Тыныс алу ағзаларының аурулары
ТЫНЫС АЛУ АҒЗАЛАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫДәрісті құрастырған м.ғ.к. Серікбай М.Қ.
Тыныс алу ағзаларының аурулары: барлық аурулардың ішінде жиі таралған және өлім себебі жоғары аурулар.
Тыныс алу ағзаларының патологиялық үрдістері тыныс алу гипоксиясына, ал гипоксия ішкі ағзалардың дистрофиялық, атрофиялық және склерозды өзгерістеріне алып келеді.
N. Engleberg мәліметі бойынша жыл сайын дүние жүзінде ауруханадан тыс пневмониядан 1млн адам қайтыс болады.
АҚШ-та 1жылда 500 мың
Ресейде 1 жылда 3000
Жиі жас балалар мен қарт адамдарда және иммунтапшылық аурулрында, респираторлы вирусты инфекциялардан кейін дамиды
Архив патология. 2013ж. N3
Тыныс алу ағзаларынан ауа құрамындағы шаң-тозаңдар, микроорганизмдер, аллергендер, тыныс жолының шырышты қабығына, кейде альвеолаларға қонып, сыртқа шығарылып отырады.
Жергілікті қорғау механизмдері екі топқа бөлінеді:
Арнайы емес
Арнайы (иммундық)
Арнайы емес қорғау механизмдері
Кеңірдек-бронх жолдарының механикалық тазарылуы (жөтелу, түшкіру)
Мукоцилиарлық (бронх, кеңірдек эпителии бездердің бөліп шығаратын шырыштары)
Гуморалдық (лизоцим, лактоферин, интерферон, эндогенді пирогендер)
Жасушалық (альвеола макрофагтары мен нейтрофильдері)
Арнайы (иммундық) қорғау механизмдеріне
Өкпенің өзіндегі, жергілікті,иммундық жүйе жасушалары жатады:
Т-лимфоциттер
Альвеола макрофагтары
Сурфактант (липидті – белокты – полисахаридті кешен )
Бронхтар мен өкпе ауруларының себебі:
вирустар
бактериялар
микоплазмалар
саңырауқұлақтар жəне т.б. инфекциялар
қоршаған ортаның ластануы
əртүрлі аллергендер
Өкпенің инфекциялық аурулары:Жедел пневмониялар:
Ошақты( бронхопневмония)
Крупозды
Пневмония ошақтарының көлемінеқарай :Ацинусты
Бөлікті
Сегментті
Көпсегментті түрлері бар.
Этиологиясы:
Біріншілік пневмония- Streptococcus pneumonіae яғни пневмо-коктар 93-97%
10%-гемофилді таяқшалар, аз мөлшерде стрепто-коктар мен стафилококтар
Екіншілік пневмония(аурухана ішіндегі)
қоздырушысы – шартты патогендер)
Легионеллалар
Патогенезі
Инфекция өкпеге үш жолмен түседі:
ауа-тамшылы
бронх арқылы
қанмен (гемотогенді)
лимфамен (лимфогенді)
Біріншілік пневмонияларда инфекция ауа тамшылы жолмен бронх арқылы түсіп, қоздырушылары бронхиолада көбейіп, одан өкпеге өтеді.
Екіншілік пневмонияларға гематогенді жолмен даму тəн.
Көкірек жарақаттанғанда инфекция лимфа жолымен түседі
Аспирациялы пневмония
Патологиялық анатомиясы
Пневмония ошағы өкпенің артқы жəне төменгі бөліктерінде орналасады
Реңі қызғылт-сұр,
Көлденеңі 1-3 см ошақтар
Өкпені кесіп қарағанда ошақтар
кесінді үстінен шығыңқырап тұрады,
Өкпе тіні кесіп қарағанда ауасыз, құрғақтау, беті тегіс немесе түйіршікті, өзінен іріңді сұйықтық бөліп тұрады.
Микроскоппен қарағанда.
Пневмококтар тудыратын ошақты пневмонияларда серозды-іріңді немесе фибринозды қабыну көрінеді.
Стафилококтық пневмониялар -өкпе тінін некрозға ұшыратады, көптеген майда іріңді қабыну ошақтары іріленіп, абсцестерге айналады
Вирустық пневмониялар
Вирустар тыныс жолдарының жəне
альвеолалардың эпителиінде көбейіп, олардың (дистрофиясы мен некрозына, десквамациясына) себеп болады
Эпителий тінінде регенерация үдерісі басталып, кейде көп ядролы ірі жасушалар пайда боладыевмония
Вирустық-бактериялық пн
Крупозды пневмония
Пневмококтар қоздыратын өкпенің бір немесе бірнеше бөліктерінің жəне плевраның жедел фибринді қабынумен сипатталады.
Сондықтан: Лобарлы немесе плевропневмония деп аталады
Этиологиясы.
Жиі: пневмококтардың 1, 2, 3,7-ші типтері
Өте сирек жағдайларда :
Фридлендердің диплобациласы
Афанасьев-Пфейфер бацилласы
стафилококтар
Даму механизмі:
Крупозды пневмонияның дамуында организм реактивтігінің маңызы зор.
Крупозды пневмония жедел инфекциялық-аллергиялық ауру түрінде өтеді.
Патологиялық анатомиясы
Крупозды пневмония 4 кезеңнен өтеді :
1) қан көп келу
2) қызыл бауырлану
3) сұр бауырлану
4) шешілу кезең 9-11-ші күн («спленизация»).
Асқынулары:
өкпелік
өкпеден тыс
Өкпелік асқынулар:
Қабыну ошағындағы фибринге бай экссудаттың толық сорылып кетпеуіне байланысты:
жас дəнекер тін өсіп (организация)
сол жерде ет тəрізді тін түзіледі- карнификация (латынша «сarno - ет»)
Өкпе карнификациясы
Өкпе карнификациясы
Өкпе карнификациясы
Қабыну ошағында лейкоциттер белсенділігі күшейгенде:Абсцестер
Іріңді плеврит
Өкпе эмпиемасы
Пиопневмоторакс
Өкпе гангренасы
Өкпе абсцесі
Өкпеден тыс асқыну
пневмококтардың лимфа немесе қан арқылы таралуына байланысты :
іріңді медиастенит
перикардит, полипозды-жаралы
эндокардит,перитонит
іріңді менингит, ми абсцесі, іріңді артрит, сепсис кіреді.
Өкпе абсцесі мен гангренасы«деструктивті пневмония»Өкпеде деструктивті үдерістердің дамуында бронхтардың тазарылу (дренаж) қызметінің бұзылуы мен организмнің реактивтігінің төмендеуінің маңызы зор.
Этиологиясы- спора түзбейтін шартты – анаэробты микроорганизмдер, (бактероидтар, фузобактериялар жəне анаэробты коктар) қоздырады
Патологиялық анатомиясы
Өкпе абсцесі : негізінен өкпедегі некрозға ұшыраған пневмония ошақтары мен бронхоэктаз қуыстарының іріңді қабынуы нəтижесінде пайда болады.
Өкпені кесіп қарағанда көлемі мен пішіні əртүрлі, іріңге толған ошақтар
көрінеді.
Өкпе абсцесі
Өкпе абсцесінің микро көрінісі:
Өкпе гангренасы
Пневмония немесе абсцесс ошақтарына шірітуші микро-организмдер түскенде дамып, өкпенің некрозына, оның іріп-шіріп иістенуі.
Гангренаға ұшыраған тіннің түсі өзгеріп қара сұр, жасыл-сұр түске енеді.
Өкпенің созылмалы аурулары екі топқа бөледі:
1. Өкпенің созылмалы обструктивті аурулары:
Созылмалы бронхит
Бронхоэктазиялық ауру
Өкпе эмфиземасы
Өкпе демікпесі немесе бронхтық астма
Созылмалы бронхит
Бронхтардың қабынуына байланысты олардың секрециясының күшеюмен, ауа жолдарының тазару қызметінің жəне өткізгіштік қасиеттерінің үдемелі бұзылуымен сипатталады.
Клиникасы (ең кемінде екі жыл бойы 3 айдан) жөтелу жəне қақырық шығару белгілерімен өтеді.
Созылмалы бронхиттің дамуында:
Экзогенді факторлардың орны ерекше
Қоршаған ортаның, ауаның əртүрлі ластануы, зиянды химиялық жəне физикалық факторлар, кəсіби сырқаттар(пневмокониоздар), шылым шегу т.б.
Ауа райының қолайсыздығы (суық жəне дымқыл ауа), инфекциялар.
Жергілікті қорғаныс жүйесінің дефектері
Созылмалы бронхиттің клинико-морфологиялық жіктелуі.
1) обструкциялық-катаралды
2) обструкциялық-іріңді
3) обструкциясыз
4) обструкциясыз-іріңді.
Патологиялық анатомиясы
Макро:Бронхтар қабырғасының қалыңдауы, жұқаруы немесе деформациялануы.
Бронхтың ішінде шырышты немесе шырышты-іріңді экссудаттың болуы
Микро: бронхтардың шырышты қабатындағы бездердің көлемінің ұлғаюы мен бокал тəрізді жасушалар санының көбеюі, дистрофиясы жəне некроздануы байқалады.
Обструкциялы-катаралды бронхиттің морфологиясы
Бронхтар ішінде шырышты экссудаттың жиналуы :
Мезобронхит
Панбронхит
Перибронхит
Деструктивті бронхит .
Сонымен қатар шырышты қабатының облитерациясы, метаплазиясы жəне склерозы
Асқыну түрлері
Өкпе қан тамырларының склерозы
Өкпе тінінің пневмосклерозы
Эмфиземасы
Өкпеде қан айналу қиындап, жүректің оң қарыншасы гипертрофиялануы.
Өкпе-жүрек синдромының дамуы.
Бронхоэктазиялық ауру
Бронхтардың кеңейіп кетуіне (бронхоэктаз) дамиды.
Түрлері: туа біткен жəне жүре пайда болған
Жүре пайда болған бронхоэктаздар:
цилиндрлі, ұршық тəрізді, қап тәрізді.
Асқыну түрлеріне: өкпеден қан кету, амилоидоз, созылмалы жүрек-өкпе жетіспеушіліктері жатады.
Бронхоэктаз
Өкпенің рестриктивті аурулары
Өкпенің интерстициалдық аурулары-
өкпе паренхимасының жəне өкпенің
тіршілік сиымдылығының азаюымен сипатталады.
Клиникалық белгілері тыныс жолдарының өткізгіштігінің бұзылуы жəне тыныс шығарудың қиындауымен жүреді.
Өкпе ателектазы
Альвеолаларға ауа өтпей қалуына байланысты өкпенің немесе оның бір бөлігінің ауасыздануып, қабысып (коллапс) қалуы.
Түрлері: обтурациялық, компрессиялық жəне майда ошақтық (микроателектаз).
Өкпе эмфиземасы
Терминалды бронхиолалардан төменгі аймақта ауаның көп жиналып қалуы жəне альвеоларалық қалқаның деструкциясы нəтижесінде, өкпе көлемінің өте үлкейіп кетуі.
Түрлері: панацинус, центриацинус, периацинустық , иррегулярлық (тыртық жанындағы) викарлы; біріншілік (идиопатиялық); қарттық эмфиземалар.
Патологиялық анатомиясы.
Макро: мәйітті ашып көргенде өкпелердің ақшыл-сұр түсті, ауаға толып көкірек қуысын толық алып жатқаны, кейде өкпенің сыртында қабырғалардың ізі көрінеді, кескенде қышырлаған дыбыс шығады.
Микро: бронхтарда созылмалы қабынуын, альвеола аралық қалқалардың фиброзын, эластикалық талшықтардың жұқарғанын, капиллярлар санының азайып кеткендігін (редукциясын) көреміз
Өкпе эмфиземасы
Өкпе эмфиземасы
Өкпе эмфиземасы
Бронхтық астма (өкпе демікпесі)Бронхтардың əртүрлі тітіркендіргіштерге
сезімталдығының артып кетуіне жəне олардың тарылып қалуына байланысты өкпеден ауаның шығып кетуінің қиындауынан, астмалық статус жағдайына соқтыратын, тыныс жолдарының созылмалы, қайталанушы
сырқаты.
.
Этиологиясы
1. Экзогендік немесе атопиялық (аллергиялық)
2. Эндогендік (иммунологиялық механизмдерге байланыссыз)
Макро: өкпе ақшыл сұр түсті, ауамен толған, ал майда бронхтардың ішінде сұр түсті шырышты заттардан түзілген жылтыр тығындар табылады.
Микро: бронх ішінде плазмалық, эозинофилді шырышты заттар, Куршман спиралдары, Шарко-Лейден кристалдары көрінеді.
Бронхтық астма (өкпе демікпесі)
Өкпенің ісінуі
Өкпенің ісінуі
Назар салып
тыңдағандарыңызға рахмет !!!Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?