Асқорыту жүйесі патологиясы бар науқастардан ауру шағымын, ауру анамнезін, өмірлік анамнезін жинау.
“АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ” АҚ
ІШКІ АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКА КАФЕДРАСЫ№1 ДӘРІС
Асқорыту жүйесі патологиясы бар науқастардан ауру шағымын, ауру анамнезін, өмірлік анамнезін жинау. Балалардағы ерекшеліктері.
Абдахина Б.Б.
Өңеш ауру науқастарындағы негізгі шағымдар:
Ауру сезімі
Ауру— бүл өңештің кілегей қабатының қабынуы кезінде, яғни эзофагит ауруында байқалады. Өңештің ішкі қабаты сілтілер мен қышқылдардың әсерінен күйіп қалғанында, науқас ауырғанын бүкіл өңештің ұзына бойына сезінеді. Өңештің ауруы жауырынның екі ортасына беріледі. Кардия ахалазиясы ауруында ауыру сезімі әдетте арқаға, төс сүйегінің жоғарғы жағына қарай, мойынға, иек асты, жақ сүйекке беріледі.
Құсу
Бұл өңештің тарылуынан болады. Тағам өңештің тарылған жерінен жоғары кеңейген жеріне жиналады да, оның бұлшық еттерінің жиырылуының нәтижесінде тағамды сыртқа рефлекс түрінде итеріп шығарады. Құсу бірнеше белгілермен ерекшелінеді: ол лоқсусыз болады, науқас тағам тұрып қалған сияқты сезінеді, құсықтың құрамын зерттегенде, онда қорытылмаған ас қалдығы болады, тұз қышқылы, пепсин болмайды, көлемі 200 мл-ден аспайды. Егер құсықта шіріген иіс пайда болса, ол өңеш дивертикуласын немесе қатерлі ісіктің ыдырауын көрсетеді.
Тамақтың өңештен кері қайтарылуы, ол өңештің тарылған жерінен өте алмағандығынан болады. Бұл белгі көбінесе нерв жүйесі сырқаттарында жиі байқалады. Сонымен бірге ол өңештің төменгі бөлігінің тарылуынан да болуы мүмкін.
Қыжылдау симптомы
- ол төстің төменгі жағынан сезіледі.
Пайда болу механизмі: асқазандағы тамақ аралас тұз қышқылының өңештің кардиалдық бөліміндегі сфинктердің жетіспеушілігінің салдарынан өңешке қарай өтуі. Өңеште сілітілі орта болғандықтан қышқыл мен сілітілі арасында химиялық реакцияның жүруі.
Асқазан ауруы науқастарындағы анықталатын негізгі шағымдар:эпигастрий аймағындағы ауру сезімі;
жүрек айну;
құсу;
тәбеттің өзгеруі (жоғарылауы, төмендеуі, бұрмалануы);
кекіру;
дене салмағының төмендеуі;
қан кету
Эпигастрий аймағындағы ауру сезімі:
берілуі немесе таралуы;
пайда болу мерзімі (тамаққа және жыл мерзіміне байланысты);
басылуы;
түрі (сыздап, кесіп, шаншып);
ұзақтығы (созылмалы немесе ұстамалы түрде);
Жүректің айнуы -
асқазан аймағында қиын анықталатын, ауыр қысым сезімімен байқалатын, кезбе нервтің қозуымен байланысты рефлекторлы акт. Жүрек айнуы көбінесе құсу, лоқсуға әкеліп соғады, кейде өздігінен де болады. Жүрек айнуының механизмі әлі күнге дейін анықталмаған. Көбінесе оны құсу орталығының қозуының алғашқы белгісі деп түсінуге болады.
Құсу:
қабылданған, яғни ішкен ас, не сұйықтық өңеш, жұтқыншақ, ауыз, кейде мұрын арқылы сыртқа шығарылады. Ол құсу орталығының қозуынан болатын күрделі рефлекторлы акт
Құсқан кезде науқастан анықтау қажет:
оның уақытын (тамақтың алдында немесе тамақтан кейін);
ас қабылдауымен байланысын;
ауыру сезімінің болуын;
құсық ерекшелігін;
қоспаларын;
құсықтың көлемін;
қан аралас немесе керсінше.
Мысалы: таңертеңгі аш қарында көп мөлшерде сілекей араласқан кілегейлі құсық созылмалы гастритте байқалады, ас қабылдағаннан соң 10-15 минуттан кейін құсу, асқазанның ойық жарасы мен асқазанның кардиалды бөлігінің қатерлі ісігінде және жіті гастритте кездеседі. Ас ішкеннен 1—3 сағаттан кейін құсу -асқазанның жарасы мен онда пайда болған қатерлі ісігіне байланысты болады. Он екі елі ішек пен асқазанның төменгі бөлігінің жарасында құсу 4-6 сағат өткеннен кейін байқалады. Ал ас қабылдағаннан кейін 1-2 күн бұрын желінген тағамның құсықта байқалуы асқазанның тарылуына байланысты болады.
Кекіру:
ауамен;
тамақтын қалдығымен;
жағымсыз иіспен;
иіссіз.
Ішек ауру науқастарының негізгі шағымдары:ішектің бойымен тарайтын ауру сезімі;
іш кебу;
іш өту;
іш қату;
ішектен қан кету
Ішектегі ауру сезімі екі топқа бөлінеді:Спастикалық
Дистензиялық
Спастикалық ауру сезімі ішек бұлшық етінің кенеттен жиырылуынан пайда болады Себептері: қабыну процестері, улану.
Дистензиялық ауру сезімі ішектің керіліп нерв талшықтарының тітіркенуінен пайда болады. Себептері: көп мөлшерде ауаның жиналуы, ішектің өткізгіштігінің бұзылуы.
Ащы ішек – кіндік аймағы.Тоқ ішек бөлігіне байланысты. Мысалы: соқыр ішек қабынса оң жақ мықын аймағы, сигма тәрізді ішек қабынса сол жақ мықын аймағы.
Іштің кебуі
Қалыпты жағдайда тамақтану және тамақ қорыту барысында пайда болатын ауа үш жолмен сыртқа шығады: кекіру, қанға сіңу, газ арқылы.
Себептері:
тамақтың құрамы (нохат, фасоль);
гипохлоргидрия;
ішектегі қабыну процестері салдарынан қанға ауаның сіңбеуі;
аэрофагия.
Іштің өтуі (24-48 сағат ішінде 2-3 реттен көп болуы).
Себептері:
гипохлоргидрия;
тамақтың құрамына байланысты;
ішектегі қабыну процестері;
орталық жүйке жүйесіне байланысты ішек моторикасының жоғарылауы;
ферментопатиялар;
екіншілік.
Іштің қатуы (24-48 сағат ішінде үлкен дәреттің болмауы)
Себептері:
органикалық;
функционалды.
Органикалық:
ішектегі қабыну процестері;
нәжістің жолында кедергінің болуы (қатерлі ісік, полип, геморроидалдық ұлғайған веналар);
туа біткен және жүре пайда болған ішек ақаулары (долихосигма);
Функционалды:
көп мөлшерде қою тамақ қолдану;
тез қорытылып кететін тамақты қолдану;
гиподинамия;
туа біткен және жүре пайда болған құрсақ қуысының бұлшық етінің шамасыздығы;
көп уақыт төсек тартып жатқан әлсіреген науқастар;
орталық жүйке жүйесіне байланысты инервацияның бұзылуы;
гиперхлоргидрия;
екіншілік.
Ауру анамнезі
ауру қашан басталды, қалай басталды, алғашқы көрінісі, жедел немесе біртіндеп;
аурурудың даму ерекшелігі, немен байланысты;
аурудың пайда болу себептері (науқастың өзінің болжамы бойынша) және оның даму себептері;
бұған дейінгі жүргізілген зерттеу әдістері олардың нәтижесі;
бұған дейінгі жүргізілген емдік шаралар және оның нәтижесі;
егер созылмалы ауру болатын болса аурудың әр өршудегі өзгерістері (жоғарғы көрсетілген схема бойынша).
Науқастың өмір тарихын анықтау
туған жылы, туып-өскен жері;
әлеуметтік тұрмыс жағдайы;
әскери қызметі;
жанұялық жағдайы;
еңбек тарихы;
бұрын ауырған аурулары;
тұқым қуалаушылық ерекшеліктері;
тұрмыс күйі;
денсаулыққа зиянды әдеттері;
жұқпалы аурулар туралы мәлімет.
Аурудың анамнезін жинағанда оның тамақтану ерекшелігін білген жөн. Оның ас қабылдау мерзімін сақтауын, бір жолғы қабылдағандағы астың мөлшерін, оның қорытылуын сұрап білу керек. Науқастың жұмыста, үйде ас қабылдау ерекшеліктерін анықтау керек. Асқазан ауруларының этиологиясында арақ-шарап ішу, темекі тарту, тағы сол сияқты зиянды факторларды анықтаудың маңызы зор. Аурудың мерзімділігі, яғни асқынуы күзде немесе көктемде байқалады.
Асқазан дертімен ауыратын науқастардың жалпы жағдайында соңғы кезде қандай өзгерістер болғанын (қаны аздық, салмағының азаюы, қан құсудың пайда болуы, нәжістің қараюы) сұрап біліп, міне осы мәліметтерді салыстырған жөн. Аурудың дамуында асқазан-ішек жолдары ауруларының, құрсақ қуысына жасалған хирургиялық операциялардың, ұзақ уақыт асқазанның кілегей қабатын қоздыратын, тітіркендіретін дәрілерді қолданудың әсері елеулі екені сөзсіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?