Экономикалық әлеуметтану
Экономикалық
әлеуметтану
Экономика
Экономика –қоғамдық және жеке кажеттліктерді қанағаттандыру және материалдық игіліктер үшін жасалатын адам қызметінің бөлімі.
Экономикалық әлеуметтану жалпы әлеуметтану ғылымының қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы теориясы болып саналады. Бұл арнаулы теория жалпы әлеуметтанудың қарқынды дамуымен және оның экономикалық процестерімен тығыз байланысының негізінде пайда болды. Осыған орай экономикалық әлеуметтанудың объектісіне зерттеушінің қалауына қарай алынған қандай да болмасын экономикалық және әлеуметтік тұрғыда бір-бірімен тығыз байланысқан құбылыстар мен процестер жатады. Ал, экономикалық әлеуметтанудың пәніне қоғамның экономикалық дамуының әлеуметтік аспектілері жатады. Бұған экономиканың алуан түрлі салалары, әлеуметтік инститіттар (фирмалар, акционерлік қоғамдар (АО) корпорациялар, банктер, т.б.), алуан түрлі адамдар бірлігі (мысалы, өндіріс, еңбек ұжымдары, өндірістік бірлестіктер, топтар, бригадалар, т.б.) ; экономикалық процестер, өндңрңс саласындағы қатынастар (үстемдік ету – бағыну, басқару-орындау), еңбеккерлердің өндірісті басқаруға қатынасуы, жұмыс күшінің тұрақсыздығы, ауысуы, миграция, мамандықты іріктеп алу, еңбек ұжымдарының әлеуметтік қорлары мен ресурстық мүмкіншіліктері, адам және алуан түрлі топтардың экономикалық іс-әрекеттің себеп-дәлелдері, экономикалық сана, экономикалық ойлау, экономикалық-материалдық жағдайы, көңіл-күй, тәртіп, мұқтаждық, талап-тілек, әлеуметтік құндылықтардың еңбектің өнімділігіне, тауардың сапсының артуына әсері, т.б. жатады.
Нарыққа өту кезеңінде экономикалық өмір социологиялық зерттеудің ең маңызды объектілерінің біріне айналды. Экономикалық социология жеке ғылыми пән ретінде өндірістік қатынастарға экономикалық факторлармен қатар адам факторы да әсер ететіндігін көрсеткен басқару тәжірибесіне жауап ретінде ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-та пайда болды.
Экономикалық өмірге социологиялық тұрғыдан қарау, оны адамдар арасындағы қатынастардың бір саласы ретінде қарастыру, біздің түсінігімізді айтарлықтай кеңейтіп тереңдете түседі. Ол бүгінгі күнде заман талабына сай болып отырған нарық, өндіріс, тұтыну т.б процестердің экономикалық саралау саласында қандай да бір қосымша немесе қосалқы құрал болып саналмайды. Экономикалық социология экономиканы ондағы әреект етуші әлеуметтік топтардың белсенділігімен, олардың мүдделерімен, жүріс-тұрысы мен өзара әрекеттесуімен қозғау алатын әлеуметтік процесс ретінде сипаттайды.
Экономикалық теория көп жағдайда материалдық, қаржылық, ақпараттық ресурстардың дайын өнім мен қызметке айналу қатынастарын зерттейді. Социология өз кезегінде тікелей адамның іс-әрекетіне және әлеуметтік байланыстарға көбірек көңіл бөледі. Экономика екі ғылымның да зерттеу объектісі болып табылады, алайда әрбір пән экономикалық құбылыстарды зерттеп білуде өз көзқарастарын ұсынып, әр түрлі міндеттер қояды, мәліметтерді жинау мен талдауда өз әдістерін қолданады.
В.В. Радаев атап көрсеткендей, "экономикалық теория үйреншікті нәрсеге редукция шығарады, ал экономикалық социология - үйреншікті нәрсеге проблемалық сипат береді”. Экономистер жай адамға қиын материялдарды (бағалардың қалыптасуы, қаржы ағымдарының қозғалысы т.б.) түсіндіре отырып, дұрыс мағына логикасына, кәдімгі адамдардың жүріс-тұрысына әкеліп тірейді. Социологтар, керісінше, күнделікті өмірде біз дұрыс мағына деңгейінде қабылдайтын, "жай ғана” істермен айналысады. Неге тұтынушылар әр түрлі дүкендерге барады және бірдей затқа әр түрлі ақша төлейді? Неге "қатардағылар” мен "басшылар” табысының арасындағы үлкен айырмашылықты қалыпты нәрсе деп қабылдайды? Социологтар бұл сұрақтарға жауап іздей отырып, адамның жүріс-тұрысын күрделі әлеуметтік байланыстардың нәтижесі деп қарастырады.
Өндірістегі әлеуметтік реттеу, басқару құралдары депондағы экономикалық тұрақты тәртіп жүйесі мен алуан түрлі әлеуметтік топтардың өзара байланысын, әлеуметтікфакторлардың іс-әрекетін реттеуді айтады. Сөйтіп бұл механизм әлеуметтік-экономикалық объектілердің іштей бірлігін, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуын сәйкестендіріп отырады.
Енбекті, өндіріс ұжымдарын әлеуметтік құралдар арқылы басқару, реттеудің негізіндеқызметкерлердің белгілі бір типі қалыптасады. Қалыптасқан бұл тип, бір жағынан, олардың ең жоғары адамгершілік қасиеттерін танытса, екінші жағынан, олардың кейбір жағымсыз қылықтарын де ашады.
Жоғары адамгершілік қасиеттерге еңбек сүйгіштік, сенімділік, әділеттілік, еңбекке саналықпен қарау, еңбекті сапалы әрі тез істеу, адамның еңбек процесінде өзінше шешім қабылдауы, жауапкершілік, белсенділік, т.с.с. жатады. Ал, керісінше, кейбір еңбеккерлер мен қызметкерлердің өзінің Отан, ел, халық алдында борышына, немқұрайлы, тапсырылған жұмысты, қызметті қалай болса солай істеу, оларға жауапсыз қарау сияқты келеңсіз мінез-құлықтары да орын алып отырды.
Осыларға сәйкес әрбір жұмысшы мен қызметкердің типін анықтау үшін экономикалық әлеуметтану олардың әрқайсысының барлыққасиеттерін терең талдап, содан кейін оның мінез-құлқының, тәртібінің өндірісте қай жағыбасым екенін салыстыру өлшемі арқылы адам типін анықтайды. Осыған орай өндірісте алуан түрлі еңбек ұжымдары, топтары қайта құрылып, қалыптастырылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?