Асқорту жүйесінің ағзаларының аурулары
Кафедра: Ішкі аурулар
Тақырыбы: Асқорту жүйесінің ағзаларының аурулары -( сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия, аускультация) Лабораторлы - аспапты зертеу әдістері
Алматы 2014
Іштегі ауырсыну сезімі- асқорыту жүйесінің ауруларының жиі кездесетін симптомдарына жатады. Асқорыту мүшелерінің моторлық қызметінің бұзылуынан пайда болады. Асқазанның
немесе он екі елі ішектің ойық жарасы кезінде оның нерв ұштары тітіркеніп,перитонеальді ауырсыну сезімі пайда болады. Көбінесе науқастар ауру сезімін ауыр өткізеді. Іште ауру сезімі болғанда, бірден дәрігерге хабарлау керек. Асқорыту ауруларында диспепсиялық бұзылыстар кездеседі, оларға жүректің айнуы, құсу, кекіру, тәбеттің бұзылуы, ауызда жағымсыз иістің пайда болуы, іш қату, іш өту жатады.
Ауыз қуысын қарап тексеру
Ауыз қуысын көрудің үлкен диагностикалық маңызы бар. Ерін мен бетті ішкі жағынан көру үшін оларды саусақтармен, шпательмен немесе арнайы ілмектермен тартады. Тілді көру үшін сырқаттың аузын ашып, тілін шығаруды ұсыну керек.
Диспепсиялық көріністер
Жүрек айну;
Ауамен кекіру;
Ауызда ашты дәм сезу;
Құсу, тәбет төмендеуі,
Кей тағамдарды көтере алмау(майлы , қуырылған, уксусы бар). Құсу жеңілдік әкелмейді.
Құсу, (vomіtus, emesіs) [1] — асқазан ішіндегіАсқазан іші (мұндай бет жоқ) заттардың ауыз арқылы еріксіз кері шығарылуын туғызатын күрделі рефлекторлық қозғалысРефлекторлық қозғалыс (мұндай бет жоқ). Терең дем алғанда көк ет босаңсып, көмекей қақпақшасыКөмекей қақпақшасы (мұндай бет жоқ) төмен түсіп, жұмсақ таңдайдың көтерілуінен құсық тыныс жолдарына түспейді. Мидың Құсу орталығында орналасқан хеморецептив аймағыныңХеморецептив аймағы (мұндай бет жоқ) тітіркенуінен құрсақ, кеуде бұлшық еттері жиырылады да асқазан қысқарып, оның өңешпен жалғасқан бөлігі кеңінен ашылып, құсықтың сыртқа шығуын қамтамасыз етеді. Құсу ми қабығыныңМи қабығы қабынуынан (менингитМенингит, энцефалитЭнцефалит), психикалық жағдайлар (истерияИстерия), организмде зат алмасу процесініңЗат алмасу процесі (мұндай бет жоқ) бұзылуы (уремияУремия), қант диабетініңҚант диабеті асқынуы (ацетонемияАцетонемия (мұндай бет жоқ)), иіс тию, улану, т.б., сондай-ақ, жүктілік кезінде де болады. Құсу арқылы организм зиянды заттардан тазарады. Егер Құсу тоқтамай, қайталана берсе, организмдегі судың азаюына (дегидратацияДегидратация (мұндай бет жоқ), гиповолемияГиповолемия (мұндай бет жоқ)), натрийНатрий, хлорХлор, калий тұздарыныңКалий тұздары (мұндай бет жоқ) концентрациясының азаюына (гипонатриемияГипонатриемия (мұндай бет жоқ), т.б.), яғни зат алмасу процесінің бұзылуына әкеледі. Бұл жағдай жүрек-қантамырЖүрек-қантамыр (мұндай бет жоқ), бүйрекБүйрек, бауырБауыр ауруларына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, асқазан-өңештен көп қан кеткенде де құсудың асқынуы байқалады. Құсу жас балалар мен қарт адамдар үшін өте қауіпті. Себебі оларда аспирацияАспирация (тыныс жолдарының құсықпен бітелуі) жиі кездеседі. Емі: уланғанда асқазанды жуу, дезинтоксикалық әрекеттер (тамырға әр түрлі сұйық дәрілер құю) жасау. Құсуды тоқтататын дәрілер (аминазинАминазин (мұндай бет жоқ), этоперазинЭтоперазин (мұндай бет жоқ), мотилиумМотилиум (мұндай бет жоқ), димедролДимедрол (мұндай бет жоқ), тавегилТавегил (мұндай бет жоқ), супрастинСупрастин (мұндай бет жоқ), т.б.) пайдаланылады. Асқынған жағдайда хирургиялық операция жасалады.
Асқазандағы заттардың өңеш, жұтқыншақ, ауыз арқылы еріксіз сыртқа шығуы.
Құсу кезіндегі сырқаттың күтімі:
1Науқасты отырғызып, клеенкалы алғышты кигізу.
2 Аяғының арасына леген немесе шелек қою.
3 Құсу кезінде науқастың маңдайына алақанды қойып басын ұстау.
4 Құсып болғаннан соң, аузын шайғызып, бетін орамалмен сүрту.
5 Дәрігер келгенше құсықты шелек ішінде қалдыру.
Құсқаннан кейін сырқат аузын жылы сумен шайғызып, оның ерні мен езулерін сүрту керек. Ауыз қуысын суға немесе калий перманганатының сұйық ерітіндісіне малынған мақтамен сүрту керек.
Құсу
Жоспары:
Гастрит
Асқазан ойық
жарасы
колит
холецистит
Панкреатит
гепатит
Ас қорыту, оның маңызы
Тағам арқылы организмге энергиялық және пластикалық материалдар түседі. Қоректік заттар ас қорыту жолында механикалық және химиялық өңдеуге ұшырайды.
Ас қорыту барысында ірі молекулалы органикалық заттар жай заттар – мономерлерге айналып, олар қан мен лифаға сіңіп, организмде пайдаланылады.
Ас қорыту түрлері
Аутолитикалық – тағам құрамындағыферменттер (ана сүті).
Симбиоттық – бактериялар түзетін ферменттер – гидролиз микроорганизмдер ферменттерінің әсерінен жүреді (тоқ ішекте).
Өзіндік
а) қуыстық (дистанттық) ас қорыту – ас қорыту ішек-қарын түтігінде жүреді.
б) мембраналық (контакттық) ас қорыту – ішек жасушаларының көмкерілген эпителиі мен гликокаликсте орналасқан ферментттердің әсерінен жүреді.
в) жасуша ішіндегі ас қорыту (фагоцитоз, пиноцитоз).
Ауыз қуысындағы астың қорытылуы
Ас қорыту ауыз қуысында басталады. Ауызға түскен тағам мұнда 15-30 сек кідіреді. Осы уақыт ішінде ас кесегі шайналып, ұсатылады, сілекеймен шыланып, жұмсарады, көмірсулар ыдырай бастайды.
Ауыз қуысының шырышты қабатының қызметі
Секреторлық.
Қорғаныстық.
Регенерация.
Сіңіру.
Рефлекстік.
Сілекейдің құрамы
Сілекей – қоймалжың, түссіз, сұйық зат. Меншікті салмағы – 1,001-1,002.
рН = 5,8-7,4.
Су – 99,4-99,5%.
Құрғақ зат – 0,5-0,6%
1. Ферменттер:
-амилаза – полисахаридтерді – декстран – дисахахридтерге дейін ыдыратады.
Мальтаза – ұзақ шайнағанда активтеліп, дисахаридтарді – моносахаридтерге дейін ыдыратады.
2. Муцин
3. Лизоцим
Аз мөлшерде:
Белоктар глобулиндер, амин қышқылдары.
Несеп қышқылы, мочевина, креатинин
Ферменттер – протеазалар, пептидер, липаза,нуклеаза, сілтілік және қышқылдық фосфотазалар және т.б.
Органикалық заттар
Бейорганикалық заттар
Калий, натрий, кальций, магний иондары.
Фосфаттар, хлоридтер, сульфаттар, бикарбонаттар.
Родондық қосылыстар.
Йодид, бромид, фторид, микроэлементтер: темір, никель, литий
Сілекей, оның құрамы және маңызы
Сілекей – сілекей өзектері арқылы келіп құйылатын үш жұп сілекей безінің (шықшыт, жақ асты, тіл асты) және ауыздың шырышты қабығында орналасқан ұсақ бездердің аралас сөлі. Адамда тәулігіне 600-1500 мл, орташа 1,0-1,2 л сөл бөлінеді.
Сілекейдің маңызы
Ас кесегінің сілекеймен шылануы
Астың дәмі, физикалық қасиеттері туралы мағлұмат алуға қатысады
Көмірсулы заттар ыдырай бастайды
Ас түйінінің қалыптасуына қатысады (муцин)
Қорғаныс қызметі (лизоцим, экзотоксиндермен байланысуы)
Минерал заттардың алмасуына қатысу
Асқорту жүйесінің ағзаларының аурулары
Гастрит
Асқазан
ойық жарасы
Колит
Холецистит
Панкреатит
Гепатит және
бауыр циррозы
Гастрит
Гастрит (gastritis) – асқазанның кілегей қабатының қабыну үдерісімен сипатталатын ауру.
Клиникалық және морфологиялық ерекшеліктеріне қарай олар жіті және созылмалы болып бөлінеді.
Флегмонозды гастрит
Жедел гастрит этиологиясы, патогенезі
Қатты, ыстық тағам, арақ шарап және олардың суррогаттары, сапасыз тағамдар, кейбір дәрі дәрмектер.
Кейбір тағамдарға деген аллергиялық реакциялар
Жедел және созылмалы жұқпалы аурулар (тұмау, скарлатина, қызылша)
Жедел гастрит клиникалық көріністері
Патогенді себеп шарттардың әсерінен 6-8 сағат өткен соң:
Жүрек айну
Зыпыран құсу
Асқазанның жоғарғы тұсының ауырсынуы
Субфебрильді температура
Әлсіздік.
Инфекцияның себептерімен болса:
Дене қызуы қатты көтеріледі (39 градус және одан жоғары)
Улану
Организмнің сусыздануы
Науқасты қараған кезде терісі құрғақ, бозғылт, аузынан жағымсыз иіс шығады, іш кебу, пальпация кезінде асқазан аумағы ауырады.
Жедел гастрит диагнозы эндоскопиялық әдіспен қойылады. Емдеу шаралары асқазанның кілегей қабатын зақымдайтын препараттарды бергізбеуге, негізгі ауруды емдеуге бағытталады.
Созылмалы гастрит
этиология және патогенезҚызметі бұзылған ағзалардың рефлекторлы әсері (ұйқы безі, ішек, өт қабы)
Гормоналды жүйенің бұзылыстары (қалқанша безінің, бүйрек үсті бездің, ми астындағы бездің аурулары)
Созылмалы инфекциялар (безгек, мерез, туберкулез)
Созылмалы инфекция ошақтары (құрт тәрізді өсінді, бадамша бездері)
Созылмалы гастрит 2 жолмен дамиды
Созылмалы А типті гастрит
Асқазанның жапсырмалы клеткаларына қарсы аутоантиденелер түзіліп, олар ең алдымен асқазанның атрофиясына әкеліп соқтырады.
Созылмалы В типті гастрит
Дамуына аутоиммунды себептер әсер етпейді.
Оның дамуына емдәмді бұзу, көп мөлшерде арақ шарап қабылдау, темекіні көп тарту т.б. себептер кіреді.
