Күрделі эфирлер


Күрделі эфирлер

Эфирлер – құрамында оттек бар органикалық қосылыстар. Олар жай және күрделі эфир болып негізгі екі топқа бөлінеді. Жай эфирдің жалпы формуласы R – O – R немесе R– O– R (R, R – органикалық радикалдар). Екі радикалы бірдей жай эфир– симметриялы эфир радикалдары әр түрлі жай эфир аралас эфирдеп аталады. Жай эфир өздерінің құрамындағы радикалдар бойынша аталады: СН3–О–СН3 диметил эфирі, СН3–О–С2Н5 метил-этил эфирі, т.б. Жай эфирлер ұнамды иісті, суда нашар еритін, ұшқыш, органикалық еріткіштерде жақсы еритін, сілтілер мен сілтілік металдар әсеріне тұрақты, бейтарап, активтігі нашар қосылыстар.

Күрделі эфир – қышқыл құрамындағы сутек атомын (карбон қышқылдарындағы карбоксил тобының сутек атомын) алкил немесе арил радикалдарымен алмастырғанда түзілетін қосылыстар. Күрделі эфирді алудың кең тараған әдістеріне эфирлену (қышқыл мен спирттің әрекеттесуі) реакциясы жатады. Бұл – белгілі бір сатысында тепе-теңдік күйге келетін қайтымды реакция.

Күрделі эфирдің ең маңызды химиялық қасиеттерінің бірі – сабындану реакциясы (гидролиз). Күрделі эфир табиғатта кең таралған. Олардың көбі эфир майларының құрамында болады. Глицерин мен май қышқылдарының күрделі эфирі табиғи майлардың негізін құрады. Күрделі эфир техниканың, өндірістің әр түрлі салаларында кең қолданылады. Мыс, күкірт қышқыл күрделі эфирі алкилдеу реакцияларында, қағаз өндірісінде, фосфор қышқыл күрделі эфирі өсімдіктер зиянкестеріне қарсы қолданылады. Кейбір эфиртамақ және парфюмерия өндірісінде, дәрі-дәрмек дайындауда, органикалық шыны жасауда, еріткіш ретінде, т.б. қолданылады.

Күрделі эфир

Парфюмерияда

Дәрілік заттар

Еріткіштер

Пластмассалар

Тамақ өнеркәсібі

Күрделі эфирдің қолдануы

Қышқыл мен спиртті әрекеттестіріп,күрделі эфирді алады, бұл рекация қайтымды,сондықтан кері реакция жүрмеу үшін суды үнемі бөліп алдып отырады. Күрделі эфирлер өндірістің көптеген салаларында қолданылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу