Асқазан-ішек ойык жарасынан қан кетулер


Семей қ. Мемлекеттік Медицина Университеті

2 хирургия кафедрасы

Тақырыбы: “Асқазан-ішек ойык жарасынан қан кетулер”

Құрастырған: кафедра ассистенті

м.ғ.к. Кусаинов А.А.

Қан кету – қан айналу ағзаларынан қанның шығуы. АІЖ – нан массивті қан кету адам ағзасына қауіпті геморрагиялық шокқа әкеліп соқтыруы мүмкін.

Этиология және патогенезі:

- Тамыр қабырғасында патологиялық процесс дамуына байланысты деффект (жедел немесе созылмалы жарадан аррозивты қан кету )

- Тамыр қабрғасының өткізгіштігінің нашарлауы (авитаминоз, жедел инфекциялық сырқыт,а нафилаксия,сепсис, интоксикация)

- Бауыр циррозы кезіндегі өңештің кеңейген веналарынан және асқазаннан қан кету

- Өңештің шырышты кабатынан және асқазаннан қан кету (Меллори –Вейсс синдромы)

Жаралық асқазан-ішектік қан кетулер-гастродуоденальды жаралардың ішіндегі ең жиі және ауыр асқыну. Ол жара ауруы бар науқастардың 15-20% дамиды. Бұл асқынуда жоғары летальдылық байқалады 10% және одан жоғары. Асқазан және он екі елі ішектің қанағыш жараларының қатынасы 1:4. ол әйелдер мен еркектерде бірдей жиілікте кездеседі.

АІЖ – нан қан кету себекптері:

 

АІЖ – ның жоғарғы бөлімдерінен :

1. Асқазан немесе онекіелі ішек жарасы.

2. Өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кету.

3. Шырышты қабаттың эрозивті – жаралы зақымдалуы (стресстік, дәрілік, азотемиялық)

4. Мэллори –Вейсс синдромы

5. Өңеш, асқазан, онекіелі ішек ісіктері

6. Ангиомалар

 

АІЖ – ның төменгі бөлімінен:

1. Дивертикулит немесе меккель диверертикулиті.

2. Тоқ ішек ісіктері және полиптері.

3. Ангиодисплазия.

4. Спецификалық емес жаралы колит және Крон ауруы.

5. Геморрой.

6. Инфекциялық ауруы.

Этиологиясы:

Асқорыту жолдарынан профузды қан кетудің себебі жиі жоғарғы бөліктерінен:

Асқазан және ұлтабардың ойық жарасы (оң және сол жақ асқазандық арт. мен aa. pancreaticoduodenales)

Стресстік жаралар

Шырышты қабықтың жедел эррозиялары (эрозивті гастрит).

Мэллори-Вейс синдромы сирегірек

Өңештің және асқазанның веналарының варикозды кеңеюі (порталды гипертензия) немесе тек асқазанның (көкбауыр венасының тромбозы).

Асқазан обыры

Эзофагит және өңеш ойық жарасы

Өңеш обыры

Аортодуоденалды жыланкөз

Фатер емізігінің обыры

Өңеш жарақаттануы (бөгде зат)

Туа біткен және жүре пайда болған қан ұюдың бұзылуы

Гемобилия (бауырдың біріншілік зақымдануы немесе панкреатиттің асқынуы)

Асқазанның қатерсіз ісігі (гемангиома, лейомиома)

Тұқымқуалайтын геморрагиялық телеангиэктазия (Ослер-Рандю синдромы)

Эластикалық псевдоксантома

Асқазан-ішек жолдарынан қан кетудің жалпы белгілері:

Жалпы әлсіздік

Селқостық

Көз алдыда шіркейлердің көрінуі

Суық тер

Коллапс

Бас айналу

Құлақта шу

Көз алдында қарауыту

Ентігу

Жүрек қағу

Асқазан-ішек жолдарынан қан кетудің жергілікті белгілері:

Гематомезис- қою “кофе қойыртпағы” тәрізді құсық

Мелена- сұйық қара нәжіс

Қан кетудің айқын белгілеріне жатады:

Қан құсу

Қан аралас нәжіс.

Қан құсу (гематомезис) – құсық массаларымен өзгерген (қою көфе тәрізді) немесе өзгермеген қанның шығуы. Асқазаннан, өңештен, ұлтбардан қан кеткенде байқалады.

Мелена – нәжіспен өзгерген қанның шығуы. Ұлтабардан және асқазаннан көлемі 500мл және одан көп профузды қан кеткенде байқалады.

Гематохезия – нәжіспен ал-қызыл қанның шығуы.

Кейбір жағдайларда жалпы белгілер қан құсу мен меленаның алдында болуы мүмкін немесе клиникалық көрінісінің алдыңғы бетінде көрінуі мүмкін.

Егер қан кету төменгі бөліктерден болса бұл айтылған жалпы симптомдар гематохезиядан кейін ғана пайда болады.

Науқасқтың қан жоғалтуға реакциясы анықталады:

Оның көлемі және жиілігімен

Пайда болатын сұйықтық пен электролиттер дефициті

Науқастың жасы

Қосымша аурулардың болуы

Жедел қан кетулер

Профузды қан кетулер

Созылмалы қан кетулер

Қан кетудің түрлері

Жедел қан кету- 500 мл және одан жоғары көлемді тез қан кетуден пайда болады және келесідей клиникалық көріністермен сипатталады: әлсіздік, селқостық, коллапс, бас айналу, көз алдында шіркейлердің көрінуі, гематомезис, мелена.

500 мл және одан жоғары көлемде қан кетудің компенсаторлы механизмі, тез арада қан мен тінаралық сұйықтықтың қайта бөлінуі болып табылады. Жүйелі вазоконстрикция, қан деполарынан(көкбауыр, бауыр) қанның мобилизациясына әкеледі, ал антидиуретикалық гормон мен альдостерон бөлінуі, тінаралық сұйықтықтың тамыр арнасына түсуі есебінен тамырішілік көлемді қалпына келтіреді. Бұл өзгерістер гемоглобин мен гематокрит деңгейлерінің төмендеуімен, гипопротеинемиямен, жүрек лақтырысының төмендеуімен, тахикардиямен жүреді, ал систолалық қысым қалыпты болып қалады немесе көтерілуі мүмкін.

Профузды қан кету-бірмезетте асқазан-ішек жолдарының қуысына 1л-ге дейін қанның түсуімен және келесідей симтомокомплекспен сипатталатын жағдай: қан аралас құсу, мелена және геморрагиялық шок.

1л жоғары қан кетуде компенсаторлы механизмдер, циркуляцияланатын қан көлемінің тамыр арнасының көлеміне сәйкес келмеуі себебінен қызметін атқармайды. Бұл қан жоғалтудан кейін немесе бірнеше сағат ішінде геморрагиялық шоктың дамуына әкеледі.

50-100 мл-ге дейін қан кетуде, қан кетудің клиникасы болмайды және оның белгілерін тек зертханалық әдістермен (Грегерсен реакциясы-нәжісті жасырын қанға зерттеу) анықталады. Мұндай қан кетулер созылмалы сипатта болады, бірақ белгілі бір уақытта массивті қан кетуге және анемизацияға әкелуі мүмкін. Осыған байланысты олар хирургиялық емге көрсеткіш болып табылады.

Жаралық қан кету бар науқасты зерттеу жоспарына кіреді:

Анамнез жинау

Шағымдары

Объективті зерттеу жүргізу

Зертханалық тексерулер

Шұғыл фиброгастродуоденоскопия

Анамнезінен, жара ауруына тән көріністер барын анықтау керек:

Тамақ ішкеннен кейін немесе аш қарында ауырсыну

Қыжылдау, жүрек айну және құсу

Маусымдылық- көктем-күз мезгілінде өршуі

Қан кету, жиі жара ауруының өршуі кезінде болады, бірақ онсыз да жалпы қанағаттанарлық жағдайда дамуы мүмкін.

Науқастың шағымдары: Жарадан қан кетудің классикалық белгілері- кофе қойыртпағымен құсу және мелена,пайда болуына дейін, науқастар әлсіздікке, бас айналуға, жоғары тершеңдікке, көз алдында шіркейлердің көрінуіне, құлақтың шуылдауына, жүрек айну, шөлдеу, жүрек қағуы, ұйқышылдыққы шағымданады. Ауыр қан кетуде, оның бірінші көрінісі болып, науқастың қозғалуы кезінде немесе физикалық күш түскенде, мысалы дефекация актысынан кейін дамитын есінен тану жатады. Кофе қойырпағындай құсу, қан кетудң көзі асқазанда екенін, ал мелена жараның он екі елі ішекте орналасқанын білдіреді.

Науқасты объективті зерттеу нәтижесі жаралық қан кетудің интенсивтілігі мен қан кетудің дәрежесіне байланысты. Қан кетудің жеңіл дәрежесінде науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, ал ауыр дәрежесінде коматозды болады. Қан кетудің жалпы белгілері: тері қабаты мен шырышты қабаттардың анық бозаруы, құрғақ тіл, жиі жіп тәрізді пульс. Артериялық қан қысымы басында жоғарылайды, содан кейін прогрессивті төмендейді. Сонымен қатар орталық веноздық қысым төмендейді.

Тексеру кезінде іш тыныс алу актісіне қатысады, қатаймаған, пальпацияда ауырсынбайды. Жарадан қан кету кезінде пайда болатын ауырсынудың, қанның асқазанның қышқыл құрамын сілтілеуі нәтижесінде жоғалуы-бұл асқынуға тән белгілердің бірі. Ректальды тексеру кезінде мелена түсті нәжіс анықталады.

Қан анализінде: Қан кетудің басталуынан 2-4 сағат өткен соң перифериялық қанда гемоглобин жоғарлауы байқалады. Бірақ ары қарай оның деңгейі және гематокрит деңгейі төмендейді. Мұндай төмендеу гемодилюция нәтижесі, ол қан кету жалғасқанда дами түседі. Сонымен қатар циркуляцияланатын қан көлемі де төмендейді.

Шұгыл фиброгастродуоденоскопияда ақпараттылғы бойынша басқа зерттеу әдістерінен алға шығады.

Зерттеу алдында науқасқа жуан зондпен асқазанын суық сумен жуады. 20-30 минут бұрын атропин мен промедол енгізеді, 1% дикаин ерітіндісімен ауыз қуысының шырықты қабатына және жұтқыншаққа жергілікті жансыздандыру жүргізеді.

Фиброгастродуоденоскопия қанталаған гастродуоденальды жараны диагностикалауға және қатерсіз бен малигнизацияланған жараны ажыратуға, қан кетудің басқа себептерін (асқазан ісіктері, өңеш веналарының варикозды кеңеюі, геморрагиялық гастрит және т.б.) анықтауға мүмкіндік береді.

Фиброгастродуоденоскопияда жараның өлшемдерін, жара түбінде тормбталған тамырлардың бар жоқтығын анықтау, қан жоғалту ауырлығына байланысты гемостазды бағалау, қан кетудің қайталануын болжауға мүмкіндік береді. Қалыпты гемостаз кезінде консервативті ем жүргізіледі, ал жалғасқан қан кетуде шұғыл түрде оперативті арасу жұргізіледі.

Емдеу тактикасын таңдау үшін қан кетудің нақты ауырлығын анықтау маңызды. Хирургиялық тәжірибеде қан кетудің ауырлығын клиникалық белгілеріне және ЦҚК зерттеу нәтижелері бойынша анықтау ыңғайлы.

Гастродуоденальды қан кетулердің жіктелуі (Стручков В.И., 1977)

І дәреже- жеңіл қан кету.Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Қан аралас құсу бір рет немесе қоймалжың нәжіс. Пульс аздап жиілеген, АҚҚ қалыпты, гемоглобин 100 г/л жоғары, ЦҚК дефициті 5% шамасында.

ІІ дәреже-анық қан кету. Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықта, бас айналуына, әлсіздік, қайталанатын құсық немесе қоймалжың нәжіске шағымданады. Тері жабындылары мен шырышты қабаты бозарған. Пульсі жиілеген. АҚҚ 90 мм.с.б. дейін төмендеген, гемоглобин-80 г/л дейін, ЦҚК-нің дефициті 15% шамасында.

ІІІ дәреже- ауыр қан кету. Науқастың жалпы жағдайы ауыр. Шөлдеу, ұйқышылдық. Талықсу жағдайы, тері жабындылары мен шырышты қабатының бозаруы, суық тер, көп қайталанатын құсу байқалады. Пульсі анық жиілеген, АҚҚ 60 мм.с.б., гемоглобин 50 г/л дейін төмендеген. ЦҚК дефициті 30%. І-ІІ дәрежелі геморрагиялық шок.

ІV дәреже-көп мөлшерде қан кету. Науқас ессіз, жалпы жағдайы ауыр. Пульс анықталмайды. ЦҚК дефициті 30% жоғары, гемоглобин 50 г/л-ден төмен, І V дәрежелі геморрагиялық шок.

Қан жоғалтудың үш дәрежесін ажыратады (Шалимов А.А. бойынша):

І дәреже-жеңіл-ЦҚК 20 пайызын жоғалтумен көрінеді.Жалпы жағдайы қанағаттанарлық немесе орташа ауырлықта, терісі бозғылт, тершеңдік пайда болады; пульсі минутына 90-100 рет; АҚҚ 100-90/60 мм.с.б., мазасыздық жеңіл тежелумен алмасады, есі анық, тыныс алуы біршама жиілеген, рефлекстер төмендеген, бұлшық еттері босаңсыған, лейкоцитарлы формуланың солға жылжуымен лейцоцитоз, олигоурия. Қан кетудің компенсациялануынсыз қан айналымының бұзылыстары байқалмайды.

ІІ дәреже-орташа ауырлықта-ЦҚК 20-30% жоғалтуда байқалады. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, науқас тежелген, ақырын, баяу сөйлейді, терінің айқын бозаруы байқалады, жабыспақ тер, пульс минутына 120-130 рет, әлсіз толумен, АҚҚ 90-80/50 мм.с.б., жиі беткей тыныс, анық олигоурия. Тамырлар спазмы себебінен АҚҚ қалыпты немесе жоғарылаған болуы мүмкін. Бірақ компенсаторлы механизмдердің қызмет атқармауы және тамырлар кеңуі себебінен кез келген уақытта төмендеуі мүмкін. Қан кетудің компенсациялануынсыз науқас тірі қалуы мүмкін, бірақ қан айналымының, метаболизм және бүйрек, бауыр, ішек қызметтерінің маңызды бұзылыстары қалады.

ІІІ дәреже-ауыр-ЦҚК 30% жоғары жоғалтуда байқалады. Жалпы жағдайы ауыр немесе өте ауыр, қозғалу реакциясы тежелген, тері және шырышты қабаттары бозғылт-цианозды немесе дақты. Науқас сұрақтарға бая жауап береді, жиі есінен танады, пульсі жіп тәрізді, минутына 130-140 рет, пульсі есептелмейді және пальпацияланбайды, АҚҚ 0-60- тан 50 мм.с.б. дейін, орталық веноздық қысым төмен, тыныс алу беткей, жиі, денесі және аяқ қолдарын ұстағанда суық, дене температурасы төмен. Олигурия анурияға ауысады. Қан кетудің толуы гемодинамиканың жылдам қалыптасуына әкелуі мүмкін. (лабильді форма) Егер жылдам жақсару байқалмаса, бұл өмірге маңызды паренхиматозы ағзалардың зақымдалғанын көрсетеді (торпидті форма). Бұл жағдайда лабильді формадағыдай ашық артерио-венозды анастомозбен артерио-метартериоло-венулярлы комплекстың дилятациясы болады. Тамырішілік тром түзілуінің таралуын растайтын геморрагиялық көріністер байқалады; қанның оттегімен қанығуы, артерио-венозды айырмашылық азаяды, жалпы жағдайы нашарлайды, интокцикация жоғарылайды.

Қан кетуді уақытында компенацияламағанда, науқастар ағза жасушаларының жойылуы нәтижесінде (бауыр, бүйрек ), анық метаболикалық бұзылыстар, жүрек қызметінің төмендеуі есебінен өлімге ұшырайды. ЦҚК 50-60% жоғалуы, жүрек бұлшық етінің қанмен жабдықталуы жетіспеушілігі нәтижесінде жүрек тоқтауы есебінен жедел өлімді шақырады.

Қан кетудің ауырлық дәрежесі (Горбашко А.И., 1982)

Альговердің шоктық индексі

Пульс/систолалық қысым

0,5-1 – жеңіл дәрежедегі қан кету

1-1,5 – орташа дәрежедегі қан кету

1,5-2 – ауыр дәрежедегі қан кету

ҚҚК дефицитінің мөлшері бойынша:

Жаралық қан кетулердің салыстырмалы диагностикасы, этиологиясы жаралық емес және өкпелік қан кетулермен жүргізіледі.

Портальды гипертензия кезіндегі өңеш пен асқазан веналарының варикозды кеңеюі.

Маллори-Вейсс синдромы

Эрозивті геморрагиялық гастродуоденит

Асқазанның қатерлі және қатерсіз ісіктері, дивертикулдар.

Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы

Асқазанның химиялық күйігі кезіндегі қан кету

Золингер-Эллисон синдромы

Жедел қанағыш жаралардың дамуына, гипертоникалық ауру, атеросклероз, капилляротоксикоз, бауыр циррозы, уремия, әртүрлі этиологиялы шок, сонымен қатар асқазан мен он екі елі ішектің шырышты қабатына әсер етітін токсикалық және дәрілік әсерлер әкеледі. Бұрын салынған асқазан-ішектік анастомоздардың пептикалық жараларынан қан кету дамуы мүмкін.

Қан кетудің өкпелік генезі, ауыз қуысынан жөтелу кезінде қызыл көпіршікті қанның бөлінуі, перкуссия, аускультация, өкпенің рентгендік зерттеуі мәліметтері негізінде анықталады.

Асқазан-ішектен қан кетуге күмәнданғанда науқасты хирургиялық стационарға жатқызады. Тасымалдауды, носилкада жатқан күйде жүзеге асырады.

Шұгыл фиброгастродуоденоскопия, зертханалық тексеру, науқасты физикалық тексеруден кейін консервативті терапияның қолайлы көлемі және оперативті араласудың көрсеткіштері мен шұғылдығы анықталады.

Госпитализация алдындағы ем: ЖЖ –нің негізгі мақсаты науқасты хирургиялық бөлімге жеткізіп, оны госпитализациялау. АҚ жәнеТАЖ мониторингке алып оны қадағалау керек, витальды функцияларын сақтау.

Геморрагиялық шок көріністері (қалтырау, суық тер, тамыр толуыны төмендеуі, тахикардия, гипотония) болған жағдайда тамыр ішіне тамшылатып сұйқтық енгізуді бастау: гидроксиэтилкрахмал 400 мл, глюкоза ерітіндісі 5 % - 400 мл, натрий хлорид ерітіндісі 0, 9 % - 400 мл.

Егер геморрагиялық шок көріністері болмаса. Онда инфузионды терапияны бастамаған жөн.

АІЖ жоғарғы бөлімінен қан кету болса:

- Тамыр ішіне баяу 2 мин барысында фамотидин 20 мг (1 ампуланы алдын ала 5 – 10 мл 0,9% нартий хлорид ерітіндісімен араластыру ).

- Тамыр ішіне тамшылатып октреотид 0, 1 мг (сома – тостатин аналогы)

- Фибринолиз активациясы фонында: т/і тамшылатып амнокапрон қышқылы 5 % - 100 мл

Комплексті гемостатикалық терапия жүргізіледі.

Қатаң төсек режимі, эпигастрий аймағына суық қою, асқазанды суық сумен жуу тағайындалады. Асқазанға зондпен 0,1% 4 мл адреналин ерітініндісімен 100-150 мл 5% аминокапрон қышқылын енгізеді немесе бұл ерітіндіні бір шай қасықпен әр 15 мин сайын ішкізеді.

Гемостатикалық терапия келесі көлемде жүргізіледі: аминокапрон қышқылы 5% 200мл, децинон 250 мг, кальций хлориді 10% 10 мл, фибриноген 1-2 гр 250 мл натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісіне, викасол 1% 3мл бұлшық етке.

Волемиялық бұзылыстарды жою мен ЦҚК толтыруды қан және оның компоненттерін құюмен жүргізеді, нативті, құрғақ және мұздатылған плазма 200-800 мл дейін, сонымен қатар декстранондар, альбуминдер, протеиндер, кристаллоидтар.

