Қазіргі әлемдегі экологияның рөлі
1.Әлемдегі экологиялық проблемалар.
2. Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы және ауа ластану мен адам денсаулығына әсер етуі.
3. Қала қоқыстарының экологиялық мәселелері.
4. Автокөліктің қоршаған ортаға әсері.
5. Климаттың антропогендік өзгеруі .
6. Қоршаған ортаны қорғау және шешу мәселері.
7.Ғаламда болған жер сілкінісі.
9. Қорытынды.
Экология дегеніміз не?
“Экология” грек тілінен аударғанда ол үй туралы ғылым деген мағынаны білдіреді (ойкос – үй, тұратын жер; логос – ілім, білім). Э. Геккель бұл ғылымның анықтамасын былай берді: “Экология деп, біз табиғат экономикасына қатысты білімдерді – жануарлардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен, әсіресе, өзімен тікелей немесе жанама қатынаста болатын жануарлармен өсімдіктердің өзара ынтымақтастық немесе қастастық, жаулық өркениеттерінің бүкіл жиынтығын зерттейтін ғылым деп айтамыз”. Бұл анықтаманы Э.Геккель “Организмдердің жалпы морфологиясы” деген кітабында берді.
Экология – ағзалардың бір-бірімен және қоршаған табиғи ортамен әсерлесу заңдылықтарын зерттейтін іргелі табиғаттану ғылымы деп анықтама беруге болады.
Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс - әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай – ақ, топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр; іс жүзінде тез өндіріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.
Адамды құтқару дегеніміз – ең алдымен табиғатты сақтау.Табиғи процестердің негізінде жатқан заңдылықтарды ескермеу табиғат пен адам арасындағы елеулі қайшылықтарға әкеліп соқтырғанын айта кеткен жөн. Американ экологы Риклерс: Табиғатқа келтірілген нұсқанды түзетудің ешқандай көпе – көрнеу жатқан әдістері жоқ екені айдан анық, сонымен қатар қоршаған ортаға деген келеңсіз көзқарасы үшін адамға танылатын кінә да, өзендерге шайынды суларды төгу, егістіктерге пестицидтер бүрку, аңшылардың найзасы мен мылтығы автомашиналардан шығатын түтін қала іргесінің шексі кеңеюі сияқты белгілі фактілерден құралмауы тиіс.
Қазіргі кезде қоршаған орта мен адам арасындағы мәселелердің мәні өте зор екендігі өзінен өзі түсінікті. Адамның шаруашылық іс-әрекеттерінің дамуы қоршаған ортаға бүлдірушілік бағытта сипат алуда. Табиғи жүйелерді, топырақты, су көздерін, ауаны ластап қана қоймай генофондқа әсер етуде.
Атмосфералық ауаның ластануы адамдар денсаулығына және қоршаған табиғи ортаға әр түрлі дәрежеде әсер етеді – тікелей және жылдам қауіптен (түтінді тұман және тағы басқалар) организмдердің жүйелерінің жылдам және біртіндеп бұзылуына дейін өзгереді. Ауа ортасының ластануы экожүйеде ұдайы жүретін процесстердің арқасында құрылымдық компоненттерін өзгеріске ұшыратады, нәтижесінде гомеостаз механизмі жұмысқа кіріспейді. Атмосфералық ауа құрамының және қасиеттерінің өзгеруі, бүкіл экожүйеге әсерін тигізуде.
Адам қызметінің нәтижесінде соңғы жылдары ауа қабаты ұдайы ластануда. Ластанған заттардың көпшілік бөлігі жер бетіне жақын үш километрлік қабатта шоғырланады.
Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы және ауа ластану мен адам денсаулығына әсер етуі
Қала қоқыстарының экологиялық мәселелеріЖер шарында жыл сайын 600 миллион тоннадан астам зиянды өндіріс қалдықтары шығарылады. Ал біздің республикамызда 22 миллиард тонна өндіріс қалдықтары жиналған және оның мөлшері жыл сайын 1 миллиард тоннаға артып отыр. Оның ішінде 150 миллион тоннасы улы және 20 миллион кубометр тұтыну қалдықтары. Бұл қалдықтар елімізге, халықтық денсаулығына өте зиян келтіріп отыр.
Диван, чемодан, саквояж, кәрзеңке, картина, картон, велосипед, теледидар, тоңазытқыш – бұл бір текті емес заттар бірнәрсені құрайды: уақыт өткен сайын олар тозады және қоқысқа айналады.
Біздің планетамыздың тұрғындарының әрбір 6 миллиардына жылына 1 тоннаға жуық тұрмыстық қоқыс сәйкес келеді. Бұл миллиондаған тозған және соғылған автомобильдер, сондай - ақ өнеркәсіптік қалдықтарды санамағанда. Егер бір жылда жиналған барлық қоқысты құртпай және өңдемей, үйіндіге айналдырса, Еуропаның ең биік тауының шыңы – Эльбрус тауының биіктігіндей (5642 м) – болар еді.Адамның өмір сүруі нәтижесінде пайда болған қоқыстың орасан көп мөлшері, оны қайта өңдеумен айналысатын өнеркәсіп салаларының пайда болуына әкелді. Тіпті аудармасында қоқыстану дегенді білдіретін гарбология жаңа ғылыми бағыт пайда болды.Автокөліктің қоршаған ортаға әсері
Табиғат – көптеген теңескен байланыстардың тұтас жүйесі. Бұл байланыстардың бұзылуы табиғаттағы орныққан зат пен энергия алмасуының өзгеруіне алып келеді, биогендер концентрациясындағы ығысу бір популяцияның құрамы. Қазіргі заманда өндріс пен тұтынушыға адамның биологиялық қажеттілігінен 100 есе артық зат мөлшерімен энергия жұмсалады, осы себеп қазіргі заманғы экологиялық кризис болып табылады (жоғары деңгей және қоршаған табиғи ортаға антропогенді жүктеменің тез артуы). Бүгінгі күнде адамзаттың өндірістік іс — әрекеті көптеген химиялық элементтерді қамтитын әр түрлі табиғи ресурстарды қолданумен байланысты. Табиғи ортаға техногенді әсердің күшеюі бірқатар экологиялық мәселелерді тудырады. Оның ішінде ең өткірі атмосфера, гидросфера және литосфера күйімен байланысты. Судың немесе ауаның ластануы сияқты бірқатар “өзгерістер” ағзаның өмір сүру әрекеті мен денсаулығына тікелей әсер етуі мүмкін. Басқалары жанама әсер етеді, мысалы: көмірқышқыл газының шығарындылары ғимарат климатында байқалады, ал өз кезегінде өндірістегі қоректену өнімдерінде улануына алып келсе, басқаларының көбеюіне алып келеді.
Ауаның ластануының негізгі себебі жанармайдың толық және біркелкі жанбауында. Оның 15%-і ғана автомобиль қозғалысына шығындалады, ал 85%-і ауаға ұшып шығады.
Сонымен қатар автомобиль двигателінің жану камерасы – бұл улы заттарды синтездеп және оны атмосфераға шығаратын өзінше бір химиялық реактор. Тіпті атмосферадағы азот жану камерасына түсіп улы азот қышқылына айналып шығады.
Ішкі жану двигателінен шыққан газ 170 – тен аса зиянды компоненттерден тұрады, оның ішінде 160 – қа жуығы двигательдегі жанармайдың толық жанбауына басты себепкер болатын көмірсутек туындылары.
Зиянды компоненттердің құрамына беттік қабатында циклдік көмірсутегі адсорбцияланатын (олардың бірқатары концерогендік қасиетке ие) қорғасын мен қаракүйеден тұратын қатты шығарындылар жатады.
. Климаттың өзгеруі
Климаттың антропогендік өзгеруі (Антропогенное изменение климата) — табиғи ортаға антропогендік өсердің (негізінен оның ластануы) артуынан климаттың көрсеткіштердің (ауа температурасы, оның қозғалысының заңдылықтары және т.б.) ұзақ уақыт (10 жылдан артық) өзгеруі. Дәлірек айтқанда, климаттық жүйені салыстырмалы тұрақты күйден шығару кезінде пайда болатын, геофизикалық процестердің (Жерге ғарыштық өсерлерді қосқанда) табиғи жүру барысында теориялық мүмкін шегінен шығып кететін климаттық ауытқу. Мысалы, 1977-1981 жылдары Солтүстік Америкадағы суық қыстар 10 мың жылда бір рет болатын жағдай деп есептеледі.
Климаттың өзгеруi — ядролық қаруды қолдану немесе соғыстар емес. Ол одан да алапат қауiп. Мұндайда қазақ «Алла зiлзаладан, топан судан сақтасын» дейдi. Бiрақ осы өзгерiстердiң ауқымы мен олардың салдарлары қалай болатынын әлi күнге дейiн дәлме-дәл тап басып айту қиын. Температураның өзгеруi — бұл жаңалық емес, осы өзгерiстiң жылдамдығы қандай болмақ? Мiне, жаңалық осы.
Қазiр жер шары бұрынғыға қарағанда 1,1 градусқа жылыған. Егер жер шары 3-4 градусқа қызса, онда апат болатынын, мамандар шiмiрiкпей-ақ айтып жүр. Шынында да алдағы жүзжылдықта адам баласының салғырттығынан жердегi тiршiлiк иелерiнiң жартысы жойылып кетпек пе? Әлемдiк экологияның өзгеруiне бiрден-бiр себеп — мұздықтардың еруi. Жер шарының екi полюсi де мұздықтарға оранып жатқанымен, табиғаттың бұл тылсымдығы бұзылудың аз-ақ алдында тұр.
Қазiр әлем ғалымдары күннiң шамадан тыс қызуы салдарынан полюстiк мұздардың тез ерiп бара жатқандығын айтумен келедi. Мәселен, Арктиканың мұздықтары еруiн жарты ғасыр бұрын бастаған.
Адам әр кезде де табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның байлықтарын пайдаланады және өз қызметі арқылы табиғатқа әсер етеді. Адамның табиғатқа әсері зиянды салдар тудыруы мүмкін. Мемлекет әрқашанда табиғи ортаны осындай зиянды әрекеттерден қорғау үшін белгілі бір құқықтық ережелер шығарады. Табиғи ортаны адамның зиянды әрекеттерінен қорғауға бағытталған нормалардың (ережелердің) жиынтығы экологиялық құқық деп аталады. Адамның табиғатқа зиянды әсерінің салдарынан XX ғасырдың ортасында әлемдегі экологиялық жағдай күрт төмендеп кетті. Экологиялық жағдайдың нашарлағаны соншалық, бүгінде ол әлемнің кейбір аймақтарында адамның тұрмыс тіршілігімен коса оның өмірі үшін де үлкен қатер тудырып отыр.
Жер сілкінісі
Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас-қағым сәтте өтеді. Жер сілкінісі - бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыспен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер асты қозғалысы. Жер қыртысының траекториялық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді. Жер сілкінісінің барысында үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар тоғандар мен басқа да ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесіне зиян келіп, байланыс бұзылыды. Тау жыныстарынан тау құлайды, адамдарды үрей билейді.
Гаити (2010ж)
Гаити Порт-о-Пренс Республикасы 12 қаңтар
7,0 және 5,9 балл Рихтер шкаласы бойынша
(50 000 адамнан 500 000 адамға дейін адам шығын
Жапония (2011ж.)
11 наурызда Жапонияда қатты 2 толқын тіркелген.Біріншісі 8,8 балл, екіншісі 7,1 балл . Жер сілкінісі барлық Тынық мұхиты бойынша цунамидың пайда болуына себепші болды(7,3 метр). Цунами және жер сілкінісі нәтижесінде 15 815 адам қаза тапты , 3966 адам жоғалды, 5940 адам ауыр жарақат алды.АЭС жарылды
Оңтүстік шығыс Азия (2004ж.)
8,9 балл Рихтер .
300 000 адам қаза болды
Цунами толқыны тараған аймақ Индонезия, Шри-Ланка, Индиа, Малайзиа, Таиланд, Бангладеш, Мьянму
Чили (2010ж.)
8,8 балл Рихтер .
279.адам қаза болды
5000 адам жараланды
150 000 астам үй қыйрады
Сычуань жер сілкінісі (2008)2008 жылғы Сычуань жер сілкінісі — мамырдың 12-ші күні таңғы сағат 7-де Қытайдың Сычуань өлкесінде болған жер сілкінісі кезінде он мыңнан астам адам қаза болды, деп хабарлаған болатын Қытай Халық Республикасыныңазаматтық әкімшілік министрлігінен. Келесі күні «Синьхуа» агенттігі, жергілікті уақыт бойынша 15:10-да 6,1 ұпайлық жер сілкінісі осы өлкеде тағы да қайталанғанын хабарлады.
Мамыр айының алғашқы күні таңғы сағат сегіз жарымда Алматы қаласының маңында күші 5,5 баллға тең жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі қаладан 76 шақырым қашықтықта, 20 шақырым тереңдікте тіркелсе де, сілкініс дірілі Алматы қаласының тұрғындарына айтарлықтай сезілді. ТЖМ деректері бойынша, 1-2 мамыр күндері Алматы қаласы мен облысы аумағында сегіз рет жер сілкінісі тіркелген.
Литосфералық тақталардың қозғалысының нәтижесінде толқулар пайда болады
Қазіргі таңда
Адамзат қоғамының табиғатпен қарым – қатынасы қазіргі заманның ең
маңызды проблемаларының біріне айналды. Тіпті адам жерде пайда болған кезден
бастап оның биосфераға тигізетін әсері үнемі үдеп отырды. Бірақ тек
индустриалдық қоғам және демографиялық жарылыс жағдайында ғана Адам
әрекетінің жағымсыз зардаптары ғаламдық сипатқа ие болды. Қоршаған орта
бұған дейін ешқашан байқалмаған қарқынмен ластанып жатыр. Көп елдерде жер сілкініс ,апаттар болып жатыр. Табиғи ортаның химиялық ластануы, радиациялық жағдай, азық –түлік пен ауыз судың сапасының нашарлауы және т.б. халықтың денсаулығының нашарлауына әкеліп соқты. Климат жағдайына әсерін тигізді.
Кейбір ғалымдардың айтуынша, қазіргі кездегідей ауа райының ыстық болуы шамамен 55 млн жылдай бұрын да болған. Солтүстік теңізде, қазіргі Норвегия аумағында геологиялық авария болып, жанартау лавалары үлкен мұнай қабаттарынын астына енген. Нәтижесінде атмосфераға 2 млн тоннаға жуық буланған мұнай өнімдері бөлінген. Сол кездегі осы жағдай неге адып келгені, қанша уақытқа созылғаны белгілі. Атмосфералық ауадағы сол шаңды күлдер 200 ООО жылға созылған еді. Қазіргі үрдіспен, алдағы 20 жыл ішінде атмосфераға тағы да осындай мөлшерде ластауыштар бөлінетін болады.
Қорытынды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?