Педагогика ғылымының даму тарихы
Тәрбие туралы мәселелер Ежелгі Рим философтары мен шешендерінің де еңбектерінде орын алған. Қызықты педагогикалық ойларды Лукреций Кар (б.з.д. 99-55 жж.шамасында), М.Ф.Квинтилиан (б.з.д.42-118жж.) және т.б. айтқан.
Марк Фабий Квинтилиан (римдік) алғашқы кәсіптенген педагог болып табылады. Ол гармонияға дұрыс ұйымдастырылған оқыту арқылы жетуге болады деген. Мұнда ол балалардың жалпыгуманитарлық дамуына басты назар аударған. Белгілі «Наставление в ораторском искусстве» атты еңбектің авторы. Шешендік өнерге арналған қоғамдық қызметке даярланушы жастар білім алған алғашқы қоғамдық мектеп ашқан.
Квинтилиан алғаш рет мұғалімнің тұлғасына талап қойған:
Білімді жетілдіру;
Балаларға деген сүйіспеншілік;
Олардың жеке тұлғасына деген құрмет;
Әрбір оқушыда мұғалімге деген сүйіспеншілік пен сенім қалыптасатындай етіп іс-әрекетті ұйымдастырудың қажеттігі.
Орта ғасырларда тәрбие мәселелері құдайға құлшылық етуші философтар еңбектерінде діни тұрғыда қарастырылды.
Қайта өрлеу дәуірінде (XIV-XVI ғғ.) педагогикалық ойлар одан ары өрбіді. Осы дәуірдің ерекше өкілдері итальяндық гуманист Витторио да Фельтре (1378-1446), испандық философ және педагог Хуан Вивес (1442-1540), нидерландық ойшыл Эразм Роттердамскийлер (1465-1536). Олар жаттанды оқуды сынады, балаларға гуманды қарым-қатынас жасау керектігін және оларды басып-жаншудан құтқару қажеттігін атап өтті.
Тәрбие туралы теорияның қарқынды дамуына қарамай педагогика көп жылдар бойы философия ілімінің қарапайым бір тармағы ретінде дамып келді. Тек XVII ғасырдың басында ғана философиялық білім жүйесінен дербес ғылым ретінде танылды. Педагогиканың жеке ғылым ретінде бөлініп шығуын көптеген ғалымдар ұлы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670) есімімен байланыстырады. Оның қалыптастырған принциптері, әдістері, балалармен оқу процесін ұйымдастыру формалары, адамгершілік тәрбиесі ғылыми-педагогикалық ғылымның бөлінбейтін бөлшегіне айналған.
Ғылыми педагогиканың қалыптасуына Франциядағы Ж.Ж.Руссо (1712-1778), Д.Дидро (1713-1784), К.А.Гельвеций (1715-1771), Англиядағы Джон Локк (1632-1704), Швейцарлық Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827), Фридрих Адольф Вильгельм Дистервег (1790-1866), Германиялық Иоганн Фридрих Гербарт (1776-1841) еңбектері орасан зор.
Орыс педагогикасының басында революциялық-демократиялық көзқарас өкілдері В.Г.Белинский (1811-1848), А.И.Герцен (1812-1870), Н.Г.Чернышевский (1828-1889) және В.А.Добролюбов (1836-1861) тұрды. Кеңестік ғылыми педагогиканың қалыптасуына Л.Н.Толстой (1828-1910), Н.И.Пирогов (1810-1881) еңбектері ықпал етті.
Кеңестік педагогиканың тұтастай да жүйелі қалыптасуына К.Д.Ушинскийдің (1824-1870), Н.К.Крупская (1869-1939), А.В.Луначарский (1875-1933), М.И.Калинин (1875-1946), А.С. Макаренко (1888-1939), В.А.Сухомлинский (1918-1970) еңбектерінің әсері орасан зор.
Қазақстандық педагогиканың қалыптасуына басында тұрған қазақ ағартушылары Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаевтар
Ежелгі Грециядағы тәрбиенің екі жүйесі:
Спартандық мемлекеттік тәрбие жүйесі
Афиналық тәрбие жүйесі.
Спартандық мемлекеттік тәрбие жүйесінің мақсаты – спартиат балаларын әскери даярлығы күшті, шыныққан, табанды, болашақ құл иеленушілер етіп тәрбиелеу.
Мемлекет балаларды туғаннан бастап бақылауда ұстаған, ақсақалдар жаңа туған баланы тексеріп, тек дендері сауларын ғана отбасына қайтарып беріп, әлсіздерін өлтіріп отырған;
балалар 7 жасқа дейін үйде тәрбиеленді;
7 жастан бастап мемлекеттік тәрбие мекемелерінде дене тәрбиесі және әскери жаттығулармен айналысуына ерекше ден қойылды;
Балалардың денесін шынықтыру, аштыққа, суыққа, шөлге, қиыншылыққа төзімділікке үйрету көзделді;
Жас спартиаттар жүгіруге, секіруге, найзаласуға, күресе білуге, жекпе-жек тәсілдерін меңгеруге, әскери әндер, саз айтуға, діни билер үйретілді;
18-20 жаста эфебия, демек әскери қызмет атқаратын топқа назар аударылды;
Қыз балаларға да әскери дене тәрбиесі берілді.
Афиналық тәрбие жүйесінің (б.з.д. V-VI ғ.) мақсаты - әскери жауынгерлер дайындау ғана емес, білімді, қабілетті, жан-жақты үйлесімді дамыған жастарды тәрбиелеу.
7 жасқа дейін ер балалар мен қыз балалар анасының басшылығымен үйде тәрбиеленді, олардың тәрбие ісіне бекітілген құлдар көмек көрсетті;
Қыз балалар 7 жастан асқанда анасының басшылығымен үйде отбасы тәрбиесін жалғастырады; ер балалар үйде жекеменшік мектептерге қатысады;
7-14 жас аралығында грамматист (оқу, жазу, санау) және кифарист (саз, ән-күй, тақпақ айту) бөлімдерінен тұратын мусикалық (мусическая) мектепке барады (мұғалімдер – дидасколар деп аталды);
14 жастан полестра (гимнастика, күрес) мектебіне қатысады, дене жаттығулары жүйесімен айналысты, оларды “пентатхлон” – пятиборье деп атады, оған жүгіру, секіру, күрес, диск, копье лақтыру енгізілді (мұғалімді педотриб деп атаған);
әлді отбасынан шыққан балалар философияны, саясатты, әдебиетті оқып үйрететін гимназияларда білімдерін жалғастырады;
18-20 жас аралығында балалар -эфебия (школа всадников) мектебінде оқыды , онда әскери қызметке даярланады, саяси білімдерін жалғастырады, елдің заңдарын оқып үйренеді;
Дене тәрбиесі, адамгершілік, ақыл-ой және эстетикалық тәрбие ерекше орында болды.
Ертедегі ғұлама грек ойшылдары Сократ, Платон, Демокрит, Аристотель және т.б. Грецияда педагогикалық ойлардың пайда болуында және қалыптасуында ерекше орын алады.
Демокрит (б.э.д. 460-370ж.) - философ-материалист, атомистік теорияның негізін салушы:
Жеке тұлға дамуның материалистік тұжырымдамасын ұсынды. Ол дүние материалдық, бір-бірінен түрі және жағдайы жағынан ерекшеленетін атомдардан тұрады. Организмнің өмірі мен өлімі атомдардың бірігуіне және ыдырауына әкеледі;
Жанның өлмейтінін жоққа шығарды. Ол адамның қалыптасуы оның табиғатына және тәрбиесіне байланысты деп түсіндірді;
Ортаға, үлкендердің үлгі-өнегесіне мән берді,
Материалистік таным теориясы бойынша білімнің басы түйсіктер екендігін, ал шындық ақыл арқылы іске асатындығын (теориялық ойлау), дәлелдеу, ақыл-ой тәрбиесінің мәселесін шешуде ерекше орында.
Сократ (б.з.д. 469-399ж.) – философ-идеалист:
Тәрбиенің мақсаты – заттардың табиғатын зерттеу емес, ол өзін-өзі танып білуі, адамгершілікті жетілдіруі болу керек.
Демокрит (б.э.д. 460-370ж.)
Сократ (б.з.д. 469-399ж.)
Платон (б.э.д. 427-347ж.) – философ-идеалист, Сократтың оқушысы, Аристотельдің ұстазы. Сабақты Афинаға жақын, өзінің Академа деген меншік жерінде (имение) өткізеді, міне осыдан академия деп аталатын жоғары оқу орнының аталуы шыққан.
Педагогикалық көзқарастарын білдірген еңбектері: «Мемлекет», «Заңдар»
Негізгі қағидалары:
«Мемлекет» атты еңбегінде «Математикаға тәрбиеленген, оған жаттыққан балалардың өзі, тіпті олар бұдан ешбір пайда алмаса да, бұрынғыға қарағанда қабылдаушылық қасиеті арта түседі» деп тәрбиешінің түсіндіретін ұғымдарын берік ететін жаттығуға ерекше мән берген;
Шәкірт білімді, икемділікті игеруде, оқу дағдыларын дамытуда зор ұқыптылыққа ие болуы қажет. Ол оқуда табысқа табандылық танытуы, үнемі жаттығуы және шыңдала түсуі керек. Қабылдаушылық қана емес, сондай-ақ оқу қызметі дағдыларын да жаттықтыра түсуі қажет. Бала өз ақыл-ойын үнемі жетілдіріп отыруға міндетті;
Тәрбиені мемлекет ұйымдастыруы қажет, өзінің мақсаты, мазмұны, әдістемесі бойынша үстем таптың мүддесіне толықтай сәйкес болуы қажет.
Платон (б.э.д. 427-347ж.)
Шәкірт білімді, икемділікті игеруде, оқу дағдыларын дамытуда зор ұқыптылыққа ие болуы қажет. Ол оқуда табысқа табандылық танытуы, үнемі жаттығуы және шыңдала түсуі керек. Қабылдаушылық қана емес, сондай-ақ оқу қызметі дағдыларын да жаттықтыра түсуі қажет. Бала өз ақыл-ойын үнемі жетілдіріп отыруға міндетті;
Тәрбиені мемлекет ұйымдастыруы қажет, өзінің мақсаты, мазмұны, әдістемесі бойынша үстем таптың мүддесіне толықтай сәйкес болуы қажет.
Тәрбие дегеніміз үлкендердің балаларға әсер етуі, балаларда адамгершілікті, қайырымдылықты қалыптастырулары.
«Оқу» ұғымына ғылымдарды оқып-үйрену арқылы білімді меңгеруді жатқызды, «шындық үшін ойлауды пайдалану да жанды ояту» деп түсінді. «Кішкентай балалардың ішкі негізі эмоциялар болып табылады» деді.
Ойын, әдеби шығармалар, мифтерді балаларға оқу мен айтып беру тәрбие құралы.
Платон балаларға жас кезінен бастап қоғамдық тәрбие беру идеясын және оны ұйымдастырудың жүйесін ұсынды:
3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар мемлекет тағайындаған тәрбиешілердің қарамағында тәрбие алады және тәрбиелеудің негізгі құралы ойын;
7 жастан 12 жасқа дейін оқуды, жазуды, санауды, саз өнерін, ән-күйді үйрететін мемлекеттік мектепке бару;
12-16 жас аралығында дене тәрбиесімен айналысатын мектепке – полестраға қатысу.
16 жастан – арифметиканы, геометрияны, астрономияны оқып үйрену;
18-20 жас аралығында эфебияда арнайы әскери әскери-дене даярлығын алу;
20 жастан бастап ақыл-ой сабақтарында ешқандай қабілеттілігін
байқатпаған жастар әскер қатарына алыну;
30 жасқа дейінгі қабілетті жастар философияны, арифметиканы,
геометрияны, астрономияны және саз теориясын үйрететін білім берудің жоғарғы үшінші сатысына өту;
35 тен 50 жасқа дейін мемлекетті басқару ісімен айналысу.
Аристотель (б.з.д 384-322ж.) – гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдарының негізін салушы белгілі философ, ғалым. Ликейдегі (білім беру мекемесі – лицей осыдан пайда болған) мектептің негізін қалаушы. А.Македонскийдің тәрбиешісі, Платонның шәкірті.
Аристотель еңбектері 4 топқа бөлінеді:
Логика,
Метафизика және жаратылыстану,
Этика және саясат,
Поэтика және риторика.
Тәрбиенің мақсаты – табиғатпен тығыз байланысты жанның барлық жақтарын үйлесімді дамыту;
Оқуды «өзіне емес, отанға тиісті», қоғам үшін пайдалы адам дайындаумен байланысты қоғамның өмір сүру формасы ретінде қарастырған;
Әрбір тәрбиеші өз қызметін әлеуметтендіруге, яғни қоғамға пайдалы адам тә рбиелеуге бағыттайды деген идеяны ұстанған;
Баланың табиғатына сәйкес адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесін ұйымдастыру және балалардың жас ерекшеліктерін ескеру;
Шығармашылықтың бастапқы нүктесі ретінде адамның белсенділігін, өз бетінше әрекеті мен икемділігін атап өткен;
Балаларды дамуына қарай жас кезеңдеріне бөлуді алғаш ұсынған:
туғаннан 7 жасқа дейінгі кезең;
7 жастан 14 жасқа дейін;
14 жастан 21 жасқа дейін.
Отбасы тәрбиесіне, дене тәрбиесіне ерекше мән берген;
Саз өнерін адамгершілік және эстетикалық тәрбиенің құралы ретінде бағалаған.
Аристотель (б.з.д 384-322ж.)
Чехтың ұлы ағартушысы, сыныптық-сабақтық жүйенің, дидактикалық принциптердің, пансофияның (табиғат пен қоғам туралы энциклопедия), «дидактиканың алтын ережелерінің» авторы Ян Амос Коменский (1592-1670).
Ян Амос Коменскийдің әлемге танымал шығармалары:
«Ұлы дидактика» (1657ж.) – әлемдік педагогикалық еңбектердің ішіндегі тұңғыш ғылыми-педагогикалық еңбек;
«Картинкада бейнеленген әлем» (Шарош-Патаке, 1650-1654ж.) оқулық,
«Жалпыға кеңес»,
«Ана мектебі» (мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуге жетекшілік туралы жазылған)
«Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары»
«Жастарға арналған мінез-құлық ережелері» және т.б.
«Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі» (Открытая дверь языков и всех наук) (1631),
«Чех тілінің қазынасы» (Венгрия, 1654ж.)
«Лабиринт света и рай сердца» (1623);
«Предвестник всеобщей мудрости»,
«Всеобщий совет об исправлении дел человеческих»,
«Одна необходимость» және т.б.
Ян Амос Коменский
(1592-1670)
Педагогиканы философиядан алып, оның ғылым ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосқан.
Оқытудың ең негізгі және ұтымды түрі сыныптық-сабақтық жүйе деп белгілеген.
оқыту теориясын ғана емес, тәрбие теориясын да қамтыған «Ұлы дидактика» еңбегінің авторы;
Оқу материалын оқушыларға түсінікті етіп баяндау үшін өте қажетті дидактикалық принциптерді (көрнекілік, жүйелілік, бірізділік) ұсынды;
Оқытудың төмендегідей кезеңдерін береді: автопсия (өзбетті бақылау); автопраксия (практикалық әрекет); автохрессия (меңгерілген білім мен іскерлікті қолдану); автолексия (өз еңбегінің нәтижесін әңгімелеу іскерлігі); сондай-ақ, білім беру кезеңінің адамның жасына сәйкестігі.
Я.А.Коменскийдің педагогикалық идеяларының мәні мынада:
жалпы мен ерекшенің, тұтастық пен жеке бөліктердің, даму мен тәрбиенің, білім берудің қоғамдық жүйесімен тұтастай жеке тұлғаның табиғи да баяу еркін дамуының, дербес және қоғамдық дамудың бірлігі;
тәрбиенің үш құрамдас бөлігі: ғылыми білім алу, адамгершілік тәрбиесі, діни тәрбие;
жеке тұлғаның жан-жақты дамуы;
адам - табиғаттың перзенті, сондықтан барлық педагогикалық құралдар адамның табиғатына сәйкес болуы қажет. Тәрбиенің «табиғатқа сәйкестігі» принципі дегеніміз адамның рухани өмірінің заңдарын зерттеу мен олармен барлық педагогикалық әсер етулерді үйлестіру;
табиғатты, адамды және оның іс-әрекетін басқаратын басты принциптердің бірлігін мойындауы;
Білім беру мен оқытудың оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес жүруін, жеке пәндердің өмірмен байланысты салыстырмалы әдістермен оқытылуын талап етті;
оқыту мен тәрбиелеу мақсатының тығыз байланысты болуын талап етті;
ана тілі негізінде жан-жақты білім беру;
оқытуға қойылатын негізгі талаптар: оқытуды ертерек бастау, оқу материалының баланың жасына сәйкестігі. Оқытудың «жақыннан алысқа», «белгіліден белгісізге», «қарапайымнан күрделіге», «нақтылыдан абстрактіліге» қарай көшіп отырудың ережесінің құрылуы;
танымның үш көзі: сезім, ақыл, сенім;
тәрбие мақсаты тек қана білімді меңгеру ғана емес, моральдық сапаларды дамыту да (ең алдымен, шыншылдық, батылдық, өз күшіне сенімділік);
бәрін де барлығына оқыту.
Пәнаралық байланыс туралы: «өзара байланысы бар нәрселердің бәрі, сондай байланыс күйінде оқытылуы керек».
«Ұлы дидактика» туралы. Еңбек алғаш чех тілінде жазылып, 1638ж. латын тіліне өзі аударған. Чех тіліндегі тараулар саны - 30; латын тіліндегі тараулар саны - 33. 1657ж. ең алғаш рет Амстердамдық педагогикалық еңбектер баспаханасында басылым көрген. Еңбек көпке дейін ұмтылып тек ХІХ ғ. ортасында ғана европалық оқырмандарды педагогикалық әдебиеттердегі классикалық еңбек ретінде қызықтыра бастаған. Барлық мемлекеттерде педагогикалық салада жұмыс жасайтындардың барлығы еңбекпен танысуға тиіс болды. Ұлы дидактика ХVІІғ. тиесілі еңбек болғандықтан, онда көбінікей діни көзқарастар көрініс тапқан.
«Ұлы дидактикадағы» оқыту мен тәрбие мазмұндалған бөлімдер:
Адам ең жоғары, ең кемеліне жеткен ерекше жаратылыс.
IV. Мәңгілікке даярланудың үш кезеңі бар: өзін-өзі тану (өзімен бірге бәрін тану), өзіңді басқару және құдайға ұмтылу.
V. Білім, ізгілік бізге табиғаттан берілген.
VI. Адам, егер ол адам болғысы келсе білім алуы керек.
VII. Адам ерте жастан білім алса, ол әлдеқайда тиімді болмақ.
VIII. Жасөспірім білімді бірлесіп алуы керек және ол үшін мектептер қажет.
IX. Мектепке екі жыныс өкілдерінің жастарын сеніп тапсыру қажет.
X. Мектептегі оқу жан-жақты болуы қажет.
XI. Осы уақытқа дейін барлық талапқа сәйкес мектеп болған жоқ.
XII. Мектептерді көркейту қажет.
XIII. Мектепті көркейту үшін барлығында тәртіп болуы қажет.
XIV. Мектептегі нақты тәртіпті табиғаттағы тәртіптен алу қажет.
XV. Тіршілікті жалғастыру негіздері.
XVI. Оқытуға қойылатын жалпы талаптар, яғни қалай оқыту және қалай оқу қажет.
XVII. Оқытуды жеңілдету негіздері.
XVIII. Оқытуды бекіту негіздері.
XIX. Оқытудың қысқа жолдарының негіздері.
XX. Жекелей ғылымдар әдістері.
XXI. Өнер әдістері.
XXII. Тілдік әдістер.
XXIII. Адамгершілікке тәрбиелеу әдістері.
XXIV. Ізгілікті орнату әдістері.
XXVI. Мектептегі тәртіп туралы
XXVII. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен жетістіктеріне сәйкес мектеп құрылымын төртке бөлу туралы.
1)Туғаннан 6 жасқа дейінгі кезең – «Ана мектебі»;
2) 6-12 жасқа дейін – «Ана тілі мектебі»;
3) 12-18 жасқа дейін – «Латын мектебі», гимназия;
4)18-24 жасқа дейін – академия.
XXVIII. Ана мектебі очеркі (идеясы).
XXIX. Ана тілі мектебі идеясы.
XXX. Латын мектебі очеркі.
XXXI. Академия, әлемге саяхат туралы.
XXXII. Мектепті жалпыға бірдей толықтай ұйымдастыру туралы.
XXXIII. Осы жалпыға бірдей әдістерді практикалық қолдануға қажетті
жағдайлар туралы.
Джон Локк (1632-1704) - ағылшын философы, әрі ағартушысы
Негізгі еңбектері: “Тәрбие туралы ойлар”:
Тәрбие теориясына басты назар аударды. Тәрбие мақсаты - білімді, іскер, өз ісіне сенімді, адамгершілігі мол «джентельмен» тәрбиелеу.
Баланы «таза тақтаға» теңеді; бала – не жазғың келсе соны жазуға болатын «ақ тақта» сияқты тап-таза.
қоғамға пайдалы білім алатын, дене және рухани жағынан тұтас адамды дамыту қажет;
ізеттілік – ұзақ уақыт бойында адамда ләззатқа батырады, қайғы-мұңды азайтады. Моральдық ізеттілік – ерікті түрде адам ерік-жігерінің тәңірі берген еріктің қарамағындағы – шынайы моральдың негізі - қоғам және табиғат заңына бағынулары;
жеке тұлға мен қоғамдық қызығушылық арасындағы үйлесімділік есті және тақуалық мінез-құлық арқылы жүзеге асады.
Локк бойынша тәрбие идеалы – джентльмен – жоғары білімді және іскер адам. Әрине бұл жоғары деңгейдегі ортадан шыққан, үйге шақырылған мұғалімдер мен тәрбиешілерден тәрбие мен білім алған адам. Джентльмен – адамдармен қарым-қатынаста ерекше, іскер адамдардың сапаларын меңгерген адам. Осы ерекшеліктер XVIII-XXғ. батыстық тәрбие-білім беру дәстүрлері негізіне айналған.
Джентльменді тәрбиелеу процесі бірнеше кезеңдерден тұрады және оның өзіне тән құрылымдық ерекшеліктері де бар: дене тәрбиесі – міне бен ерікті дамытады; адамгершілік тәрбиесі – жақсы қылықтарды қалыптастырады; еңбек тәрбиесі; оқуға, білім алуға деген қызығушылық. Ең басты тәрбие құралы үлгі көрсету, еңбек, өсіп келе жаитқан адамның ортасы. Бұл жүйе тәрбиеленушілердің дербес ерекшеліктерін ескеруге, оны дамытуға, адамды дербес адам ретінде қалыптастыруға бағытталған.
Джон Локк (1632-1704)
Жан Жак Руссо (1712-1776жж.) – Швейцар педагогы.
Негізгі еңбектері:
«Эмиль, немесе тәрбие туралы» (1762ж.)
Тәрбие баланың толықтай жетілуіне бөгет болмауы тиіс, сондықтан да балалардың қызығушылықтары мен тілектеріне сәйкес толықтай еркіндік берген дұрыс. Осы идеялар «Еркін тәрбие» теориясы мен тәрбие міндетті түрде баланың қызығушылықтары мен тілектерін ескере отырып олардың дамуына ықпал ету қажет деген ойды тұжырымдайтын педагогика ғылымындағы педоцентризмнің дамуына әкелді.
Ж.Ж.Руссоның педагогикалық принциптері:
Оқытудың мазмұны мен әдістемелері оқушылардың өзіндік іс-әрекеті мен белсенділіктерін дамытуға ықпал етуі қажет. Оқыту процесінде оқушыға ғылыми ақиқатты ашушы зерттеуші ретінде қарау қажет. «Бала білімді сіз арқылы емес, өзі арқылы меңгерсін, ол ғылымды жаттап алмасын, оны өзі ойлап тапсын» - дейді.
Білімді кітаптан емес, өмірден алу қажет. Оқытудың кітаптық сипаты, өмірден, практикадан алшақтау, ол - жарамайды және құрдымға апарады;
Барлығын бірдей бірдеңеге үйретудің қажеті жоқ, нақты адамды не қызықтырады, оның бейімділігіне не сәйкес келеді, соған сәйкес оқыту қажет, сонда оқушы даму мен білім алуда белсенділік танытады;
Баланы табиғатпен, өмірмен, практикамен қатынасқа түсіре отырып онда зеректікті, зейінділікті, байқампаздықты, белсенділікті дамыту қажет.
Жан Жак Руссо (1712-1776жж.)
Г.И. Песталоцци (1746-1827) – Швейцарияның даңқты педагогы (ХІХғасыр). Негізгі еңбегі: «Лингард және Гертруда»
Г.И. Песталоццидің педагогикалық жүйесі:
Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген;
«Адам ақиқатты танып қана қоймай, сондай-ақ дұрыс нәрсені істеуге қабілетті болуы тиіс. Осы бір дәлелді қағида адамдардың қарапайым білімін үш бөлікке бөлді: 1. Қарапайым интеллектуалды білім. Оның мақсаты – адамның ақыл-ой қасиеттерін жан-жақты әрі үйлесімді дамыту. Осы қасиеттер оның интеллектуалды өз бетінше әрекетін қамтамасыз етеді, белгілі бір дамыған интеллектуалды дағдыларды сіңіреді. 2. Қарапайым тән білімі. Оның мақсаты – адамның дене қасиеттерін дұрыс бағытта дамыту, бұл қасиеттер оған сабырлық пен өз бетінше дене әрекетін береді. Дененің жақсы дағдыларын шыңдай түседі. 3. Қарапайым адамгершілік тәрбие. Оның мақсаты – адамның жан-жақты және үйлесімді адамгершілік қасиеттерін дамыту. Мұның өзі адамгершілік пайымдаулардың өз бетінше іске асуымен қамтамасыз етіледі, белгілі бір адамгершілік дағдыларды қалыптастырады».
Г.И. Песталоцци (1746-1827)
Оқытудың мақсаты – адамилықтың дамуында, адамның барлық күші мен қабілеттерінің үйлесімді дамуында. Оқыту білім қорын жинақтауға және сондай-ақ ақыл-ой қабілетін, адамның ойлауын дамытуға ықпал етуі қажет;
Тәрбие табиғатқа сәйкес болуы қажет: ол баланың тән жан-жақты іс-әрекетке деген ұмтылысына сәйкес адам табиғатына тән рухани және дене күштерін дамытуы қажет.
Ең басты еңбегі - бастауышта білім беру дидактикасының негізін қалаушылардың бірі;
Элементарлық білім беру теориясының авторы. Элементарлық білім беру теориясына өзара бір-бірімен тығыз байланысты, нәтижесінде үйлесімді дамыған адамды қалыптастыруға бағытталған ақыл-ой, адамгершілік, дене және еңбек тәрбиесі жатады.
Песталоццидың дамыта оқыту идеясын К.Д.Ушинский ұлы жаңалық беп бағалаған.
Песталоцци балаларды санауға, өлшеуге, сөйлеуді оқыту әдістемелерін ұсынған, геометрияның, географияның, сондай-ақ, суреттің, ән айту мен гимнастиканың мәліметтерін келтіре отырып, оқытудың қарапайым (элементарлық) мәліметтерін кеңейткен.
«Лингард және Гертруда» атты еңбегінде тәрбиенің гуманды сипатын, балаларға деген ізгі қатынасты, балаларда адамгершілік дамуының негізі ретінде жанашырлық және адамдарға деген аяушылық білдіру деп білген.
Генрих Песталоцци практикалық педагогикалық әрекетінде балаларды оқыту мен тәрбиелеуді еңбекті ұйымдастыру арқылы біріктіруге талпынды, тәрбиеленушілерінің адамгершілігін қалыптастыру үшін, кейіннен балалар ұжымы деген атауға ие болған балалар қауымдастығының ұйымының (тәрбиелеуші ұжым) тәрбиелік рөлін қолданды.
Г. Песталоццидың педагогикалық принциптері мынадай:
Кез келген оқыту бақылау мен тәжірибеге негізделуі кажет және содан
кейін ғана ол қорытындылау мен жалпылауға қарай көтеріле алады;
Оқыту процесі жүйелі түрде жекеден тұтастыққа қарай құрылуы қажет;
Оқытудың негізі – көрнекілік. Оны қолданбай дұрыс елестетуді, ойлау
мен сөйлеуді дамытуға болмайды;
«Сөзшеңдерді ғана қалыптастыруға қабілетті» вербализммен күресу
қажет.
И.Ф. Гербарт (1776-1841) – «Педагогикадан лекция очеркі» және т.б.:
Балалардағы «жабайы пасықтықты» басу керек, ол үшін оларды жазалау және олардың мінез-құлқын бақылай отырып, қылықтарын ерекше журналға (кондуит) жазып отыру қажет.
адамның бұрынғы тәжірибелері туралы елестердің жаңа әсерлермен бірігуі қабылдаудың дұрыстығын және беріктігін және жаңаны меңгеруді анықтайды;
тәрбиенің мақсаты – ізгілік пен жақсылық, өмір сүріп отырған қоғамдық қатынастарға икемделе алатын адамдарды тәрбиелеу, қалыптасқан тәртіпті сыйлай білетін, соған бағына білетін адамдарды тәрбиелеу;
тәрбие процесінің үш саласы: басқару, оқыту және адамгершілік тәрбиесі;
оқудың тәрбиелі сипатта болу идеясы: баланың жан-дүниесінде бар елестерді өзгерте отырып, баланың мінез-құлқына, жан-жақты қызығушылықтың дамуына әсер етуге болады;
адамгершілікке тәрбиелеу идеясы: ішкі еркіндік, кемеліне жету, ізгілік, құқық, әділеттілік.
Ф.А.В.Дистервег (1790-1866) – «Неміс мұғалімдерінің білімін жетілдіруге басшылық»:
Оқушылардың оқу іс-әрекетін белсендіру, олардың өздік жұмыстарының мәнін күшейту идеясы;
Песталоццидің ізбасары бола отырып тәрбиенің негізгі принциптерін береді: табиғатқа сәйкестілік, мәдениетке сәйкестілік, өздігінен әрекет етушілік
мәдениетке сәйкестілік принципі бойынша тәрбие бала табиғатына ғана емес, сол уақыттың, мемлекеттің даму деңгейіне де байланысты.
тәрбие міндеттері – туа біткен нышандардың өздігінен дамуын қамтамасыз ету;
оқытудағы көрнекіліктің орнының ерекшелігі;
оқу материалының түсініктілігі – оны меңгеру жетістігінің шарты;
оқытудың жемісті болуы оның тәрбиелік мәнінің болуында.
К.Д.Ушинский (1824-1870) - Ресейдегі ғылыми педагогиканың негізін салушы.
Еңбектері:
«Педагогикалық әдебиеттің пайдасы туралы»,
«Қоғамдық тәрбиенің халықтық негізі туралы» (мақала, 1857),
«Мектепті құрайтын үш нәрсе» (мақала, 1857)
Педагогикалық әдебиеттің маңызы (мақала, 1857),
«Ана тілі» (1864),
«Балалар әлемі» (1861),
«Педагогикалық антропология» (1867) және т.б.
Негізгі идеялары:
Халықтық принцип: оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде әр халықтың өз ұлттық белгілері және шығармашылық көріністеріне деген объективтілік қажеттілік;
Ана тіліне оқыту «сөздің қадір-қасиетін» дамытады, тілдің қоймасына енгізеді, «дүниеге көзқарасты» қалыптастырады;
Еңбек туралы идея жеке тұлғаның дамуының басты факторы ретінде («тәрбиеленушіде еңбекке деген сүйіспеншілікті ұялату, оны еңбек етуге дағдыландыру» қажет);
К.Д.Ушинский
(1824-1870)
К.Д.Ушинский идеялары (жалғасы)
Тәрбие мақсаты – белсенді де шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру, адамды адамзат іс-әрекетінің ең жоғарғы формасы ретінде дене және ақыл-ой еңбегіне даярлау;
Ғылым мен мектептің дінге тәуелсіздігі;
Адамгершілікке тәрбиелеу мәселесінің қоғамдық-тарихи сипатта болуы;
Басты міндеттердің бірі шовинизмді болдырмайтын елжандылыққа тәрбиелеу, адамзаттық борышқа тәрбиелеу, авторитарлықты жою;
Тәрбие жүйесі жағымды мысал негізінде, баланың ақылмен атқарған іс-әрекеті, оқушылармен өзара қатынас негізінде құрылады;
Ең маңыздысы оқушыларды оқуға үйрету («балаға белгілі білімді беріп қана қоймай, онда өздігінен, мұғалімсіз, жаңа білім алуға деген тілек пен қабілетті дамыту қажет»); Оқудың тәрбиелік сипатта болу принципі (оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі); Оқыту процесінде жас ерекшеліктік және психологиялық ерекшеліктерді ескеру;
Оқытудың көрнекілік пен бірізділік (нақтыдан абстрактілікке қарай) принципін оқушы шамасына шақ негіздеу;
Оқу процесін сапалы ұйымдастырудың басты шарты – әдістемелік шеберлікте, ал әдістемелік шеберлік әр түрлі оқыту әдістеріне байланысты.
Н.А. Добролюбов (1836-1861):
тәрбие идеалы – «табиғи ұмтылысты» қанағаттандыру («өйткені бәріне жақсы болуы үшін»);
ақыл-ой, дене және адамгершілік тәрбиесінің үйлестірілуі;
баланың жеке тұлғасына, оның жан-жақты дамуына деген қамқорлық, жас адамды белсенді де бақытты өмірге дайындау.
Н.И. Пирогов (1810-1881жж.):
«Өмір мәселелері» (1856ж.) – тәрбие мәселесіне арналған мақала.
Негізгі идеялары:
тәрбие және жалпыадами тәрбие, жалпы адамзаттық білім алу арқылы өзін-өзі тану идеясы;
жалпыадамзаттық тәрбие ұлттық тәрбие идеясымен үйлестірілген болуы қажет;
көрнекілік пен сөздің оқу-тәрбие процесіндегі бір-бірімен байланыстылығы.
Л.Н. Толстой (1828-1910жж.)
Еңбектері:
“Азбука” (1872ж.),
“Жаңа азбука” (1875ж.),
«Оқу кітаптары».
Негізгі идеялары:
“Еркін тәрбие” (Руссо бойынша) идеясы: тәрбие ең алдымен өзін-өзі дамыту;
тәрбие міндеттері – туылғаннан бастап адамзат бойында бар гармонияны қорғау, балаға еркіндік беру; «педагогиканың критериумы тек біреу ғана ол – еркіндік»;
баланың ерекшелігі мен оның қызығушылығын ескеру принципі.
Н.К.Крупская (1869 – 1939жж.)
Негізгі еңбектері:
“Халық ағарту ісі және демократия” (1915ж),
“Еркін мектеп туралы мәселеге”,
“Семья және мектеп”,
“Мектептегі өзін-өзі басқарушылық туралы”,
«Неміс мұғалімдерінің Берлин конгресіндегі еңбек мектебі туралы мәселесі»,
«Ер балаларды «әйелдердің ісіне» үйрету қажет пе?».
Негізгі идеялары:
Коллективизм сезімі – адамгершілік тәрбиесінің негізі;
Коллектившілдік сезімі отбасынан басталады, сондықтан коллективизмге тәрбиелеуде ата-аналардың ролі ерекше;
Ұжымдағы балалардың қоғамдық пайдалы еңбегі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда тәрбиенің тиімді құралы болуы қажет, жұмыстың балалардың білімі мен іскерліктеріне сәйкестігі;
Қарапайымдылық пен кішіпейілдік қасиеттерінің жоғары бағалануы.
«Халық ағарту ісі және демократия” атты кітапта алдыңғы қатарлы озат педагогикалық ой-пікірдің дамуына зерделі марксистік талдау берілумен қатар, ол кездегі қоғам мен мектеп бір-бірін жатырқай жатсыну, ал мұғалімдердің «кәсіби меңіреулік» (Маркс айтқандай) күйге түсу себептерін тексере зерттеп, одан құтқару жолын қарастырған;
Еңбек және политехникалық білім беру, идеялық-саяси тәрбие мәселелерін ғылыми-теориялық негізде талдаған;
Оқыту теориясы;
Отбасы тәрбиесі;
Балалардың қоғамдық ұйымдарының қоғамда алатын рөлі мен міндеттері.
Н.К.Крупская (1869 – 1939жж.)
Н.К.Крупскаяның педагогикалық нақыл сөздері:
Мұғалім ең алдымен өзі оқытатын пәнді білуге, ал одан соң оны жеткізе алатын болуға тиіс. Білімдерді оқушыларды қызықтыру үшін қажет жағынан бастап, түсінікті формада айтып жеткізу, ең басты мәселеге тоқтала білу, ең мәнді нәрсені екінші қатардағы мәселеден ажырата білу, осының бәрін нақты, мысалдар келтіре отырып, айтып беру- зор өнер... Бұл өте – үлкен өнер, мұның өзі жұрт ойлайтындай оншалық оңай емес.
Балаларды құрметтеу – олардың айтқанына көніп, айдағанына жүру деген сөз емес. Балалар өзінің тәрбиелік талаптарын бекем іске асырып отыратын педагогты құрметтейді.
Шама келмейтін тапсырмалар тек қана бұзады, өзінің міндеттеріне адалдықпен қарамауға үйретеді.
Кітап - еңбек құралы. Бірақ тек еңбектің ғана құралы емес. Ол адамдарды басқа адамдардың өмірімен және күресімен таныстырады, олардың сезімдерін, олардың талап-талпыныстарын түсінуге мүмкіндік береді, ол айналадағыны салыстыруға, байыбына баруға және оны қайта өзгертуге мүмкіндік береді.
Балалар кітабы – тәрбиенің қуатты құралы. Білім алуға арналған құралдардың бірі, бірақ өте мәндісі – кітапты пайдалана білу шеберлігі.
Ұйымдастыратын да, қожырататын да кітаптар бар,сондықтан кітаптарды таңдай білу төтенше маңызды.
Көп әрі іштей тез оқу әдетін меңгеру қажет. Оқу механизмі мүлде автоматтанып, ой бөлінбейтіндей болуына күш салу қажет. Бірақ мұның өзі аз. Оқығаныңнан тағы да өзіңе есеп беріп отыруың қажет. Аз болса да, дәйекті оқыған абзал.
Кітапхана көптеген ғасырлар бойғы адам тәжірибесі көрінетін кітаптарға толы. Маманға өзінің белгілі бір білімдер саласын зерттеу қажет. Бірақ қатардағы адамға осынау ұланғайыр білім теңізінен өмірге қажет, оған өзінің жеке өмірін, жеке еңбегін ұйымдастыруға, өзінің басқа адамдармен қарым қатынасын ұйымдастыруға көмектесетін білімдерді алу керек. Сондықтан осы білімдерден нені алуды, білім үшін, оның мақсаттары үшін күресуші адамға нені білуі керегін білу керек.
Кітаптар орасан зор мәнге ие бола тұрса да, бірақ олар өздігінен білім алудың бірден бір көзі емес. Кітаптардан ғана емес, сонымен бірге өмірден үйрену де барлық мүмкін болған нәрсені дәл солай алып отыру қажет.
Кітап оқудағы бірінші міндет – оқыған материалды өзі түсініп, меңгеру. Екінші міндет – оқығанға ой жүгірту. Үшінші – оқығанынан жадына сақтауға қажетті жерлерін жазып алып отыру. Төртінші міндет – оқып шыққан кітаптың неге үйреткені: қандай да бір жаңа білімдерден хабардар еткен етпегені, бақылаудың, жұмыс істеудің, шұғылданудың қандай да бір жаңа ойларға түрткі болған болмағаны, қандай да бір ерекше көңіл күйлері мен тілектерге қозғау салған салмағаны жөнінде өзіне есеп беріп отыру.
Шын мәнінде жарқын, бақытты өмір сүру үшін көп білу қажет. Ұрыста мылтық қандай керек болса, өмірде білім сондай керек.
Адамдық білімдердің аумағы ұшы-қиырсыз. Бірақ адамға бәрін білудің ешқандай қажеттігі жоқ. Адамдық білімдер теңізінен оған тек ең маңыздысын, тек адамды күшті ететін, оған табиғат пен оқиғаларды бағындырар билік беретін, табиғаттың күші мен оның байлығын қалай пайдалануға, адам қоғамының бүкіл өмірін қалай қайта құруға үйрететін білімдерді ғана таңдап алу қажет.
С.Т. Шацкий:
Тәрбие әлеуметтік тапсырмаға сәйкес болуы қажет және онымен бірге жеке тұлғаның дербес ерекшеліктерін ескеру қажет;
ортақ мақсатқа жету үшін балалардың бойындағы іскерліктерді біріктіруге тырысуды қалыптастыру (мысалы, өзін-өзі басқару);
Оқыту іскерлігін меңгерген, балаға әлеуметтік жағымды әсерді қолдайтын оқытушыны даярлау;
Баланы қоршаған макро- және микроәлеуметтік ортаны ескеру.
П.П. Блонский:
Оқыту мен тәрбиелеу бала дамуының заңдылығы туралы білім негізінде жүзеге асырылуы тиіс;
Баланың жеке тұлғасын, оның қажеттілігі мен қызығушылығын құрметтеу,
Бала жеке тұлғасының жан-жақты дамуы (ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиесі).
Негізгі еңбектері:
«Ұстаздық дастан» немесе Педагогикалық поэма,
«Мұнара үстіндегі тулар»,
«Ата-аналар кітабы»,
«Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар»
«Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі»
«Кеңестік мектеп тәрбиесінің мәселелері» және т.б.
А.С.Макаренконың негізгі идеялары:
тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері, әдістері, негізгі принциптері қарастырылған;
тәрбиелеушы ұжым теориясы педагогикалық процестің формасы ретінде;
ұжымды сипаттайтын негізгі ерекшеліктерді анықтауы, олар: айқын түрде мақсатқа талпынушылық, коллективтің барлық мүщелерінің іс-әрекет жасауы, бірлігі, коллектив мүшелерінің өз арасында міндеттерін анықтауы, бұл міндеттерін әрқайсысының ұқыпты орындауы; қатаң түрде орнатылған тәртіптің болуы, оны коллектив мүшелерінің сөзсіз орындауы; өз мүшелері үшін коллективтің жеке адамдарының бүкіл коллектив алдындағы жауапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім; өзара бағына білу;
А.С. Макаренко (1888-1939жж.)
ұжымда адамдар бірлестігіне тән нормалар, өмір стильдері, қарым-қатынас қалыптасады: әр түрлі жастағылардан құрылған отрядтар, командирлер советі, өзін-өзі басқару, коллектив өмірінде мажорлық оптимистік тон құру, «адамға неғұрлым көп мөлшерде талап қою және оған неғұрлым жоғары деңгейде құрмет көрсету»;
ұжымның өмір сүруінің маңызды заңын анықтаған, ол – ұжымның қозғалысы, өсуі, ілгері дамуы;
ұжымдағы балаға «параллельді әрекет ету» принципін қолдану;
еңбек тәрбиесі – тәрбиенің маңызды элементтерінің бірі; оқытуды ұйымдастырылған өндірістегі еңбекпен біріктіру идеясы;
отбасы алғашқы ұжым болып табылады; отбасы тәрбиесіне керекті басты жағдайлар: отбасындағы еңбектің дұрыс ұйымдастырылуы, дұрыс құрылған режим, ата-аналар мен отбасының басқа мүшелері арасындағы сүйіспеншілік пен сыйластық, ата-аналар мен ересек отбасы мүшелерінің белделінің болуы.
шын беделге негіз болатын жағдайлар: отбасындағы ересектердің өздерінің азаматтық міндеттеріне жоғары жауапкершілікпен қарауы, балаларға дұрыс ретімен сүйіспеншілік білдіруі және талап қоюы; ата-аналардың бір-біріне қатынасы, олардың қылықтары, еңбекке, затқа қатынастары – осының бәрі балаға әсер етеді де, оның жеке тұлғасын қалыптастырады.
В.А.Сухомлинский (1918-1970жж.):
Негізгі еңбектері:
«Балаға жүрек жылуы»
«Павлыш орта мектебі»
«Ұжымның құдіретті күші»
«Мектептің жас директорымен сырласу»
«Ұлыма хат» және т.б.
Негізгі көзқарастары:
«Барлығы да балалық шақтан басталады, жасөспірімдердің моральдық бет-бейнесі адамның балалық шақта қалай тәрбиеленуіне байланысты» - деп есептейді;
балалар ұжымы – идеялық, интеллектуалдық, эмоционалдық және ұйымдастырушылық қауым, балалар бірлестігі: «ұжымдық рухани өмір», «кластың интеллектуалдық фоны»;
дәстүр, фольклор, табиғаттың балаға тәрбиелік әсері маңызды;
балаларды үйлесімді дамытуға бағытталған тәрбиешінің жұмысының жетістігі, әрбір баланың рухани өмірі мен дамуының ерекшеліктері туралы білімі терең болғанда ғана мүмкін.
М.А. Данилов:
білімді сұрыптау, жеке тұлғаның ішкі күшін ынталандыру, өзбетті ойлау мен әрекетті талап ететін оқу еңбегін ұйымдастыру идеялары негізіне жатқызылған бастауыш білім беру концепциясы;
оқыту мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы ретінде.
М.А. Мельников:
дифференциалды оқыту жүйесі: таңдалған пәндер негізінде сабақтың бағдарламасы бойынша факультативті сабақтар жүргізу, класстар және мектептер ашу.
Л.В. Занков:
оқушылардың танымдық мүмкіндіктерінің приоритетіне негізделген кіші мектеп оқушыларын оқыту жүйесі.
Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі: мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы;
дидактикалық жүйесінің кредосы – «сабақтағы тіршілік». Сабақ «Бала – ол да адам, бірақ кішкентай» түсінігі бойынша құрылады.
Оқыту процесі өз бетімен біліммен қаруланатын баладан туындайды.
Л.В.Занковтың оқыту жүйесіндегі мұғалім: кәсіби компетентті мұғалім; гуманист; оқушылармен тең құқылы серіктес; білім беру кеңістігінде оқу әрекетін ұйымдастырушы; ұжымдық таным процесінің мүшесі.
Л.В.Занковтың оқыту жүйесіндегі оқушы: толысқан, тұтастай (целостная) жеке тұлға; оқыту субъектісі; оқыту ынтымақтастығының мүшесі; сыни ойлай алатын адам; оқушы емес, оқушылар, яғни мұғалімнің жетекшілігімен өзін-өзі оқытушылар.
Л.В.Занковтың оқыту жүйесіндегі мұғалім мен оқушылар қарым-қатынастындағы принциптер:
ынтымақтастық;
сотворчества (бірлескен шығармашылық);
сопереживания;
бірлесе атқарылатын әрекет;
диалог.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?