Бейімбет Майлин “Шұғаның белгісі"
Желтоқсанның төрті
Бейімбет Майлин “Шұғаның белгісі”
Уфадағы “ Ғалия” медресесі
“Ғалия” медресесінде оқыған шәкірттермен бірге
Ғалымжан Ибрагимов Гирфанұлы
Мәжит Ғафурин
Алғашқы прозалық туындысы “Шұғаның белгісі”
“ Айқап” журналының сыртқы беті
Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қызы», «Қашқын келіншек», «Зайкүл», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі» «Кемпірдің ертегісі», «Бөліс», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады.
Замандастары: "Маңдайына түскен шашын сұқ саусағына орай ширата отырып, жазудан бас алмайтын еді", — деседі. Сондықтан да кемел қаламгердің қыршын жаста — қырықтың төртіне жетер-жетпесте — дүние салғанына қарамай, атағы да зор, артына қалдырған әдеби мұрасы да аса бай. Бейімбеттің көлемді де, көркем тұңғыш туындысы, қазақ прозасының тартымды үлгілерінің бірі- «Шұғаның белгісі». Повесте ескі қазақ қоғамындағы ең өткір мәселе- әйел теңсіздігі сөз болған. Шығармада бірін- бірі сүйген екі жастың- Шұға мен Әбдірахманның арманына жете алмаған трагедиялық жай айтылады. Шұғаның әкесі қызын кедей жігіті Әбдірахманға бергісі келмей, түрлі жаламен Әбдірахманды жер аудартады. Осындай зорлыққа душар болған Шұға қайғыдан, күйіктен қайтыс болады. Жазушының негізгі мақсаты- жастардың бас бостандығына ерік бермей, қасіретке ұшыратқан ескі дәстүрлерді сынау. Жастардың бас азаттығын көксеу, бұған кедергі келтіретін әдеттерді батыл таңбалау ХХ ғасыр басындағы демократиялық қазақ әдебиетіндегі басты сарындардың бірі еді.
Шығармаға сатылай кешенді талдау
Тақырыбы:
Авторы:
Әдеби жанры:
Кейіпкерлер:
Шығарманың композициялық құрылысы
а) оқиғаның басталуы:
ә) оқиғаның дамуы:
б) оқиғаның шиеленісуі:
в) оқиғаның шарықтау шегі:
г) оқиғаның шешімі:
Шығарманың негізгі идеясы:
Әдеби - теориялық ұғымдар:
а) Эпитет:
ә) Теңеу:
б) Тұрақты тіркестер:
в) Көнерген сөздер:
г) Мақал-мәтелдер:
Жағдаяттық сұрақтар
1. Шұғаның өліміне кім кінәлі?
2. Қазіргі қазақ қыздарының тағдыры Шұғамен салыстырмалы түрде қандай деп ойлайсыңдар?
3.Әбдірахманның орнында болсаңыз қайтер едіңіз?
4. Жазушы шығармасын «... Шұға десе, Шұға еді- ау!» деген өкінішпен аяқтайды, сен болсаң қалай аяқтар едің?
5. Шұға неліктен тәуір болғысы, жазылғысы келмеді?
6. Сіз өз бойыңызға Шұға мен Әбдірахманның қандай қасиеттерін алар едіңіз?
V. Шығармашылық жұмыс
Эссе «Шұғаға хат»,
Сезімнен туған жолдар
Тест сұрақтары
1. «Үш бәйтеректі» ата:
а) А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов
в) І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Сейфуллин
с) Ш. Қонайұлы, Д. Бабатайұлы, М. Мөңкеұлы
2. Бейімбеттің шын есімі?
а) Жармағанбет
в) Бейімбет
с) Бимағамбет
3. «Мырқымбай», «Түйебай», «Даудың басы-Дайрабайдың көк сиыры» кімнің әңгімелері?
а) Б. Майлин
в) М. Дулатов
с) С. Көбеев
4. «Шұғаның белгісі» шығармасы қандай үлгіде жазылған?
а) драма
в) проза
с) поэзия
5. 1914 – 1915 жылдары қазақ зиялыларының Ғалия медресесінде тұңғыш шығарған қолжазба журналы қалай аталады?
а) «Қазақ»
в) «Садақ»
с) «Еңбекші қазақ»
6. Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіндегі кейіпкерлерді ата:
а) Ботагөз, Итбай, Амантай
в) Шұға, Әбдірахман, Есімбек
с) Әбдірахман, Шұға, Серікбай
7. «Шұғаның белгісі» кімнің атынан баяндалған?
а) Қасым
в) Әбдірахман
с) Есімбек
8. « . . . оларды мұсылман деуге болмайды. Айтатыны – ылғи құдайға қарсылық сөз . . . » кімнің сөзі ?
а) Зәйкүл
в) Айнабай
с) Қажыбай қарт
9. Шығармадағы табиғат көрінісі қалай аталады?
а) портрет
в) пейзаж
с) проза
10. «Шұғаның белгісіндегі» хат тасушы бала?
а) Базарбай
в) Қасым
с) Айнабай
Үйге тапсырма:
Бейімбет- көркем әңгіме шебері
2. «Шұғаның белгісіндегі» Шұға бейнесі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?