Жаралық қан кетуде консервативті терапия мақсатына гемодинамиканы тұрақтандыру үшін жүректік, тамырлық және тыныс алу дәрілерін қолдану, метаболикалық ацидозды жою үшін натрий гидрокарбонаты 4% 200 мл және микроциркуляцияны қалыптастыру үшін реополиглюкин 400 мл және трентал 10-15 мл 250 мл натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісіне құяды.

Жаралық қан кетуді тоқтатуда маңызды рөлді емдік фиброгастродуоденоскопия атқарады. Гемостаз мақсатымен жараны 0,1 % адреналин немесе норадреналин ерітіндісімен теседі, қанаған тамырға электрокоагуляция, тамырды металл клипсымен тігеді, лазерлік коагуляция, жараны медициналық клеймен МК № 6,7,8 пломбирлеу. Мамандандырылған мекемелерде жарадағы қанаған тамырды, жасанды эмболды сан артериясы арқылы суперселективті енгізу арқылы эмболизациялау жүргізіледі.

Хирургиялық емі:

Жаралы қан кетулерде шұғыл, жедел және жоспарланған операция түрлерін ажыратады.

Шұғыл операция қан тоқтату және жарадағы тромбыларға (тұрақсыз гемостаз) бірінші-екінші тәулікте,сонымен қатар қан кету қайталанғанда стационарда жасалады.

Жоспарлы оперция тұрақты гемостазда, үлкен емес жараларда, тромбтар мен қан жоғалтудың жеңіл дәрежесінде қолданылады.

-Форест 1-де экстренді операция көрсетілген.

-24сағ ішінде 1500мл қан құйылып жағдайы жақсармаса мерзімді операция жасалады.

-Форест 2,3-те нуқастың жасы 50-ден асса, анамнезінде ұзақ ойық жара болса, каллезді жара болса, стеноздаушы жара болса қосымша ауруларын ескеріп операцияға алады.

Колоноскопия, асқазан-ішек жолының жоғарғы бөлімдерінің эндоскопиясы

Массивті қан кету

Қан кету көзін анықтағанда

Сәйкес ем

Ангиография

Оперативті ем

Интраоперациялық эндоскопия

Қан кету көзін анықтағанда

Қан кету көзін анықтағанда

Сәйкес ем

Сәйкес ем

(-) Қан кету көзі болмаса

(-) Қан кету көзі болмаса

(-) Қан кету көзінің айқын белгілері жоқ болса

Операцияның негізгі мақсаты қанкетуді тоқтату.

Асқазан жарасынан қан кетіп тұрғанда: бағаналы ваготомия+асқазанның экономды резекциясы + Ру бойынша гастроеюналды анастомоз немесе Бильрот 1. әлсіз науқастарды - бағаналы ваготомия+жараны ойып алумен гастртомия және пилоропластикамен. Ауыр науқастарда – қансырап тұрған тамырды тігумен гастротомия, немесе жараны ойып алып тігу.

Ұлтабардың жарасынан қан кетіп тұрғанда: бағаналы ваготомия немесе селективті проксималды ваготомия + қансырап тұрған тамырды тігу мен пилоропластика. Асқазан мен ұлтабардың қосарласқан жараларында бағаналы ваготомия + антрумэктомия + Ру бойынша анастомоз.

Мэллори-Вейс синдромында Блэйкмор зондымен тампонада. Гастротомия, шырышты қабат дефектісін тігу. Склерозотерапия.

Шунттаушы операциялар (портокавалды, спленореналды, мезокавалды шунтар және т.б. анастомоздар)

Бауыр циррозымен зардап шегетін жас адамнан профузды қан кету. Варикозды түйіндерді байлауға арналған прибор арқылы көрініс. Оң жағында қансырап тұрған жерде гемостаз.

37 жасар бауыр циррозымен зардап шегетін науқастың өңешінен қан төменгі бөліктеріне жиналуы.

78 жасар ер адамда тоқ ішектің обырындағы бауырдың метастатикалық зақымдануымен байланысты дамыған порталды гипертензиясы бар науқастан профузды қан кету. Эндоскопияда қанның «фонтан» тәрізді атқылап шығуы көрінеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу