Джон фон Нейман туралы
Джон фон Нейман
(1903–1957)
Джон фон Нейман - (1903 – 1957) — еврей текті венгр-америкалық математик. Ол кванттық физика, кванттық логика, функционалдық талдау, жиындар теориясы, информатика, экономика ғылымдары және одан өзге де салаларға үлкен үлес қосқан ғалым. Ол осы заманғы компьютерлерді жасаушылардың (фон Нейман архитектурасы деп аталатын) атасы, операторлар теориясын кванттық механикаға (фон Нейман алгебрасы), Манхэттен жобасына қатысушы және ойындар теориясы мен жасушалық автоматтар тұжырымдамасын жасаушы ретінде өте танымал тұлға.
Нейманның есте сақтау қабілеті өте мықты болған. Ол көп жыл өтсе де оқыған кітаптарының беттерін бірден ағылшыншаға немесе немісшеге аударып айтып бере алатын, ал француз бен италиян тіліне сәл кідіріп барып аударады екен.
Нейман тақтаны формулаларға барынша тез толтырып болатын да және оның ойын тыңдаушылардың бәрі бірдей түсініп болмай жатып тез өшіріп тастайтын.
1928 жылы Нейман «Стратегиялық ойындар теориясына» деген мақаласын жазады.
Фон Нейман мен Станислав Улам сутегі бомбасын жасау кезінде қазір Монте-Карло әдісідеген атпен белгілі болған, тәуелсіз статистикалық сынақтар әдісін ойлап тауыпты.
.
Машинаның жылдамдығы үлкен болғанымен, оны есеп шығаруға дайындау жұмысы көп уақыт алды. Осы маңызды мәселені 1947 жылы Джон фон Нейман (Иоганн) (1903 – 1957) шешті. Ол айырым жасалған программа бойынша машина өзін – өзі басқару керек екендігін айтты. Соның нәтижесінде машинада басқару құрылғысы пайда болды.
Американдық ғалым Джон Фон Нейман 1946 жылы жазған «EDVAC машинасы туралы алдын-ала баяндамасында» электронды-машиналарды құрастыру мен басқарудың жаңа принциптерін ұсынды.
Джон Фон Нейман және оның компьютері. 1952
Джон фон Нейман цифрлық есептеуіш машинаның жалпы принциптерін ойлап тапты, ол қазіргі кезге дейін ДК-де қолданылады.
Джон Фон Нейман Архитектурасы
Орталық процессор жедел жадтағы программларды орындап, мәліметтерді
түрлендіреді және де барлық құрылғыларды басқарады. Ол екі бӛліктен-басқару құрылғысы мен арифметикалық-логикалық құрылғылардан тұрады. Басқару құрылғысы программа командаларын қабылдап алып орындайды да, арифметикалық логикалық
құрылғы есептеу жұмыстарын және логикалық операцияларды атқарады
Орталық процессор жедел жадтағы программларды орындап, мәліметтерді
түрлендіреді және де барлық құрылғыларды басқарады. Ол екі бӛліктен-басқару
құрылғысы мен арифметикалық-логикалық құрылғылардан тұрады. Басқару құрылғысы
программа командаларын қабылдап алып орындайды да, арифметикалық логикалық
құрылғы есептеу жұмыстарын және логикалық операцияларды атқарады
Арифметикалық-логикалық құрылғы – программа командалары бойынша арифметикалық амалдарды орындап, мәлімет кодтарын түрлендіреді. Басқару құрылғысы компьютердің барлық блоктарының жұмысын қадағалайды. Ол белгілі бір кезекпен компьютер жедел жадындағы командаларды біртіндеп орындатып отырады. Әрбір команда анықталып, қажеттілігіне қарай жедел жады ұяларындағы мәліметтер арифметикалық – логикалық құрылғыға беріледі де команда кодына байланысты керекті амал орындалады. Компьютер жұмысының осы принципі Фон Нейман архитектурасы деп аталады, оны тұңғыш рет венгрлер елінен шыққан американ ғалымы Джон Фон Нейман ұсынған еді.
Ресурсы:
http://ru.wikipedia.org1. Дж. Фон Нейман нені ойлап тапқан?
А. Алғашқы есептеуіш техникасының негізін салушы
Б. Цифрлық есептеуіш машиналарының негізгі принциптерін жасақтаушы
С. Алғашқы электрондық шамды құрушы
Д. Үлкен интегралдық схеманың негізін салушы
Е. Машина ойлап тапты
2.ЭЕМ-нің автоматты түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бағдарламалар мен нұсқаулар жиынтығын не деп атайды?
А)Бағдарламалық жабдықтама
Б)Апараттық жабдықтама
С)Ақпараттық жабдықтама
Д)Ішкі жабдықтама
Е)Сыртқы жабдықтама
3. 1928 жылы Джон Фон Нейман қандай мақаласын жазады?
А. Стратегиялық ойындар теориясына
В. Машина құрылғылар теориясы
С. ЭВМ машиналар теориясы
Д. Арифметикалық логика құрылғылар теориясы
Е. Басқару құрылғылыр теориясы
4. Тарихтағы бірінші компьютерді ойлап тапқан адам
А. Чарльз Бэббидж Б. Блез Паскаль С. Филип Канн Д. Никлаус Вирт Е. Кен Томпсон5. Қай жылы Джон Фон Нейман «Стратегиялық ойындар теориясына» деген мақаласын жазады
А. 1925
Б. 1926
С.1927
Д. 1928
Е. 1929
6. Қандай маңызды мәселені 1947 жылы Джон фон Нейман шешті?
А. «Стратегиялық ойындар теориясына» деген мақаласын жазады.
Б. Ол айырым жасалған программа бойынша машина өзін – өзі басқару керек екендігін айтты. Соның нәтижесінде машинада басқару құрылғысы пайда болды.
С. EDVAC машинасы туралы алдын-ала баяндамасында» электронды-машиналарды құрастыру мен басқарудың жаңа принциптерін ұсынды
Д. Алғашқы электрондық шамды құрды
Е. Үлкен интегралдық схеманың негізін салды.
7. Компьютермен жұмыс жасау үшін қажетті құрылғылар:
А. Принтер, жүйелік блок, клавиатура.
Б. Жүйелік блок, монитор, клавиатура
С. Процессор, тышқан, монитор
Д. Принтер, винчестер, монитор, тышқан.
Е. Пернетақта,сд диск, драйвер
8. белгілі бір қызметтер саласының белгілі мақсаттық мәселелерін шешуге арналған программалық жабдықтама қалай аталады?
А.Жүйелік жабдықтама
Б.бағдарламалық жабдықтама
С.Қолданбалық жабдықтама
Д.Толық жабдықтама
Е.Сыртқа жабдықтама
9. Джон фон Нейман цифрлық есептеуіш машинаның жалпы принциптердден тұрады?
А.2
Б.3
С.4
Д.5
Е.6
10. Американдық ғалым 1946 жылы жазған «EDVAC машинасы туралы алдын-ала баяндамасында» электронды-машиналарды құрастыру мен басқарудың жаңа принциптерін ұсынды.
А. Чарльз Бэббидж
Б. Блез Паскаль С. Филип Канн Д. Никлаус ВиртЕ.Джон Фон Нейман
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?