Қазақстанның қазіргі кездегі агроөнеркәсіптерінде улы химикаттарды қолдану


Орындаған: Зиябеков М.Р.

Курс:5

Факультет:Мед.проф

Тобы:502-1

Кафедра:Еңбек гигиенасы

Тақырыбы: Қазақстанның қазіргі кездегі агроөнеркәсіптерінде улы химикаттарды қолдану

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Пестицидтер туралы түсінік

Пестицидтер классификациясы

Пестицидтердің химиялық табиғатына байланысты жіктелуі

Пестициттердің қолданылуы

Пестицидтердің зияны

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі таңда ауылшаруашылығында тыңайтқыштар мен фитосанитарлы өнімдер (пестицидтер) қатал белгіленген мөлшерлерде көптеп қолданылады. Олар негізінен

Ауылшаруашылық дақылдарының дұрыс өсуін қамтамасыз ететін азоттың, фосфордың және калийдің қажетті  деңгейін  ұстап тұру үшін, және өсімдіктердің жәндіктерге ауруларға және зеңге қарсылығын күшейту үшін қолданылады.

Пестицидтер туралы түсінік

Пестицидтер (лат. pesfo -жұқпалы ауру, cido-өлтіремін) - өсімдік зиянкестері мен ауруларына , арамшөптерге, мақта, жүн, теріден жасалған бұйым зиянкестеріне , жануарлар экопаразиттеріне, адам мен жануарларға ауру тарататын организмдерге қарсы қолданылатын химиялық заттар.

Пестицидтер

Пестицидтер классификациясы

Химиялық табиғаты және патогендік қасиетіне байланысты пестицидтердің бірнеше: гигиеналық, химиялык., өнеркәсіптік классификациясы бар.

Пестицидтер улылық дәрежелерінің әртүрлі болуымен ерекшеленеді. Улылығын бағалау үшін тәжірибеге алынған жануарлардың 50% өлетін дозаны, яғни орташа өлтіру дозасын (ЛД50) пайдаланады. ЛД50 мөлшеріне байланысты пестицидтерді: кушті әсер ететін улы заттар, улылығы жоғары, улылығы орташа,және улылығы төмен деп бөледі.

Тұрақтылығына байланысты пестицидтерді: өте тұрақты (ыдырау уақыты 2 жылдан көп); тұрақтылығы (0,5-1 жыл); салыстырмалы тұрақты (1-6 ай); тұрақтылығы аз (1 ай) деп бөледі.

Пестицидтердің химиялық табиғатына байланысты жіктелуі

акарецидтер - кенелермен күресу үшін;

альгицидтер - балдырлар мен басқа да су өсімдіктерін

құрту үшін;

антисептиктер - бейметалл материалдарды

микроорганизмдерден қорғау үшін;

бактерицидтер - өсімдіктердің бактериалды ауруларымен

және бактериялармен күресу үшін;

зооцидтер - кемірушілермен күрес үшін;

инсектицидтер - зиянды жәндіктермен күресу үшін;

лимацидтер - әртүрлі моллюскалармен күресу үшін;

нематоцидтер - жұмыр құрттармен күресу үшін;

фунгицидтер - топырақтағы саңырауқұлақтармен күресу үшін.

Пестициттердің қолданылуы

Ауыл шаруашылығында пестицидтерге өсімдіктердің жапырақтарын жою үшін пайдаланатындефолианттар, өсімдіктің артық гүлдерін құрту үшін - дефлоранттар, өсімдіктің дамуы мен өсуің реттейтін - химиялық заттар, арамшөптерді жою үшін _ гербицидтер, жәндіктер, кемірушілер және басқа да жануарларды үркіту үшін қолданылатын химиялық заттар - репелленттер, жою үшін алдымен жәндіктерді еліктіретін - аттрактанттар, жәндіктерді жыныстық стерилдеу үшін қолданатын - стерилизаторларды жатқызады.

Ауылшаруашылығында пестицидтерді қолдану

Жартылай ыдырау мерзімі 50 жылдан артық болғандықтан, қоршаған орта обьектілерінде жинақталған ДДТ қоректік тізбек арқылы адамдар мен жануарлардың денесіне өткен. Осы жағдайдың салдарынан әсіресе балалар өлімі, тұрғындардың арасында басқа да ауру түрлері көбейген. ДДТ- ның биосферада көп таралғаны соншалықты, Антарктидадағы пингвиндердің бауырынан да табылған.

Нормалау - бұл ластанудың адамдардың тұрмыс-тіршілігі мен денсаулығына әсерінің қауіпсіз деңгейлерін сипаттайтын және қоршаған орта обьектілерінде олардың сандық көрсеткіштерін анықтау болып табылады.

Адам организмінде қайтымсыз өзгерістер болдырмау үшін медик-гигиенистер жағымсыз факторлардың организм тіршілігі үшін шекті мөлшерлі деңгейін белгілейді. Қоршаған ортаның нормалайтын факторына байланысты шекті мөлшерлі концентрацияны белгілейді

Қорытынды

 Қазіргі кезде оларды көп қолданатын болғандықтан биосфера мен адамдарға зияны тиіп жатыр. Оларды пайдаланбай өнім алуға мүмкіндік жоқ, себебі зиянкестер өте көбейіп кетті. Бунақденелілер пестицидтердің бір түріне тез бейімделетін және ол қасиетін ұрпағына бере алатын қабілеті бар. Сондықтан пестицидтерді қолданарда зиянкестердің түріне қарай таңдап алу керек. Сонымен қатар пестицидтер дің адамдарға зияны аз түрлері де ойластырылуда.

Пайдаланылған әдебиеттер

 Экология (оқулық) - Алматы, 2008 - ISBN 9965-32-223-6

Б.А.Неменко Коммуналдық гигиена А-2004

Б.АНеменко, У.И.Кенесариев Коммунальная гигиенаА-2003

Б.А.Неменко,Бекказинова Д.Б Руководство к практическим занятиям по коммунальной гигиене” A-2008

У.И. Кенесариев Гигиена А- 2010

Пивоваров Ю.Л Гигиена и основы экологии человека Учебник для студентов высших медицинских учебних заведении.

У.И.Кенесариев Р.М Балмахаева Гигиена А- 2010

www.google.kz

www.yandex.ru



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Оқырман меруерт
    0 + 0 -
    маған