

иммунитетті тежейтін дәрілерді қабылдау және т.б.

Өкпе тіні тығыздалу синдромы Клиникалық көріністері

2. Қарап тексеру :

Кеуде қуысын қарау:

а- пішіні (ателектазда – бір бөлігіннің кішіреюі);

б- тыныс алуда бір бөлігінің қалысуы (зақым көлеміне байланысты);

Өкпе тіні тығыздалу синдромы Клиникалық көріністері

Пальпацияда

зақым аймағында дауыс дірілінің күшеюі; обтурациялық ателектазда анықталмайды.

Перкуссияда-

а) салыстырмалы перкуссияда :

-тұйық немесе тұйықталған өкпе дыбысы

пневмосклероз, өкпе рагы, обтурациялық ателектаз;

Өкпе тіні тығыздалу синдромы Клиникалық көріністері

тұйықталған тимпаникалық - қабынудың алғашқы кезеңдерінде, компрессиялық ателектазда.

б) топографиялық перкусссияда –

шекараның жоғарлауы- бөлікті невмонияда, ателектазда.

Өкпе тіні тығыздалу синдромы Клиникалық көріністері

Аускультацияда

Негізгі тыныс шуы - әлсіреген; орнына –бронхиалды тыныс; обтурациялық ателектазда – тыныс мүлдем естілмейді;

Қосымша тыныс шуы:

крепитациялар -қабынулық үрдістердің басында – бастапқы сықыр - crepetatio indux; аяғында - қайталанған сықыр - crepetatio redux;

- сырылдар - дауысты немесе дауыссыз ұсақ, орта көпіршікті - пневмонияда, қан іркілуде.

Өкпе тіні тығыздалу синдромы Қосымша тексерістер

Зертханалық көрсеткіштер - қабынуда - Л-тоз, Л-лық көріністердің солға ығысуы, ЭТЖ – ның жоғарлауы.

Р-логиялық көрініс - ошақты қараю

Өкпе тіні тығыздану синдромы

Сұрақтар:

1. Синдромның анықтамасы?

2. Өкпе тіні тығыздалу синдромының анықтамасы?

3. Өкпе тіні тығыздалу синдромының себептері?

4. Өкпе тіні тығыздалу синдромын анықтау әдістері?

5. Өкпе тіні тығыздалу синдромының белгілері?

Бронх өткізгіштігі бұзылысы синдромы.

Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы.

Доцент Умарова С.У.

Бронх өткізгіштігі бұзылысы синдромы.

Бронх өткізгіштігі бұзылысы синдромы – бұл бронх жолдарының тарылу себебіне байланысты ауа өтуінің нашарлауы.

Тарылу себептері:

-қабыну – инфекциялық;

-аллергиялық жиырылуы, яғни бронхоспазм

-бөгде зат тұруы- бітелу- бронх рагы

-сырттан қысылу – айналадағы ағзалар немесе өкпе тіні ісіктері

Құрғақ сырылдардың даму жолы

Бронх өткізгішті бұзылысы синдромы

Бронхоспазм синдромы –аллергиялық

себеп. Бронхиалды астма немесе демікпе.

Аллергендер әр түрлі:

Өсімдік

Тағамдық

Химиялық заттар

Шаң - тозаң

Бронх өткізгішті бұзылысы синдромы

Клиникалық көрінісі

1.Сұрап тексеру

Шағымдары:

Тұншығу, демікпе –кенеттен, ұстамалы түрде пайда болады, бірте-бірте үдееді – бірнеше минуттан бірнеше сағатқа немесе тәуліктерге созылады – “Status astmaticus”

Ұстама арасында - ентігу

Бронх өткізгішті бұзылысы синдромы

1.Сұрап тексеру

Шағымдары:

Жөтел – құрғақ немесе аз мөлшерде кілегейлі, шырышты, қиын бөлінетін қақырық – ұзақ жөтелдің аяғында;

2.Қарап тексеру

Ұстама кезінде:

Төсектегі кейпі – мәжбүрлі – отырады, қолдарымен тізесе тірелген, ауызы ашық – ауа аулаған тәрізді, тынысы шулы, сырылдар қашықтан есітіледі, жөтел қысады.

Бронх өткізгішті бұзылысы синдромы

Кеудені қарау

ұстама кезінде – тыныс алу кейпінде- кеңейген, иығы көтеріңкі, тыныс алу күштелген – көмекші бұлшық еттері айқын.

Перкуссияда –қорапты дыбыс; төменгі шекаралар төмен ығысқан; өкпенің төменгі жиегінің жылжымалығы шектелген

Бронх өткізгішті бұзылысы синдромы

Аускультацияда:

негізгі тыныс - әлсіреген, тыныс шығару кезеңі ұзарған;

қосымша тыныс дыбыстары – таралған құрғақ ысқырықты сырылдар – тыныс шығаруда жақсы есітіледі.

Ұстама басылғанда – қақырық сұйықталып, жеңіл бөлінеді – ызыңдаған, төмен дыбысты сырылдар пайда болады

Бронх өткізгішті бұзылысы синдромы

Зертханалық көрсеткіштер:

Қанда – эозинофилдер жоғарылайды

ҚақырықтаКуршман иіршіктері –жиырылған бронх қабырғаларының мөлдір шіріштерінің кейпі; Шарко-Лейден денешіктері –ыдыраған эозинофилдер қалдықтары;

Бронх өткізгішті бұзылысы синдромы

Аспаптық тексеріс

- R - ген тексерісі - ұстама кезінде:

Өкпе суретінің мөлдірлігі жоғарлаған, үйлесімі бұзылған;

Төменгі жиегінің жылжымалығы шектелген

- Спирография – сыртқы тыныс қызметі көрсеткіштері өзгереді - ӨЖТС, ӨМА – төмендейді; қалдық ауа көлемі (ҚАК) жоғарылайды

Өкпеде қуыс пайда болу синдромы синдромы.Балалардағы ерекшеліктері

Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы.

Доцент Умарова С.У.

Өкпеде қуыс пайда болу синдромы

Өкпеде қуыс пайда болу синдромы - бұл

өкпе тінінің әртүрлі дерттерге байланысты

ыдырау салдарынан онда қуыстың дамуы.

Себептері

Өкпе абсцессы

Туберкулез

Киста

Ісіктің ыдырауы

Өкпедегі дерттік өзгерістер түрі

Өкпеде қуыс пайда болу синдромы

Клиникалық көрінісі байланысты

пайда болу себебіне,

қуыстың бронхпен жанасуына,

айналасында қабынулық тіннің болуына,

қуыс көлеміне,

орналасқан тереңдігіне

бос немесе бос еместігіне (сұйықтық - ірің, қан)

Өкпеде қуыс пайда болу синдромы

Сұрап тексеру

Шағымдары – себебіне байланысты:

Жөтел;

Қақырық – іріңді, қанды, жағымсыз иісті, көп мөлшерде;

Ентігу

Дене қызуының көтерілуі

Өкпеде қуыс пайда болу синдромы

Пальпацияда

1.Дауыс дірілі әлсірейді:

-оқшауланған қуыс үстінен

-бронхпен жанасып жатса, бірақ бос болмаса (сұйықтық болса)

2.Дауыс дірілі күшееді

-бронхпен жанасып жатса және бос болса

Өкпеде қуыс пайда болу синдромы

Перкуссияда:

тимпаникалық дыбыс – ауасы бар немесе бронхпен байланысқан қуыс үстінен анықталады;

тұйықталған тимпаникалық дыбыс - бос, айналасында қабынулық тін бар қуыс үстінен анықталады;

тұйықталған немесе айқын тұйық дыбыс

қуыс ішінде сұйықтық болса анықталады

Өкпеде қуыс пайда болу синдромы

Аускультацияда:

бронхиалды тыныс – қуыс бронхпен жанасып жатса тыңдалады;

ашық дыбысты, ірі көпіршікті сырылдар есітіледі – қуыста сұйықтық болса

амфорикалық тыныс – қуыс үлкен - d= 6см н/е одан>, қабырғасы жұқа және тегіс болса естіледі (қумыраға үрлеген дыбыс тәрізді).

Өкпеде қуыс пайда болу синдромы

Зертханалық көрсеткіштер – себебіне байланысты:

қанда - Л-тоз,ЭТЖ (қабынулық), лимфоцитоз (туберкулез);

қақырық – себебіне байланысты -

лейкоциттер, эритроциттер, эластикалық талшықтар; туберкулез таяқшалары, қатерлі жасушалар ж/е т.б.

Р-ген тексерісі – дөңгелек пішінді, сұйықтық деңгейі бар сурет

Өкпеде қуыс пайда болу синдромы

Сұрақтар

Қуыс пайда болу себептері?

Клиникалық көріністері ерекшеліктерінің себептері?

Перкуссия, пальпация және аускультация сипаттамасы?

Қосымша зерттеу әдістері?

Дәрістер

Тыңдағандарыңызға рахмет!

Сұрақтар???



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу