Қазіргі заманғы сабақты талдау туралы


Қазіргі заманғы сабақты талдау

Талдау- затты/ құбылысты, үрдісті/ бөліктерге, бөлшектерге немесе белгілерге ойша бөліп, оларды салыстыру және маңызды, яғни қажетті және белгілі сапа мен қасиеттерді анықтау мақсатымен біртіндеп зерделеу болып табылатын танымның логикалық тәсілі

Сабақты таладудың

Психолологиялық,

Педагогикалық,

Мазмұндық,

Әдістемелік

және пәндік

аспектілері өзара тыңыз байланыста болады

Сабақ талдаудың педагогикалық аспектісі

Оқу үрдісін басқару, оқыту мақсматтары, әдістері, мазмұны.

Оқу мәселелерін шешу барысында жеке тұлңаны дамыту.

Оқытудағы топтық ж”не даралық амалдардың бірлігі.

Мұғалімнің қйымдастырушылық, коммуникативтік практикалық іс-әрекеті.

Мұғалімніңэдістемелік шеберлігі, кері байланыс түрлері.

Негізгі дидактикалық ұстанымдардың орындалуы.

Сабақтың белгілі бір түрін, оның кезеңдерін таңдаудың орындылығы, оқыту әрекеттерінің ойластырылуы.

Мұғалім мен оқушылардың іс-әрекет құрылымының негізгі элементтері

Сабақтың педагогикалық аспектісі

1.Сабақтың тақырып және тақырыпша бойынша сабақтар жүйесіндегі орны, мақсаттың дұрыс қойылуы.

2. Сабақтың ұйымдастырылуы: типі, құрылымы, жеке элементтері, олардың кезектестігі мен уақыт мөлшерлері; сабақты құрудың оның мазмұны мен сәйкес келуі; сыныптың сабаққа дайындығы; оқушылырды сабақта белсене жұмыс жасауға жұмылдыру; жұмыстың жұптық, топтық,ұжымдық түрлерің үйлестіру; уақытты ұтымды пайдалану.

3. Сабақ мазмұны; материалдардың ғылымилығы, сабақтың түрлі кезендері мен оқушылардың іс-әрекет түрлері үшін материалды дұрыс таңдау, сабақ мазмұны баңдарламаға сәйкес келуі, теориямен практика байланысы;

4.Сабақ өткізу әдістемесі: жабдықтар, сабақтың барлық кезеңінде дидактикалық материалдарды, құралдарды байдалану; мұғалімнің әр кезеңде қолданатың әдіс-тәсілдері; әдістердің сабақ мазмұны мен мақсаттарына, оқушылардың жас ерекшеліктері мен дайындық деңгейлеріне сәйкестігі.

5.Сабақтағы қарым-қатынас: сипаты, қарым-қатынас стилі, сыныппен және жекелеген оқушылармен қарым-қатынас жасау сипаты.

6.Оқушылардың сабақтағы мінез-құлқы және қызметі: сыныппен және жекелеген оқушылардың белсенділігі; оқушылардың сабақ материалына қызығушылығы; сабаққа деген қатынас; мұғалімге деген қарым-қатынас; тәртіптілік пен ұйымшылдық; оқушылардың сөйлеу қабілеті; олардың қойған сұрақтары.

7.Сабақ бойынша жалпы қорытындылар. Сабақ тәжірибесінің кейінгі іс-әрекетке ықпал ету

Психологиялық аспект

Бағалауға білім беру қызметінің мынадай психологиялық бөлшектері жатады:

1.Мұғалім мен оқушыларды ынталандыру.

2.Оқушылардың жалпы белсенділік дәрежесі.

3.Әсер ету жітілігі, осы әсерлердің қарқыны және ырғағы, бірсарындылығы немесе саңқилығы тұрғысынан оқу жағдаятың психодинамикалық сипаттау.

4.Шиелінісу мен жайбарақаттық сәттерінің кезектесуін дәйектеу.

5. Оқушылардың әрқайсысының жеке психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жүктемені саралау.

Әдістемелік аспект.

Сабаққа деген жалпы талаптар мынадай:

Сабақтың негізгі дидактикалық мақсатының анықтығы, айқындығы, нақтылығы және шынайлығы.

Оқу материялының мазмұнын дұрыс психологиялық-дидактикалық негізде оқып үйрену.

Жалпы сабақ пен оның әрбір құрылымдылық элементі үшін нысандар мен әдістерді педагогикалық тұрғыдан орынды іріктеу.

Сабақтаң жалпы дидактикалық және дара мақсаттарына байланысты оқушылардың топтық және жеке жұмысын жүйелі үйлестіру.

Сабақтың әдістемелік талдау (когнитивті бағыт)

- сабақтың негізгі оқу мақсаты;

- жанама оқу мақсаттары;

- жанама тәрбиелік және дамытушылық мақсаттар

Сабақтың әдістемелік логикасы

-сабақ құрылымы (құрылымдық бөлімдері атау қажет);

-сабақ құрылымының негізделуі;

-сабақтың уақытын мөлшерлеу және уақытты бөлудің орындылығы;

-үй тапсырмасын тексерудің орындылығы және сипаты;

-оқушылардың үшін мақсат қою және оларды ынталандыру сипаты.

Талдауды педагогикалық іс-әрекет тұрғысынан жіктеу.

Қазіргі заманғы дидактикада сабақты оның өткізілу мерзімін анықтай отырып талдаудың негізгі түрлері айқындалады, олар: алдын-ала, ағымдық, ретроспективті талдау (Е.С.Ильлнская бойынша).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу