Халықаралық экономикалық қатынастар


Тақырып: Халықаралық экономикалық қатынастар

ЖОСПАР:

ХЭҚ негізі және құрылымы;

ХЭҚ нарық жағдайындағы объектілері мен субъектілері;

ХЭҚ қоғамдық өндірістің дамуындағы рөлі;

Сыртқы экономикалық қызметтің Қазақстан экономикасын дамытудағы рөлі.

Халықаралық экономикалық қатынастардың негізі және құрылымы

Әлемдік шаруашылықтың ХХ ғасырдың екінші жартысындағы ерекшеліктерінің бірі халықаралық экономикалық қатынастардың қарқынды дамуы болып табылады. Әртүрлі елдер, елдер тобы, экономикалық топтар, жеке фермалар мен ұйымдар арасындағы экономикалық қатынастар кеңіп, тереңдей түседі.

Халықаралық экономикалық қатынастар-жалпы экономикалық жүйенің басты компоненті.

Халықаралық экономикалық қатынастардың пәні

Халықаралық экономикалық қатынастардың өзі (Әртүрлі елдердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы экономикалық байланыстар)

Байланыстарды іске асыратын тетіктер

Халықаралық экономикалық қатынастардың дамуының алғышарты

Әлемдегі жұмыс күшінің, табиғи ресурстардың, техникалық құралдардың негізгі және айналым капиталының, ғылыми техникалық әлеуеттің орналасуындағы географиялық және тарихи қалыптасқан теңсіздік болып саналады. Кез келген ғылым сияқты ХЭҚ экономикалық қатынастарға жиі кездесетін айқындаушы қатынастарды зерттейді.

Экономикалық қатынастардың жүзеге асу механизмі:

Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне:

Халықаралық еңбек бөлінісі;

Тауарлар мен қызметтердің халықаралық саудасы;

Капитал мен шетел инвестицияларының халықаралық қозғалысы;

Жұмыс күшінің халықаралық миграциясы;

Халықаралық валюта қаржылық және несиелік қарым қатынастар;

Халықаралық экономикалық интеграция кіреді.

Халықаралық экономикалық қатынастардың объектілері мен субъектілері

Халықаралық экономикалық қатынастардың объектілері мен субъектілері, негізінде нарық жағдайындағы ұлттық шаруашылықтың осы түсініктерінен айырмашылығы жоқ. Жаңа сандық және сапалық сәттер олардың көпжақтылығын сипаттайды ХЭҚ объектісі болып халықаралық сауда айналымындағы тауарлар мен қызметтер саналады. ХЭҚ субъектілерінің субъектілерінің ерекшеліктері де біршама. Нарықтық ортада әртүрлі елдердің әріптестері арасында қатынастар, негізінде жеке меншік фирмалар, кәсіпорындар, кәсіпкерлер деңгейіндегі байланыстар болып табылады.

ХЭҚ қоғамдық өндірістің дамуындағы рөлі

Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында арта түседі:

ХЭҚ халық шаруашылығының прогрессивті салаларын дамыту жолымен қоғамдық өндірістің құрылымын жетілдіруге, бүкіл өндірісті қайта техникалық жарақтандыруға мүмкіндік береді;

Экспортқа бейімделген ғылымды қажетсінетін өндіріс салаларын дамытуға жағдай жасайды

Экспортта қызметтің үлес салмағы, әлемді жеке елдердің ақпараттық экспансиялауы іске асады

Халықаралық несие орталықтары ретінде банктердің ролі артады

Өндірістің техникалық және технологиялық деңгейінің артуына байланысты ішкі және сыртқы нарықта өте сапалы тауарлар өткізіледі

Елге шетел капиталының келуі артады

ХЭҚ шикізатқа және басқа да ресурстарға бай жаңа елдерді экспансиялауға мүмкіндік береді

Сыртқы экономикалық қызметтің Қазақстан экономикасын дамытудағы рөлі.

Сыртқы экономикалық байланыстар іс жүзінде әлемнің барлық елдерінің әлеуметтік экономикалық мәселелерін шешуге әсер етеді. Олар мемлекет, аймақ және кәсіпорын көлемінде іске асырылады. Сыртқы экономикалық байланыстар халықаралық экономикалық саудалық байланыстар. Олар елдер арасындағы сыртқы саудалық, ғылыми-техникалық, өндірістік, валюталық, қаржылық және несиелік байланыстардың әр алуан түрлері құралдары мен әдістерінің жиынтығынан тұрады.

Сыртқы экономикалық қызмет

Сыртқы экономикалық қызмет - сыртқы экономикалық байланыстың белгілі бір аспектісі, кәсіпорындар мен ұйымдардың дербес өндірістік коммерциялық қызметінің саласы деп түсіндіріледі.

Сыртқы экономикалық қызметтің әрбірі белгілі бір түрде іске асырылады.

Сыртқы сауда түрлері

Экспорт

Импорт

Тауарлар мен қызметтің кері экспорты мен импорты

Пайдаланылған әдебиеттер:

Е.Н.Нәбиев “Халықаралық экономикалық қатынастар” 4-11 бет;

Г.Н.Доғалова “Халықаралық экономика”

(оқу құралы) 5-11 беттер;

К.Нәрібаев Я.Я.Әубәкіров, М.Есқалиев,

“Экономикалық теория негізі”;

Ө.Қ.Шеденов, Е.Н.Сағындықов Б.А.Жүнісов

“Жалпы экономикалық теория”



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу