Төтенше жағдайлары кезіндегі қорғану әдістері


Төтенше жағдайлары кезіндегі қорғану әдістері

«Төтенше жағдайлары кезіндегі қорғану әдістері»

Орындаған: Қарабеков Б.

Тексерген: Қалдыбаева Ж

Алматы 2013

Қазақстандағы экологиялық апаттар

Батыс Қазақстандағы су тасқыны

Қызылағаштағы су тасқыны

Тентексай шахтасындағы төтенше жағдай

Алматы қаласындағы жер сілкінісі

Жоспар:

Батыс Қазақстандағы су тасқыны

Батыс Қазақстандағы су тасқыны кесірінен бюджетке 10 миллиард теңге шығын келтірілді. Апат салдарынан 2 адам қаза болды.

Батыс Қазақстан облыстың Зеленов және Тасқала аудандары зардап шекті, 13 ауыл суға кетті.

Осы аудандардың 5 елді мекеніне су жайылды.

Жекелеген ауылдар жарықтан ажыратылып қалған.

570 үй суға кірген.

Облыс орталығынан 10 шақырым қашықтықтағы Үміт ауылындағы Қазыналы тоғанына қазіргі таңда 3 миллион текше метр су жиналған. Егер бөгет арнасынан асар болса, су облыс орталығы Орал қаласына да қатер төндірмек.

Облыс әкімі резиденциясы орналасқан Самал ықшам ауданындағы жекелеген коттедждердің жертөлесіне су құйылып, саяжай үйшіктері су астында қалды.

Су тасқынының алғашқы күндерінен қалалық су тасқынына қарсы комиссия құрылып, шаралар алынды және жауапты тұлғалар бекітілді. Селдің бетін қайтаруда тек коммуналдық қызметтер техникалары ғана емес, қала кәсіпорындары, шаруа қожалықтары, ТЖ техникалары тартылды.

Жұмыс үш ауысымда тәулік бойы жүргізілді. 253 мың текше метр қар шығарылып, 77 мың текше метр еріген қар суы сорылды, 2,5 мың  тонна топырақ1000 тонна құмды-гравийлі қоспалар тасымалданды. Күн сайын 500 адамға дейін апат орнында жұмыс істеді. Су тасқынына қарсы жұмыстар кезінде 78 самосвал, 6 бірлік жер қазатын техника, 15 су соратын сорғы, 20 вакуумды автомобиль, 25 жүк тиегіш машина және 6 автогрейдер жұмыс істеді. Әкімдіктер, ІІД, ТЖ желілерінде тәулік бойы кезекшілік орнатылып, БАҚ тұрғындармен түсіндіру шараларын жүргізді.

Қызылағашта болған су тасқыны

Қызылағашта болған су тасқыны

Ақсу ауданындағы «Қызылағаш» су бөгенінің ашылып кету салдарынан орын алған төтенше жағдайдың зардаптарын жою үшін әртүрлі көздерден 7,492 млрд. теңге келіп түскен. ҚР мемлекеттік материалдық қоры мен қайырымдылық ұйымдардан 245,3 млн. теңге көлемінде азық-түлік пен мүліктік заттар жеткізілген.

33 адамнан тұратын құтқарушылар тобы, су-құтқару қызметі, Талдықорған өңірі бойынша ауылды қорғау жедел тобы, Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері, ҚР ТЖМ мен ІІМ және басқа да топтар жұмыс істеді. 2820 адам қауіпсіз жерлерге көшіріліп, 385 адам құтқарылған.

Қысқа уақыт ішінде электр жарығы мен телефон байланысы, ауыз судың жеткізілуі қалпына келтірілді.

Тентексай шахтасындағы төтенше жағдай

Тентексай шахтасындағы төтенше жағдай

Қарағанды облысындағы Күзембаев атындағы шахтадағы көмір мен метанның кенеттен атылуынан көзге көрінбейтін табиғи фактор себеп болған. Осы шахтада 23 мамыр күні болған төтенше жағдайды зерттеген арнайы комиссия осындай қорытындыға келіп отыр. Комиссия мүшелерінің айтуынша, шахтада барлық техникалық қауіпсіздіктер сақталып, көмір мен метанның атылуының алдын алатын шаралар жүзеге асқан. Дәл төтенше жағдай болатын күні қазба бөлімінде 4 адам жұмыс істеген. Кейін анықталғандай, оның екеуі қаза болып, тағы екі шахтер өз беттерінше тысқа шыққаннан кейін жедел ауруханаға жатқызылған.

ТЖМ-нан анықтағандай, төтенше жағдай кезінде шахтада барлығы 169 адам болған және олар дереу қауіпсіз жерге көшірілді. Қазіргі уақытта шахтаның жұмысы тоқтап тұр.

Төтенше жағдайды жоюға Қарағанды облысы бойынша ТЖД-ның 7 адамы мен 3 техникасы, сондай-ақ «ВАСС «Көмір» РМКК-ның 30 адамы және 6 техникасы жұмылдырылды.

Алматы қаласындағы

жер сілкінісі

Мамыр айының алғашқы күні таңғы сағат сегіз жарымда Алматы қаласының маңында күші 5,5 баллға тең жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі қаладан 76 шақырым қашықтықта, 20 шақырым тереңдікте тіркелсе де, сілкініс дірілі Алматы қаласының тұрғындарына айтарлықтай сезілді. ТЖМ деректері бойынша, 1-2 мамыр күндері Алматы қаласы мен облысы аумағында сегіз рет жер сілкінісі тіркелген.

Қазіргі уақытта құрамына ҚАЗНИИСА мамандары, сейсмология институтының, және басқа да республикалық және облыстық ведомство мамандары кірген республикалық комиссия қызметкерлерімен әр түрлі дәрежедегі зақым алған тұрығнүй мен басқа нысандарды есепке алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ең көп зақымданған ғимараттар - өткен ғасырдың 50-ші жылдары салынған сегіз пәтерлік 3 үй,  №1 орта мектеп пен қарттар үйі. Халық арасында шығын не жарақат алған адамдар тіркелген жоқ. Комиссияның ресми қортындысына сай қаланың зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетілетін болады. Барлығы, көмек сұрап 250 адам келіпті.  

Адам нанғысыз жағдайлардан қалай аман қалудың жолдары

ӨРТ КЕЗІНДЕ БИІК ҚОНАҚ ҮЙДЕН ҚАЛАЙ АМАН ҚАЛУҒА БОЛАДЫ

Сулы матамен мұрныңызды және ауыз қуысын жауып, басыңызға сулы сүлгі жамылып шығыңыз.

Егер есіктің тұтқасы салқын болса, есікті ашыңыз. Егер коридор түтін болса мүмкіндігінше еңкейіңіз (еденнен 60 см) және шығу есігіне беттеңіз. Егер есіктің тұтқасы ыстық болса, есікті ашпаңыз. Бөлмеге түтін кірмес үшін, есіктің астын сулы сүлгімен бекітіңіз.

Негізінде өрт сатысы тек жетінші қабатқа дейін жетеді. Мүмкін қабырға арқылы келесі бөлмеге кірі алатын шығарсыз (Шкаф орналасқан жерде жұқарақ). Балконнан балконға жете алмау мүмкіндігінізді де қарастырыңыз. Екінші қабаттан жоғары тұрсаңыз, секірмеңіз. Бір-біріне жалғанған төсенгіштірді қолданыңыз, бұл жағдайдың өзінде де бір қабаттан артық түспеңіз.

ҚҰЛАП БАРА ЖАТҚАН ЛИФТТЕН ҚАЛАЙ АМАН ҚАЛУҒА БОЛАДЫ

Соққы күшін анықтау үшін, етбетіңізден жерге жатыңыз(шетінен гөрі ортасына қарай). Жоғарыдан еш нәрсе түсіп кетпес үшін, басыңызды жабыңыз. Лифтінің шахта түбіне түсіп кету мүмкіндігін де ойлаңыз. Осылай да тірі қалуға болады. Құлап бара жатқан лифтіде өлім жағдайы сирек кездеседі. Кейбі сарапшылар тік тұрып, соққы алдында секіру қажет дейді, бірақ уақытты дұрыс пайдалану мұмкіндіге аз.

ТЕРРОРИСТТЕРДІҢ ҚОЛЫНАН ҚАЛАЙ АМАН ҚАЛУҒА БОЛАДЫ

Террористтер өте ашушаң келеді, сондықтан сабырлық танытыңыз. Олар сізге өздері сөйлемейінше, сіз оларға сөйлемеңіз. Егер оқ атып жатса басыңызды жауып, жерге жатыңыз. Артық әрекет жасамай, солардың талаптарын орындаңыз. Ешқашан террористтердің көзіне тура қарамаңыз. Егер сізге сөйлесе өте сыпайы жауап беріңіз. Ертеңгі күні оны сипаттап беру үшін ойша есім қойып алыңыз. Оларды ұстау тобы келген кезде еденге жатып, басыңызды жабыңыз, әйтпесе екі жақтың оғы да тиіп кетуі мүмкін.

КӨК ТАЙҒАҚ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК

Көкмұз - бұл қалың мұздың беті, көкмұз жерде, тротуарларда болады. Көкмұз - ауа температурасы 0С-ден - 3 С пайда болады, мұздың қалыңдығы бірнеше см. жетеді.

Мұздақ - жер үстінде пайда болатын мұздың жұқа қабаты, күн суығаннан кейін, не жаңбырдан кейін пайда болады.

Мұздақ үстінде жүргенде табанды нық басып, асықпай, тізені бос қолды ұстап жүру керек.

Асығу - көкмұз үстінде құлауға әкеліп соқтырады.

Қарттарға бірнеше кеңес:

Үйден шығарда қолыңызға сүйеніп жүретін арнайы ағаш алып шығыңыз.

Сөмкеңізді арқаңызға асыныңыз. 60 жастан асқан адамдардың көбісі жарақатқа құлағанда ұшырайды.

«Қалай дұрыс құлау» керек:

Егер сіз тайсаңыз, отыра қалыңыз. Құлап бара жатып, өзіңді жинап, жерге тигенде домалау қажет.

НАЙЗАҒАЙ

Найзағай - бұл аспандағы бұлт арасынан от тәрізді шақпақ.

Қаупі. Найзағай жарқылы үлкен разрядты токпен тең, ал оның температурасы 300000 градусқа дейін жетеді .Найзағайдың орын ауыстыру жылдамдығы секундына 100 мың километр. Найзағай түскенде талдың жанып кетуі де мүмкін. Найзағайдың адамға түсуі, өлімге дейін алып келеді. Жыл сайын әлемді найзағайдан 3000 адам қайтыс болады.

Найзағайға қалай дайындалу керек.

Найзағайдың түсу қаупінен қорғану үшін, оған қарсы жерасты орнатқаштарын орнату қажет.

Егер сіз найзағай болатынын сезсеңіз, онда бірінші кезекте оның жерге түсу жақындығын анықтаңыз және дауыл жақындап не болмаса қойғандығын қараңыз. Жарық жылдамдығының тездігіне байланысты (300000км/с) онда найзағай жарқылын тез арада байқай аламыз. Мүмкіндігінше дыбыс кешігуі арақашықтық пен оның тездігіне байланысты анықталады.

Егер дыбыс кешігуі жиіленсе, онда найзағай фронты сирейді ал егер дыбыс азайса, онда найзағай фронты жақындап келе жатқандығы.

Найзағай жарқылынан кейін қатты дауыл болса, найзағай өте қауіпті. Егер сіз ауылдық жерде болсаңыз: терезені, есікті, құбырларды жабыңыз. Пеш жақпаңыз, себебі пеш трубасынан шығатын жоғары температуралы газда қарсыласа алмаушылық болады. Телефонмен сөйлеспеңіздер: кейде найзағай столбылардың арасында тартылған сымдарға түседі.

Найзағай болып жатқан сәтте электр желісіне, антеннаға, терезе жанындағы орнықтарғыштарға, үйдің төбесінен су ағатын жерлерге жақындамаңыз, сонымен қатар теледидар, радио және т.б. электрлі қондырғыларды қоспаңыз.

Су тасқыны, сел

Елді мекендерде су тасқыны боларда алдын-ала қауіпсіздік дайындығын жүргізі керек. Жергілікті елдің топографиясын, климаттық ерекшеліктерін және тарихын біле отырып, су тасқынының қалай болатынын дәлдікпен білу қиындық туғызбайды. Кішкентай су тасқыны шамамен 10-20 жылда бір рет, үлкен су тасқыны 20-25 жылда бір рет, одан да үлкен бүкіл өзендерді қамтитын 50-100 жылда бір рет және 100-200 жылда бір рет, бүкіл аумақты қамтитын үлкен апаттар болуы мүмкін.

Су тасқыны кезінде:

үйдегі газды, суды, жарықты сөндіру;

пештегі жанып жатқан отты өшіру;

үйдегі бағалы заттарды үйдің төбесіне немесе жоғары қабатқа шығару;

бірінші қабаттағы есік пен терезелерді тақтаймен немесе фанермен қағып тастау;

мал тұратын сарайдағы есіктердің ілгішін ашып тастау.

Кездейсоқ су тасқынында өзіңізбен бірге жылы киім, мүмкіндігінше су өткізбейтін киім, жамылғы, тамақ және т.б. керекті нәрселерді алып, рельефтің ең биік жеріне көтеріліңіз, ол жерді ешқашан су баспайды. Егер ол болмаса, қайық және т.б. дайындау қажет.

Су кеткеннен кейін электр сымдарынан, зақымданған газ магистралдан сақ болу қажет. Үйге кірер алдында, су тасқынынан зақымданбағандығын байқау қажет. Судан табылған заттардан тамақ әзірлеуге болмайды.

Құс тұмауы ауруының алдын-алу шаралары.

 

Құс тұмауы» ауруының алдын-алу шаралары.

«Құс тұмауы» - бұл құстардың жұқпалы ауруы, ол вирусты тұмаудың А типіне жатады. Құс тұмауының вирусы алғаш рет ХХ ғасырдың басында Италияда анықталған, көптеген уақытқа дейін адамдарға қауіпті деп саналып келді. Құс тұмауымен ауырған адам алғаш рер 1997 жылы Гонконгтан анықталған, тұмаудың 1 түрі 18 адамның ауыруына әкеліп соқтырды, оның 6 адамы қайтыс болған. Бұл тұмау тек қана құстарға ғана емес, сонымен қатар адамдардың өміріне де қауіпті. Тұмау құстардан немесе солардың шикі етін жегеннен жұғады. Оның вирустары қатты мұзда да бола береді, 70градустан төмен температурада ол бірнеше жылдың көлемінде сақтала береді. Бірақ бірнеше секунд ішінде жоғары температурады өледі.

Құс тұмауынан сақтану үшін келесі шараларды сақтау қажет:

ауылдық елді-мекендерде тұратындар үй құстарын өз ауласында ұстауы тиіс. Бұл жағдайларды олар жабайы құстармен байланыста болмайды;

құс еттерінен тамақ дайындау барысында тиісті шараларды сақтау қажет;

Құстың шикі етімен және құстардан жасалған тағамдармен жұмыс жасағаннан кейін, қолыңызды сабынмен жақсылап жуыңыз.

