Халықаралық қатынастар және дүниежүзілік саясат
11-дәрісХалықаралық қатынастар және дүниежүзілік саясат
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Кафедра: Қазақстан тарихы,мәдениеттану,философия,саясаттану,әлуметтану
Жоспар
Халықаралық қатынастар және дүниежүзілік саясат:ұғымдары, жүйелері, теориялары;
Халықаралық қатынастар субъектілері;
Геосаясат: ұғымы, негізгі тұжырымдамалар;
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты, оның көпбағыттылық сипаты.
Халықаралық қатынастар :
Мемлекеттер, ұлттар, мемлекет одақтары арасындағы саяси, экономикалық, дипломатиялық, әскери, мәдени, ғылыми-техникалық байланыстары мен қарым-қатынастар
Ықпал етуші факторлар:
Әлемдік-экономикалық ахуал;
Әскери-стратегиялық жағдай;
Жекелеген мемлекеттердің ықпалы;
Табиғи қорлардың, шикізат және табиғат ресурстарының ықпалы.
Даму тенденциясы:
Әлемнің өзара тәуелділігі мен тұтастығының дамуы;
Халықаралық қатынастардың көп ұлттық жүйесінің қалыптасуы;
Әлемнің әлеуметтік әртектілігінің сақталуы;
Қайшылықтар мен дау-жанжалдарды шешуде саяси құралдардың рөлінің өсуі;
Әлемдік дамудың жаңа шынайылықтары мен проблеманы шешудегі дәстүрлі тұрғылар арасындағы қайшылықтардың шиеленісуі.
Халықаралық қатынастардың ерекшеліктері:
Билік пен басқарудың бірыңғай орталық ядросының болмауы;
Полицентризм мен полииерархия негізінде құрылуы;
Стихиялы процестері мен субъективті факторлардың үлкен роль атқаруы;
Халықаралық қатынастарды реттеуде заңдар емес, келісімдер, келісімшарттар үлкен роль атқарады.
Халықаралық қатынастардың әдістері:
Соғыс;
Дипломатия;
Үгіт-насихат;
Халықаралық қатынастардың түрлері:
Саяси;
Экономикалық;
Ғылыми-техникалық;
Идеологиялық;
Халықаралық-құқықтық;
Әскери-стратегиялық;
Мәдени
Саяси - халықаралық қатынастар қатынастың басқа түрлерін синтездейді, қауіпсіздікке кепілдік береді, қатынастардың басқа түрлерінің дамуына ықпал жасайды.
Саяси қатынас формалары:
Құқықтық;
Дипломатиялық;
Ұйымдастырушылық;
Экономикалық - әлемдік нарықта халықаралық еңбек бөлінісінің қалыптасуына ықпал етеді.
Халықаралық экономикалық қатынастардың формалары:
Қаржылық;
Сауда;
Кооперативтік;
Ғылыми-техникалық - әлемдік ғылыми-техникалық даму үрдістерін барлық мемлекеттерге тарату, әлемдік деңгейде дамыту.
Формалары:
Халықаралық деңгейдегі білім беру орталықтары;
Ғылыми-техникалық стандарттар, орталықтар;
Идеологиялық - саяси қатынастардың біршама дербес бөлігі, рөлі мен маңызы қоғамдағы идеологияның рөлінің өзгеруімен байланысты.
Формалары:
Келісім;
Декларациялар;
Диверсиялар;
Психологиялық соғыстар.
Халықаралық-құқықтық - қатынастар халықаралық қатынастарға қатысушылардың өзара қарым-қатынасын құқықтық нормалар және ережелермен реттейді.
Формалары:
Дипломатиялық құқық;
Теңіз сауда құқығы;
Халықаралық арбитраж;
сот;.
Әскери-стратегиялық - әскери күштерді тікелей немесе жанама құрумен, жетілдірумен, қайта бөлумен айналысады.
Формалары:
Әскери-стратегиялық блоктар;
Әскери-стратегиялық одақтар.
Мәдени қатынастар - оның негізінде қоғамдық өмірдің өмірдің интернационализациалануы, мәдениеттердің,білім жүйелерінің өзара сіңісуі, байытуы, бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы.
Формалары:
-артистердің гастрольдері,
-ақпарат алмасу;
-түрлі көрмелер.
Әлемдік саясат:
Саяси мақсаттарды көздеген халықаралық қатынастар субъектілерінің бірлескен іс-әрекеті.
Әлемдік саясат құрылымы:
Легитимді халықаралық ұйымдардың сыртқы саяси қызметі;
Аймақтық және субаймақтық институттардың саяси акциялары;
Егеменді мемлекеттердің сыртқы саяси қызметі.
Негізгі басымдықтары:
Соғыс және бейбітшілік;
Жалпыға ортақ қауіпсіздік;
Қоршаған ортаны қорғау;
Артта қалушылық пен кедейшіліктен арылу.
Қазіргі әлемдік саясаттың сипатты белгілері:
Революциялық және эволюциялық бастамалардың тығыз байланысуы;
Саяси үрдіс субъектілері әрекеттеріндегі стихиялы және саналы,реттелген қимылдардың үйлесімі;
Әлеуметтік-саяси құрылымдар қызмет етуіндегі түрлі бағыттардың болуы;
Саяси үрдістердің салыстырмалы дербестігінің болуы;
Қоғамдық дамудың демократиялануы мен күрделенуіне байланысты саясаттың жүзеге асырылу құрылымы, механизмі,формалары, әдістерінің түрін өзгертуі;
Жеке адамды мемлекеттен, мемлекетті азаматтық қоғамнан бөлектеуден арылуға алғышарттардың қалыптасуы;
Барлық саяси үрдістер мемлекеттік билік төңірегінде айналады.
Дүниежүзілік саясат және оны реттеу әдістерінің негізгі тұрғылары:
Нормативтік тұрғы: Халықаралық тәртіп теориялық – саяси инструкция негізінде реттелу керек деген тұжырымға сүйенеді. Оның негізгі реттеушілері әмбебап адамгершілік нормалар және трансұлттық тәртіп нормалары.
Реалистік тұрғы: Оның мәні саясатқа өзінің заңдылықтарына ие шынайылық тұрғысынан келу. Заңдылықтар "гуманизм" мен "авторизм" идеяларымен емес, керісінше әскери-экономикалық күш, ұлттық мүдде және т. б. ұғымдармен анықталады.
Әлемдік саясат туралы негізгі теориялар
"Дамыған" Солтүстік пен "артта қалған" Оңтүстік туралы теориясы;
"Күштер орталығы" теориясы;
"Ұлттық мүдделер" теориясы;
"Күштер ұстанымы саясаты" теориясы;
"Өркениеттер қақтығысы" теориясы
Қазіргі әлемдік саясат мазмұны
Халықаралық қатынастарды демилитаризициялау мен деидеологизициялауға ұмтылыс;
Қауіпсіздіктің ғаламдық және аймақтық жүйелерін құру;
Халықаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
Халықаралық құқық негізінде мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынас;
Халықаралық өмірді гуманизациялау;
БҰҰ рөлін жоғарылату
Халықаралық қатынастардағы негізгі субъектілері
Ұлттар
Егеменді мемлекеттер
Мемлекетаралық ұйымдар (БҰҰ)
Мемлекеттер коалициясы
Экономикалық және әскери-саяси одақтар
Трансұлттық ұйымдар
Халықаралық қатынастардың субъектілерін
ғылыми әдебиеттерде "акторлар" деп те
атайды.
Мемлекет – халықаралық қатынастың негізгі субъектісі
Мемлекеттер – халықаралық қатынастар жүйесінде өздерінің сыртқы саясаты арқылы танылады.
Сыртқы саясат – мемлекеттер мен және қоғамның басқа саяси институттарының өздерінің мүдделері мен халықаралық аренадағы сұраныстарын жүзеге асырудағы іс-әрекеттері.
Мақсаты:
Жүргізіліп отырған саяси курсты қолайлы сыртқы жағдайлармен қамтамасыз ету;
Халықаралық қатынастар жүйесі қалыптастырған сыртқы саяси міндеттерді жүзеге асыру;
Қызметтері:
Қорғаушылық;
Экономикалық;
Акпараттық-өкілдік.
Жүзеге асыру формалары:
Дипломатиялық қатынастар орнату немесе үзу;
Халықаралық ұйымдарда мүше болу, өз өкілдіктерін ашу;
Мемлекеттер, партия, ұйымдар өкілдерімен байланыстар (бір реттік, тұрақты) орнату.
Үкіметаралық (мемлекетаралық) ұйымдар
Әмбебап (БҰҰ)
Аймақаралық (Ислам конференциясы Ұйымы)
Аймақтық (ЕҚЫҰ, МЕРКОСУР)
Субаймақтық (Бенилюкс)
Жалпымақсаттық (БҰҰ)
Экономикалық (ДСҰ)
Әскери-саяси (НАТО)
Қаржылық (ХВҚ, Бүкіләлемдік банк, ЕВБРР, БАД)
Ғылыми-техникалық (МАГАТЭ)
Құқық қорғау (Интерпол)
Халықаралық қатынас жүйелері
географиялық кеңістік өлшемЖаһандық немесе жалпы ғаламдық;
Аймақтық;
Субаймақтық.
Саяси билік
режим сипатына байланыстыБірполюсті
Биполярлы
Көпполюсті
Геосаясат
Сыртқы саясатты географиялық факторларға байланысты жүргізетін саясат. Теориялық негізін қалаушылар Ф.Ратцель, Х.Маккиндер.
Геосаясат қызметтері:
Танымдық
Интеграциялық
Болжау
ҚР-ның маңызды геосаяси мәселелері
Территориялық тұтастықты сақтау;
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
ҚР ұлттық мүддесіне қатысты әлемдік проблемаларды шешуге белсенді қатысу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?