Гүлшат кентінің ашылу тарихы


Гүлшат кентінің

ашылу аңызы

Ертедегі шежірелерге қарағанда, көзге түсіп, есте қалғаны Балқаш көлінің жағасындағы Тарғыл тауының бауыры- Гүлшат. 1884 жылы сол Тарғыл тауының баурайынан Қазан қаласынан келген Бекметова Гүлшат деген әйел қорғасын- күміс заводын ашып, оған өз атын қойыпты. Міне, содан былай завод та, Тарғыл тауының маңы да Гүлшат атанып кеткен екен.

Кейінгі кезде бұл завод А.И. Деров деген Семейдың тау- кен өндірістері иесінің меншігіне көшкен. Адам баласына жаны ашымайтын, алары бар, берері жоқ Деров жұмысшыларына 14-15 сағаттан жұмыс істетіп, 12 жылдың ішінде (1887-1899 ж.) 15 тонна қорғасын, 145 килограмм мыс қана алса керек. Арал пайдасынан азабы көбейе берген соң, ол Гүлшатты 1914 жылы ағылшындарға сатып жіберген.Құлазыған далада орнаған Спасс, Қызылеспе, Гүлшат заводтары мейілінше ұсақ және техника жағынан мешеу еді.Бұл заводта істеген жұмысшылардың халі адам төзгісіз, өте қиын жағдайда болса керек.

І түрі

Ертеде Бекмет деген көпес байдың қызы өзінің қызметшілерімен және малшыларымен Ташкенттен қой айдап жолға шығады. Сол уақытта қой жәрмеңкесі Қарқаралыда болатын. Түйе арба мен қыздың өз алдына пәуеске ат арбасы болған. Талай жерлерде қонақтап жүріп Тарғыл тауының баурайына тоқтап, сол жерге қонып, таңертең ерте жолға шығуға дайындалады. Малшылар 3-4 тастың басын қосып от жағып қойдың сүтін пісіреді. Сол уақытта тастар қорытылып қалады. Оны келіп қызға айтады. Қыз тастарды алып келіңдер де, арбаға салыңдар деп бұйрық береді. Сонымен қойларын айдап Қарқаралы Қоянды жәрмеңкесіне келіп, қойларын сатып, өздеріне керекті заттарын алып Ташкентке аман-есен қайтады. Қыз тастарды әкесіне әкеліп береді, ал әкесі оны ағылшындарға апарады.

Ағылшындар тасты көріп, таста руданың барын біліп, қайдан алдыңыз, сол жерді бізге көрсетіңіз дейді. Содан қыз ағылшынның адамдарын ертіп Тарғыл тауының баурайына келеді. Олар сол жерді қазып, екі құлағы бар үлкен дәу қазандай ыдыстың екі құлағына арқан байлап түйемен тартып , қазылған тастарды аман алып шығып елдеріне барып, оны зауытта айырып, мыс рудасының барын анықтайды. Содан қызға риза болып, рақметтерін айтып, бұл жер енді сенің атыңмен Гүлшат аталады дейді.

ІІ түрі

Балқаш қаласынан оңтүстікке қарай қашықтағы алпыс шақырым жердегі Тарғыл тауының Гүлшат атанып кетуі. Бір аңыздарда Күлшат деген қазақтың саудагер қызы үлкен қалаларға сатуға мал айдап бара жатқанда осы Тарғыл тауының етегіне қонып, түнемеге от жағып, қазан көтергенде тас еріп қорғасын аққанын көреді. Содан бұл жерді, ол ағылшындарға сатқан екен. Ағылшындардың атауы бойынша Күлшат Гүлшат аталып кеткен. Ал негізі – Тарғыл тауы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу