Украина


Украина

Украина

Украина - Шығыс Еуропадағы ірі мемлекет. Украинаның 24 облысы және Қырым автономиясы бар. Жер көлемі – 600 мың шаршы шақырым. 50 миллиондай халқының 74 пайызы украиндықтар. Одан басқа поляк, словак, румын, венгрлер бар, олар елдің батыс жағында қоныстанған болса, ал орыстар негізінен шығысында тұрады. Жері өте құнарлы. Бір мысал келтірейік: Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс басқыншылары Украина жерінің өте құнарлы қара топырағын вагондарға тиеп, Германияға жіберіп тұрған екен! Жерінің бәрі көк жасыл алқап. Жолдарының екі беті тұтасқан көк терек.

Рәміздері

Украина туы

Украина елтаңбасы

Әнұраны: «Ще не вмерла України ні слава, ні воля»

Қысқаша мәлімет

Экономикасы

КСРО дәуірінен қалыптасқан өндіріс орындарының технологиясы озық үлгіде. Мәселенғарыш кемелері мен зымырандарды жасайды, су астында жүзетін сүңгуір қайықтармұхиттарда жүретін ірі кемелерді шығарады. Атом және энергетика саласы жақсы дамыған. Шикізат өндірісітемір жол, автокөлік жолы саласы көп ілгері басқан. Әсіресе, ғылыми-зерттеу орталықтары дамыған. Патон атындағы институты темірді дәнекерлеу ісінде дүниежүзіне аты шыққан.

Ауыл шаруашылығы саласын алсақ, олар бидай егіп, астық өндіреді, мал өсіреді. Ірі қарақұс өсіру саласында озық технологияларды пайдаланады. Жалпы етсүт өнімімен өздерін толық қамтамасыз етумен қатар, шет елдерге де өз өнімдерін шығарып отыр. Олар тұрмысқа қажетті тауарларды өте көп өндіреді және оны да экспортқа шығарады.

Алуан түрлі өндіріс орындары елдің шығыс жағында орналасқан болса, батыс жағында ауыл шаруашылығы өнімін өндіру өркен жайған.

Өнеркәсібі

Украина өнеркәсібінің басты саласыотын-энергетика кешені, оның үлесіне өнеркәсіп өндірісінің 1/4-іне жуығы тиесілі. Соған қарамастан бұл сала соңғы онжылдықта күшті күйзелуге ұшырады. Кеңес Одағының құрамында болған кезде Украина мұнай мен газды арзан бағамен көршілес Ресейден сатып алатын. Кейінгі жылдары елдің сыртқы экономикалық байланыстарының әлсіреуі энергияны кеп қажет ететін өнеркәсібі бар Украина үшін аса қолайсыз болып отыр. Сонымен қатар елдің өзінде бар мұнай мен газды өндіру көлемі де қыскарды.

Көмір өндіру көлемі де екі есеге қысқарғанЕлдегі ен ірі әрі ең ежелгі (1721 жылы ашылған) Донецк алабында жоғары калориялы, кокстелетін кемір өндіріледі. Жалпы, ел бойынша көмір өндірісінде 1 миллионға жуық адам жұмыспен қамтылған. Жүздеген метр тереңдікте орналасқан шахталардағы жұмысшылардың ауыр еңбегі үкімет тарапынан ұдайы әлеуметтік-экономикалық қолдауды қажет етеді.

Украина өнеркәсібінің маңызды саласының бірі болып табылатын химия өнеркәсібінің дамуы, ең алдыменшикізат көзіне байланысты болады. Бұл сала кәсіпорындары шикізат ретінде қара металлургия мен кокстеу қалдықтарын, жергілікті тұздар мен сырттан әкелінетін табиғи газ бен мұнайды пайдалана отырып, кептеген өнімдер шығарады. Әсіресе минералды тыңайтқыштар (Одесса, Винница, Горловка), күкірт қышқылы, сода, пластмасса мен химиялық талшықтар (Киев), резеңке бұйымдарын өндіру маңызды орын алады.

Елдің ауыл шаруашылық құрылымында өнім көлемі жөнінен егіншілік пен мал шаруашылығы бірдей дерлік орын алады. Дегенмен соңғы жылдары мал шаруашылығының өнім көлемі қысқарып келеді.

Украинаға ауыл шаруашылығы мамандануының зоналық сипаты тәнӨсімдік шаруашылығы дәнді және техникалық дақылдарды өсіруге маманданған. Өсімдік шаруашылығының дамуына ел аумағында дала және орманды дала зоналарының басымдығы алғышарт болады. Елдегі жыртылған жерлердің жалпы ауданы — 33 миллион 291 мың га. Астықты алқаптар жалпы егістік көлемінің жартысын алып жатырБидайдың түсімділігі жөнінен Украина ТМД елдері арасында жетекші орындардың бірін алады, жергілікті диқандар әр гектардан орташа есеппен алғандареспубликаның сыртқы сауда балансы теріс мәнге ие. Украина импортының құрылымында 1-орында мұнай мен газ тұр; ел сырттан түсті металдар, синтетикалық каучук, ағаш сүрегі, жеңіл өнеркәсіпке қажетті шикізатты да сатып алады. Экспортқа қара металл прокаты, құбырлар, ферроқорытпалар, машина жасау өнімдеріхалық тұтынатын тауарлар, химикаттар шығарылады.

Ауыл шаруашылығы

Мәдениет саласы

Мәдениет саласының дамуы да айтарлықтай. Әрбір облыс, ауданның қалыптасқан өнер ұжымдары бар. Сурет салу, бейнелеу өнеріне, поэзияға құрметпен қарайтын ел.

Саяси жағдай

1999 жылы Президенттік сайлауы өтіп, елі Леонид Кучманы сайлады. Сол кезде Жоғарғы Рада төрағасынан бастап Парламенттің 14 депутаты Президент боламын деп сайысқа түсті. Ол таластың тигізген зияны да аз емес. Парламент спикері бастаған депутаттар сайлауға дейінгі бір жыл бойы ашық қарсылық білдіріп, заңдардың қабылдануына тосқауыл жасаған. Соған дейінгі 5 жыл, яғни, бір шақырылым бойы депутаттар Үкімет ұсынған заң жобаларының тек 60 пайызын ғана қабылдапты.

Қазір Украина НАТО-ға, Еуропалық одаққа қарай бет бұрып отыр. Ал бергі жағында Ресей. Отын-энергетика өнімдерін, әсіресе, жанар-жағармай, газды, басқа да құрал-жабдықтардың көбін Ресейден алады. Бірлескен кәсіпорындары көп.

Қазақстанмен қарым-қатынасы

1999 жылдың қыркүйегінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Украинаға жасаған ресми сапары екі елдің қарым-қатынасына үлкен дем берген елеулі оқиға болды. Сол кезде мемлекетаралық келісім-шарттардың саны 60-тан асты. Соларды басшылыққа ала отырып, жүзеге асыру бағытында жұмыс істедік.

1999 жылы бірінші жарты жылдықта Қазақстан мен Украина арасындағы сауда айналымы 50 млн АҚШ долларын құраған болса, 2003 жылы тауар айналымы 800 млн долларға дейін жетті. Қазір екі елдің арасындағы тауар айналымы жылына 1 миллиард доллардан асып кетті. Бұлкезіндегі және одан кейінгі атқарылған жұмыстардың нәтижесі. Жалпы, Қазақстан мен Украина арасында мықты бір оң ниетті ізгі тілектестік байланыс бар.

Қазақстанмен қарым-қатынасы

Сонымен бірге біз 2001 жылы Қырымда, 2002 жылы Украинаның батысындағы 8 облысты қамту үшін Львовта Қазақстанның құрметті консульдығын ашылды. Сондай-ақ, шығыс жағындағы 5 облысқа арнап Запорожьеде, одан кейін оңтүстікте үш облысты қамтитын Одессада консульдық ашу мәселесі келісілді және дайын болды. Соның нәтижесінде ел мен елдің байланысы, экономикалық қарым-қатынасы арта түсті. Сонымен бірге Украинаның ғана емесМолдованың да елшісі қызметін қоса атқару міндеттелгендіктенКишенеуде де Қазақстанның құрметті консульдығын ашылды.

Украинаға жанар-жағармай, газ керек. Қазақстанға Украина жағынан атом, энергетика, мұнай-газ саласынанауыл шаруашылыққа қажетті құрал-жабдықтар, техника түрлері қажет. Бізде өндірілмейтін тауардың көбі Украинада шығарылады. Оларда жоқ нәрсе біздерде бар. Сондықтан Біртұтас экономикалық аймақ жөніндегі келісімге қол қойылса, Ресей, Украина, ҚазақстанБеларус мемлекеттерінің аумағында осы елдердің шығарған тауарының тасымал тарифының бағасы бірдей болуы мүмкін. Мысалы, темір жолмен Атырау облысының Теңіз кенішінен Қара теңіздің жағасындағы Одесса портына дейін жеткізу үшін мұнайдың бір тоннасының бағасы 33-45 долларға дейін қымбаттайды. Мәселен, 1 тонна мұнайдың тасымалына Қазақстан жерінде 7-8 доллар, Ресейде 17-25 доллар, Украинада 9-12 доллар қосылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter




Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу