Темір туралы
Темір
Мазмұны:
Периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы
Табиғатта таралуы
Өнеркәсіпте алынуы
Физикалық қасиеттері
Химиялық қасиеттері
Темірдің маңызды қосылыстары
Қолданылуы
Құрамында темірі бар қосылыстар
Жалпы сипаттама. Периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы
Темір – VIIIБ топ элементі, d - элемент. Темірдің валенттік электрондары сыртқы s-e және сырттан санағанда екінші деңгейдегі d-e болып табылады, сондықтан ол ауыспалы тотығу дәрежелерін көрсетеді.
Next
Электрондық формуласы:
1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d6 4s2
1s2
2s2
2p6
3s2
3p6
3d6
4s2
Next
Темір химиялық реакцияларда 2 немесе 3 электрон беріп, өзінің тұрақты қосылыстарында +2 және +3 тотығу дәрежелерін көрсетеді:
Fe0 – 2e Fe2+
Fe0 – 3e Fe3+
Темірдің тотығу дәрежесі +6 (K2FeO4 – калий ферраты) болатын тұрақтылығы төмен қосылыстары белгілі.
Back
Табиғатта таралуы
Темір – табиғатта таралуы бойынша екінші металл. Оның жер қыртысындағы үлесі 5,1%. Көптеген метеориттердің құрамында темір бар, сондықтан оны ертеде “аспан” және “жұлдыз” тасы деп атаған. Жер қыртысында темір көптеген минералдар түзеді. Темірдің маңызды өнеркәсіптік кендері: қызыл теміртас (Fe2O3), магниттік теміртас (Fe3O4), пирит (FeS2). Елімізде темір кендерінің үлкен қоры Рудный темір кені бассейінінде және Орталық Қазақстанда бар. Қазіргі уақытта елімізде бірнеше жүздеген кен орындары мен кен ошақтары белгілі. Көптеген кен орындарында кендердің аз тереңдікте орналасуы оларды арзан ашық әдіспен өндіруге мүмкіндік береді.
Темір минералды сулардың құрамына сульфат (FeSO4) және гидрокарбонат Fe(HCO3)2 түрінде кіреді.
Темір тұздары теңіз суларында бар, мұхит түбінде темірге бай табиғи шөгінділер кездеседі.
Next
Next
Минералдар:
Магнетит
Гематит
Next
Лимонит
Пирит
Қазақстанда темірдің бай қоры бар, ол Торғай темір кенді бассейнінде және Орталық Қазақстанда орналасқан. Қазіргі кезде елімізде темірдің жүздеген кен орындары мен кен жылғалары белгілі болып отыр. Көптеген кен орындарындағы кеннің жер бетіне жақын жатуы оны арзан, ашық әдіспен өндіруге мүмкіндік береді.
Темір сульфат және гидрокарбонат түрінде минералды сулардың құрамына кіреді. Темір тұздары теңіз суларында да бар, сол сияқты мұхиттардың түбінде де темірге әжептәуір бай табиғи шөгінділер кездеседі.
Темір тірі организмдерде де болады. Ересек адамның денесінде 4-5 грамм темір бар. Оның 65%-і қандағы гемоглобиннің құрамына кіреді. Гемоглобин қанға қызыл түс береді және тыныс алу процесінде оттекті әр түрлі ұлпаларға тасымалдайды. Қанның құрамында темірдің жетіспеуі қан азаюына әкеліп, адам денсаулығын әлсіретеді.
Байланысқан күйдегі темір көптеген тағамдық өнімдерде: қара нан, картоп, алма, өрік, қарақұмық жармасында кездеседі. Бұл өнімдерді әркім өзінің тамақтану рационына кіргізіп, қан азаюының алдын алуға тиісті.
Back
Өнеркәсіпте алынуы:
Темірді 3 түрлі әдіспен алуға болады:
Пирометаллургиялық әдіспен:
оксидінен тотықсыздандыру арқылы:
Fe2O3 + 3H2 = 2Fe + 3H2O
соның ішінде алюминтермиялық әдіспен:
Fe2O3 + 2Al = Al2O3 + 2Fe
және көміртек (ІІ) оксидімен тотықсыздан-дыру арқылы:
Fe3O4 + 4CO = 3Fe + 4CO2
Back
Физикалық қасиеттері:
Темір – жылтыр, күміс түстес ақ металл, оның тығыздығы – 7,87 г/см3. Балқу температурасы жоғары – 15390С. Темір иілімді, магниттелетін және оны жоғалтатын қасиеті бар, осыған орай техникада кеңінен қолданылады. Темірді электрмотор, электрмагнит трансформаторларының өзекшесін және микрофон мембранасын жасауға қолданылады. Іс жүзінде темірдің құймалары – шойын мен болат көбірек қолданылады.
Back
Химиялық қасиеттері:
I. Жай заттармен әрекеттесуі:
Темір оттекте жанғанда екі тотығу дәрежесін де (+2, +3) көрсетеді, ұшқын шашыратып жанады:
3Fe + 2O2 = Fe3O4
Next
Ылғалды ауада тат түзеді:
4Fe + 2H2O + 3O2 = 4FeO(OH)
Белсенді бейметалдар темірді тотықтырады:
2Fe + 3Cl2 = 2Fe3+ Cl3-
Fe + S = FeS
3Fe + C = Fe3C
Next
II. Күрделі заттармен әрекеттесуі:
Қатты қыздырылған темір су буымен әрекеттеседі:
Fe + H2O = FeO + H2
Концентрлі азот және күкірт қышқылдарында темір енжарланады, өйткені ерімейтін қосылыстардың қорғағыш қабатшасымен қапталады.
Сұйылтылған азот және күкірт қышқылдарымен әрекеттесіп, темір тотықсызданады:
Fe + 4HNO3(сұйық) = Fe(NO3)3 + NO + 2H2O
Fe + H2SO4(сұйық) = FeSO4 + H2
Темір белсенділігі төмен металдарды олардың тұздарынан тотықсыздандырып, ығыстырып шығарады:
Fe + CuCl2 = FeCl2 + Cu
Back
Темірдің маңызды қосылыстары:
Темір (ІІ) оксиді немесе (FeO) – негіздік оксид, оңай тотығатын қара ұнтақ, оны мына реакция бойынша алады:
Fe2O3 + CO 2FeO + CO2
Қышқылдармен және қышқылдық оксидтермен әрекеттесіп тұз түзеді:
FeO + 2HCl = FeCl2 + H2O
FeO + CO2 = FeCO3
Next
Темір (ІІІ) оксиді Fe2O3 – амфотерлі оксид, бірақ негіздік қасиеті басымдау, ең тұрақты оксид, қызыл-қоңыр түсті, минералы гематит.
І. Алынуы: 1) 2Fe(OH)3 = Fe2O3 + 3H2O
2) 3Fe + 2O2 = Fe3O4
3) 3Fe + 4HOH = Fe3O4 + 4H2
ІІ. Химиялық қасиеттері:
қышқылмен Fe2O3 + 3H2SO4 = Fe2(SO4)3 + 3H2O
қышқылдық оксидпен Fe2O3 + 3SO3 = Fe2(SO4)3
негізбен Fe2O3 + 2NaOH = 2NaFeO2 + H2O
Next
Темірдің гидроксидтері
Темірдің ІІ және ІІІ валентті оксидтеріне екі түрлі гидроксидтері сәйкес келеді.
Fe (II) гидроксиді – ақ түсті, ал Fe (III) гидроксиді – қызыл-қоңыр түсті. Олар суда ерімейтін заттар.
І. Алынуы. FeCl2 + 2NaOH = Fe(OH)2 + 2NaCl
FeCl3 + 2NaOH = Fe(OH)3 + 3NaCl
4Fe(OH)2 + O2 + 2H2O = 4Fe(OH)3
Next
Темірдің маңызды қосылыстарын анықтау:
Fe+2 және Fe+3 иондарын сары және қызыл қан тұздарының көмегімен анықтайды.
3FeCl2 + 2K3[Fe(CN)6] = Fe3[Fe(CN)6]2 + 6KCl
турунбул көгі
4FeCl3 + 3K4[Fe(CN)6] = Fe4[Fe(CN)6]3 + 12KCl
берлин көгі
Back
Қолданылуы:
Темір купоросы (FeSO4 ∙ 7H2O) – ағаш сүрлеуде;
Fe3C – цементит шойында қолданылады.
(NH4)2SO4 ∙ FeSO4 ∙ 6H2O – Мор тұзы, тотықсыздандырғыш ретінде пайдаланылады.
Fe(NH4)2 ∙ (SO4)2 ∙ 12H2O – темір-аммонийлі ашудас, тері илеуде қолданылады.
Fe2O3 – темір сүрегі (бояу) шатырларды бояуда, болат пен шыны беттерін тегістеуде, термиялық пісіруде қолданылады.
Next
Ат әбзелдері. Құрамы: темір,
күміс және т.б.
Ұзындығы 24 см.
ХІ ғ-да жасалған.
Next
Ерте кездегі темірден жасалған қайшы. Ұзындығы – 15,5 см. XIV ғасырдың екінші жартысы.
Next
Next
Балта.
Ұзындығы – 16 см. ХІ ғасыр.
Next
Темірден жасалған құлып.
Ұзындығы – 8,5 см.
ХІІ ғасыр.
Next
Next
Темірден жасалған әр түрлі қару-жарақтар.
Х – ХІІ ғасырлар.
Next
Темірден жасалған кілттер
Back
Құрамында темір бар қосылыстар.
Кальций силикаты
және темір
Хром және темір
қосылыстары
Темір, ванадий
және т.б.
Темір, марганец
және стронций
Темір және
алюминий қосылысы
Құрамында 9%-дық
темірі бар қоспа
Next
Back
Next
Next
Back
Back
Back
Back
Back
Темірдің құймалары:
Next
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?