Қара сабынды ұлттық технологиямен алу
Қара сабынды ұлттық технологиямен алу
Алабота - арамшөп емес
Алабота тұқымдасына бүкіл жер шарына тараған бір жылдық немесе көп жылдық сортаң топыраққа төзімді өсімдіктер жатады. Сабақтарының түрлеріне қарай ағаш (сексеуіл); бұта (баялыш); жартылай бұта(изен, итсигек); шөптесін (алабота) болып бөлінеді. Қазақстанда бұлардың 47 туысы, 218 түрі бар. Бұлардың көпшілігінің сабағы бұтақты болып келеді, жапырақтары кезектесіп, немесе қарам-қарса орналасады. Гүлдері түссіз, ұсақ гүлшоғырына жиналып, масақ құрайды. Жемісі – жаңғақша. Тұқымының сақиналы немесе оралма ұрығы болады. Алабота – бұл кәдімгі арамшөп, жол жегінде, егістіктерде кездеседі. Алабота тік сабақты, жапырақтары өте жиі тармақталған сабаққа кезектесіп, кейбіреулерінде қарама-қарсы орналасады, жапырақтарының пішіні әр түрлі, Жапырақ бетінде ақшыл дақтары болады. Алабота – бір үйлі, дара жынысты гүлді өсімдік. Көріксіз майда гүлдері шоқ-шоқ болып топтанып масақ тәрізді гүл шоғырын құрайды. Гүлсерігі – бес тармақты, жеміс қабы- үлпекті. Аталығы – 5, аналығы – 1. Тұқымы тығыз қабықты бозғыл қара түсті, жылтыр болып келеді. Бозғылт тұқымдары ерте, түсі қарасы кеш піседі. Оны халық медицинасында және бояу дайндауда пайдаланады.Жаз айлары алабота жиналды. Алабота кепкенде өзінің алғашқы салмағын жоғалтатындықтан қураған алабота жиналды.Күнде жатқан алаботаны қалың қылмай, аз-аздан қою керек. Себебі тығыз орналасқан алабота шіріп, я көгеріп кетуі мүмкін.Алабота мөлшеріне және жиналған уақытына қарай екі жеті не одан да көп уақыт кебуі мүмкін.
Алабота кептіру әдісі
Кептірілген алабота
Кептірілген алабота
Кепкен алаботадан сақар алу үшін оны өртеу керек. Ескеретін жағдай, алабота өртенгенде өткір, жарамсыз иіс шығарады,түтіндеп тез жанады.Кепкен алаботаның тікенегі қатайып қолға кіреді.Өртенгеннен кейін алабота тағы да өзінің салмағын жоғалтады. Ақшыл күл шықты. Отқа қазан қойып суға қосып қайнатамыз. Су қоюланып күл бетінде қалқи бастайды пайда болған тұнбадан күлді сүзіп алып тастаймыз
Алабота суығанда күлдің түсі ағарады
Алабота құрамына аналитикалық талдау жасау
Алаботаны өртеу сәті
Алаботаны жаққанда аз-аздан сеуіп жағамыз
Алабота күлінің құрамына аналитикалық талдау жасау
Сабынды тәжірибе
арқылы алуҚазанға 900г тоң май салып, қатты қыздырадым. Қайнаған майдың үстіне 250 г сақар салып, отты жайлап қана жағып қазандағы затты қайнаттық (от көп жағылса сабын жалындап күйіп кетеді). Сабын үйіріліп, біріккен кезде қазан құрғақ тегіс жерге түсіріліп, суытылды. Сақар сабынға айналды енді оны тегіс жерге түсіріп суығанын күтеміз сабынды жылы күінде төртбұрышты қалыпқа келтіреміз. Нәтижесінде 750г қара сабын алынды. Қолдан жасалған сабын үнемді , пайдалы әрі қауіпсіз!
Сабын алудың реакция теңдеуі
K2CO3+HOH=2KOH+H2CO3
сабын алу
CH2 - COO – R1 CH2 - OH
│ │
CH - COO – R2 +3KOH CH - OH + 3R -COOK
│ │ сабын
CH2 - COO – R3 CH2 - OH
май глицерин
күлден сақар алу
Сақардан сабын жасау
Cабын дайын
Қара сабынның пайдасы
Қолдан жасалынған сабын арзанға түседі
Сабынға қосылатын заттар табиғи таза шикізат болғандықтан ол тері ауруларын туғызбайды
Экзема
Емдік қасиетіде бар тері күйгенде, қышыма, қотырға пайдаланады. Ал түрлі су сабынның әсеріне көнбейтін сіздің бас теріңізге бұл таптырмайтын дәрі-дәрмек болмақ, себебі ол жұмсақ және антицептик рөлін атқарады
Тыңдағандарыңызға
рахмет!Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?