ҚҰЗДА ТОҚТАП ҚАЛҒАН КӨЛІКТЕ ҚАЛАЙ АМАН ҚАЛУҒА БОЛАДЫ

Жылдам қозғалыстар жасамаңыз. Егер машинаның алдыңғы бампері қауіпті жерде тоқтап қалса, онда аман қалуға уақыт өте аз, ақырын артқы орындыққа барып отырыңыз. Терезені сындыру жағдайында қолыңызға ауыр нәрсе алып алыңыз. Егер машина құламайды деп ойласаңыз, тез арада артқы есікті ашып шығыңыз егер есік ашылмай қалса, артқы терезені сындырыңыз. Тез қимылдаңыз, әрі абай болыңыз.

КӨПШІЛІК ТОБЫРЫНАН ҚАЛАЙ АМАН ҚАЛУҒА БОЛАДЫ

Ешқашан көпшілікке қарсы жүрмеу керек;

Көпшіліктің ортасынан және темір тор, сөрелерден, қоршаулардан, бағаналардан, қабырғалардан аулақ жүру қажет.

Қолмен ешнәрседен ұстамау керек - қолыңызды сындырып кетуі мүмкін;

Есіңізде болсын, киімді түймелеп, мүмкіндігінше өкшесі биік аяқ киім кимеңіз;

Ешқашан жерге түсіп кеткен сөмкеңізді немесе қолшатырыңызды жерден көтеруге тырыспаңыз - өмір қымбатырақ;

Арттан келген соққылардан құтылу үшін, шынтағыңызды бүгіп алыңыз;

Егер сіз құлап қалсаңыз басыңызды соққыдан қорғаңыз және тұруға ұмтылыңыз - бір аяғыңызға сүйене отырып, көпшілік қозғалысының бағытымен тез тұрып кетіңіз.

Жылы ( күннің) соққысы.

Жылы күннің соққысы көп таралған апатты жерлерде өте қауіпті. Жылудан жарақаттанушының белгілері минутына 100 және одан да көп жүрек соққыларының жиілеуі, тері қабатының қызару, әсіресе бет, бас соққысының ұстауы, лоқсу, жүрек айнуы мүмкін. Құлақ шуы, бас айналу, ұйқышылдық пайда болады. Дене температурасы 40-41 көтерілуі мүмкін. Өте қауіпті жағдайда жарақаттанушы есінен танады.

Керек:

Жылу және күннің соқысынан күдіктенген жағдайда жарақаттанушыны көлеңкеге апарып киімін шешу, су шашып, шашықпен немесе киіммен желпуді неғұрлым жиілету керек. (көлеңке жоқ жағдайда қалың киіммен басын көлеңкелеп, өз көлеңкесімен кеудесін міндетті түрде жабу керек). Жарақаттанушыны, жеткілікті мөлшерде сусындату керек. Кеуде, басқа суық сумен компресс жасауды да ұмыттпауға тиіс.

Улы шөптермен улану

Улы шөптер мен улы емес шөптердің ұқсастығынан улану байқалады. Көп жағдайда балалар межде секілді ақжелкенмен ұқсас, белладон жемісімен, шиеге ұқсастығынан меңдуана дәнімен, макқа ұқсастығынан кене дәндеріне уланады. Әсіресе балалар борщевик қайыңынан (және т.б. түрлерінен) үрлегіш жасап, қатты күйікке тап болады.

Керек:

Егер сіз улы шөптермен уланып қалсаңыз, сізге құсқыңыз келгенше жеткілікті түрде су ішу қажет (ауыз суы). Егер жақсармасаңыз «Жедел жәрдем» қызметін шақыртыңыз.

ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ

Түрлі күштегі сейсмикалық көріністер Қазақстан Республикасы аумағында жиі кездеседі. Әрбір жер сілкінісіне мән бермеген жөн. Үстірттің әлсіз тербелістері (5 баллға дейін) Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және басқа аудандарында жылына бірнеше рет болып, зақым келтірмейді. Бірақ, егер тербеліс күші бірден немесе бірте-бірте 5-6 баллға дейін жететін жер сілкінісі басталса, — бұл қауіпті нышан. Бұдан кейін оқиғалардың үштен бірінде тербелістер 7 және одан да жоғары баллға дейін жетіп, күштірек болады.

Жер сілкінісі ойда жоқта келгенін ескерсек, төтенше жағдай кезіндегі өз әрекеттерін алдын-ала жоспарлап қою өте маңызды. Белгілі бір жағдайда қандай әрекет жасау керек екенін білгенде, өз өмірін сақтап қалу мүмкін. Негізінде, өлім және жер сілкінісі кезіндегі алған жарақаттардың себебі жер асты дүмпуі емес. Өлімдердің көбі ғимараттардың қирауы, сынықтар мен пеш мұржаның және көшедегі жарықтандыру бағананың сынықтары және т.б. сияқты заттардың құлауы нәтижесінде пайда болады.

Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?

ҮРЕЙЛЕНБЕҢІЗ!

Ең маңыздысы сабырлы болып, үрейсіз әрекет ету. Бірақ жылдам қозғалуыңыз қажет. Ретсіз іс қимыл жасамағаныңыз жөн, өйткені осыдан үрей туындайды. Балалар мен егде адамдардың қамын ойлаңыз (олардың кейбіреулері жылжуда қиыншылықтарға тап болуы мүмкін).

ТҰРҒЫН ЖАЙДА:

• газ, су, және жарықты сөндіріңіз;

• алдын ала таңдалған орында (іргелі ішкі қабырғалардың арасы, іргелі ішкі қабырғалардың бұрыштары, колонна жанындағы және каркас астындағы орындары) тығылыңыз;

• терезеге жақындамаңыз;

• есік жақта үрейді туғызбай, лифтіні пайдаланбаңыз.

КӨШЕДЕ:

• ғимараттардан алысырақ ашық жерге барыңыз, үзілген сымдардан абай болыңыз;

• ғимараттарға кірмеңіз.

КӨЛІКТЕ:

КӨЛІКТЕ:

• мүмкіндігінше тез арада ашық жерде тоқтаңыз;

• дүмпулер аяқталғанша көліктен шықпай, орныңыздан қозғалмаңыз;

• автобус жүргізушісі есікті ашып қоюы тиіс.

ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН КЕЙІН:

• сабырлылықты сақтаңыз, зардап шеккендерге көмектесіңіз;

• радиоқабылдағышты қосыңыз, жергілікті биліктің, азаматтық қорғаныс штабының нұсқауларын қадағалаңыз;

• аса қажеттіліксіз телефонды ұстамаңыз;

• зақымдалған ғимараттарға аса қажеттіліксіз кірмеңіз;

• жарақаттанбау үшін мықты аяқ киім киіңіздер, құтқарушы және басқа шұғыл жұмыстарға қатысыңыздар.

Жер сілкінісі кезінде қауіп-қатерді болдырмау үшін арналған жалпы ұсынымдар

жиһаздың ауыр заттары құлайтын жерде ұйықтауға болмайды. Салмақты ауыр заттарды еденге немесе қабырғаға шегелеп қою қажет.

биік сөрелерге ауыр заттарды қоймаңыз, өйткені олар құлап адамдарды жарақаттауы мүмкін.

егер де жер сілкінісі түнде болса шамды даярлап қою керек.

төтенше жағдайлар туындағанда жеткілікті көлемде ішетін су мен тағам болу керек.

Әрбір адам әр түрлі жағдайларда әрекет ету жоспарын өзі жасау керек. Жер сілкінісі кезінде өзі және отбасы мүшелерінің әрекет ету жоспарын анық білу қажет. Және де жер сілкінісі кезінде сабырлылықты сақтаңыздар, лайықты іс жасап, ҮРЕЙГЕ ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ!

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу