Постинфаркты кардиосклероз - Сұрақ-жауап
CBL
Орындаған: Маркабаева А.М.
Науқас М. 31 жаста, жалпы әлсіздікке, дене қызуының көтерілуіне, тыныштық жағдайындағы ентігуге, түнгі уақыттағы тұншығу ұстамаларына, бүкіл денесіндегі ісінуге және тез шаршағыштыққа шағымданып, жедел жәрдем шақыртты.
Сіздің болжам диагнозыңыз?
“Жедел жүрек жетіспеушілігі”
“Созылмалы жүрек жетіспеушілігі”
“Жедел гломерулонефрит”
“АГ кризі, өкпе ісінуімен асқынған”
Обьективті: Науқас мәжбүрлі – ортопное жағдайында отыр.Тілі ылғалды, таза; тері жабындылары бозғылт, ылғалды, ісінулі; пульс 92 рет/ мин.; АҚҚ 90/60 мм.сын.бағ.; ТАЖ 16 рет/мин, ентігу; дене температурасы 38 С; бойы 165 см; салмағы 53 кг. Мойын көктамырларының білеуленіп, пульсациясы байқалады және ісінулер бар.
Аускультативті: жүрек ұшында патологиялық ІІІ тон, өкпеде везикулярлы тыныс әлсіреген, ылғалды сырыл естіледі.
Перкуссияда: жүректің шекаралары ұлғайған.
Анамнезінен не білгіңіз келеді?
Anamnesis morbi: жоғарыдағы шағымдар науқаста 3 күн бұрын моншаға түскеннен кейін дене қызуы көтеріліп, жалпы жағдайы нашарлап, түні бойы мәжбүрлік жағдайда отырып ұйықтаған. Таңертең аяғының ісінуін байқаған. Дене қызуын төмендету үшін парацетамол дәрісін ішкен. Екінші күні тура осы көріністерге қоса ішінің және бетінің ісінуін байқаған. Жағдайының нашарлануына байланысты жедел жәрдем шақыртқан.
Anamnesis vitae: науқас жұмыссыз, мүгедектікке байланысты зейнетақы алады. Зиянды әдеттері: темекі шегу, алкогольдік ішімдіктерді қолданады.
2002 ж., 2003 ж. – трансмуральді миокард инфарктісін алған. Дигоксин дәрісін күніне 1 таблеткадан тағайындаған. Бірақ науқас дәріні қабылдау режимін сақтамаған.
Жыл сайын мүгедектікке байланысты кардиология бөліміне жоспарлы емге жатады.
Дәрі- дәрмекке, тағамға аллергиясы жоқ
Нақты диагноз қою үшін қандай тексеру әдістерін тағайындайсыз?
ҚЖА(ЭТЖ=20: N =2-10 мм.сағ)
ЗЖА ( өзгеріссіз)
ЭКГ (гис шоғырының сол жақ аяқшасының блокадасының белгісі, қарыншалар гипертрофиясы, патологиялық Q тісшесінің пайда болуы)
Кеуде қуысының рентгенографиясы (кардиомегалия, өкпе түбірінің суретінің күшеюі)
Қанның биохимиялық анализі (өзгеріссіз)
ЭхоКГ (қарыншалар қуысының кеңеюі, ЛФ 50%)
ВЭМ
Сіздің клиникалық диагнозыңыз?
“ЖИА. Постинфаркты кардиосклероз (2002ж.,2003ж.) Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, ІІБ, ФК ІV. Кардиальді цирроз”
Қандай ем тағайындайсыз?
Диуретиктер
К прапараттары
Жүрек гликозидтер
Антикоагулянттар
Антиаритмиялық препараттар
Гепатопротекторлар
Фуросемид 40 мг күніне 3 рет, к/і (ішкен сұйықтық мөлшерін бақылау арқылы) өмір бойы
Панангин 1 дражеден күніне 3 рет, per os, өмір бойы
Дигоксин 0,00025 күніне 1 рет, per os, өмір бойы
Гепарин 7500 Б күніне 1 рет, т/а (АЧТВ бақылауымен)
Кордарон 30 мг күніне 1 рет, per os , 15 күн
Гепадиф 1 таблеткадан күніне 1 рет, per os, 3 ай
Бұл жағдайда кардиологтың бақылауында болады, егер ол болмаса терапевт, жалпы терапевт, жалпы тәжірибе дәрігері-кварталына бір рет. Бақылау өмір бойы. Арнайы мамандардың кеңесі көрсеткіш бойынша. Қанның клиникалық анализі жылына бір рет, жалпы холестерин, ЛПТТ, ЛПЖТ, триглицеридтер-жылына екі рет. ЭКГ, кеуде мүшелерінің ретгенографиясы жылына бір рет. Эхо КГ көрсеткіш бойынша.
Назарларыңызға рахмет!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?