Созылмалы гастрит клиникалық көріністері
Қышқыл түзгіш қызметі қалыпты немесе көтеріңкі СГ:
Ойық жара тәрізді симптомдар
Аш қарынға білінетін, түнде кешірек байқалатын ауыру сезімі
Қышқылмен кекіру
Іштің қатуы
Қышқыл түзгіш қызметі төмен СГ:
Эпигастр тұсында сыздаған ауыру сезімі
Асқазанның толық кернеген сезімі
Тәбеттің төмендеуі
Ауамен кекіру
Іштің желденуі
Іштің өтуі
Ойық жара ауруы
Ойық жара ауруы (morbus ulcerosus) дегеніміз үдеу және уақытша оңдау кезеңдерінің алмасуымен өтетін созылмалы рецидивті ауру, оның негізгі көрінісіне асқазанның және 12 елі ішектің қабырғасында ойық жараның пайда болуымен сипатталады.
Этиология және патогенез
Зиянды себеп шарттар:
Тұз қышқылы, пепсин, өт қышқылдары, Helicobacter pylori, астреоидты қабынуға қарсы препараттар, арақ шарап жатады.
Қорғаныс механизмдеріне:
Кілегейлі бикарбонаттық кедергі
Простагландиндер жатады.
Клиникалық көрінісі
Негізгі клиникалық көрінісі –ауыру сезімі. Ол асқазан тұсында ортаңғы сызықтан сәл сол ортаға немесе сәл оңға қарай орналасады.
Субкардиальды ойық жара кезінде ауыру сезімі тура төс сүйегінің астынан байқалады.
Ауыру сезімі кеуде тұсының сол жағына, омыртқаның кеуделік және белдік бөлімдеріне беріледі.
Диспепсиялық шағымдар (жүрек қажылдауы мен жүрек айну, кекіру, құсу, нәжістің қатуы)
Қатты жүдеу
Ойық жара диагностикасы
Пальпация жасағанда қүрсақтың алдыңғы бұлшық еттерінің ауруы және резистенттілігі анықталуы мүмкін.
Перкуссия кезінде шектелген ауыру аймағы анықталуын «оң» Мендель симптомы деп атайды.
Зертханалық көрсеткіштер өзгермеуі мүмкін, анық немесе жасырын қан кету кезінде анемия байқалады.
Нәжістегі жасырын қанды анықтау (Грегерсон, Вебер реакциялары) ауруды табуға көмектеседі.
Эндоскопиялық зерттеу арқылы ойық жараның бар жоғын, орналасқан жерін, пішінін, тереңдігін, көлемін, жан жағындағы және түбіндегі тіндердің жағдайын анықтауға болады.
Колит
Созылмалы және
Ойық жаралы
болып екіге
бөлінеді.
Созылмалы колит
Созылмалы колит (colitis chronicae) негізінен кілегей қабатының қабынулық және дистрофиялық зақымдануымен сипатталатын, ұзаққа созылатын жуан ішек ауруы.
Этиология және патогенез
Созылмалы колитті тудыратын себептер:
Жедел жұқпалы аурулар (дизентерия, сальмонеллез, т.б.)
Паразитарлы аурулар (гельминтоздар)
Ұзақ уақытқа созылған ауыр металдармен улану
Токсиндерін жуан ішек арқылы шығаратын басқа аурулар (созылмалы бүйрек жетіспеушілігі)
Жуан ішек аномалиялары (мегаколон, долихосигма)
Жуан ішек дискенезиялары
Ішек дисбактериозы
Арақ шарапты шектен тыс көп қабылдау
Тағамға аллергия
Ұзақ уақыт дәрі дәрмектерді қлдану
Кейбір асқорыту жүйесінің аурулары
Клиникалық көрінісі
Науқастың жиі айтатын шағымдары:
Нәжістен кейін және газ шығарудан соң азаятын іштің ауыру сезімі
Нәжістің бұзылуы
Іштің желденуі
Жалпы әлсіздік
Ашуланшақтық
Ұйқының бұзылуы
Ішекті пальпация жасау кезінде:
жуан ішектің әр түрлі бөлімінің ауыруы және спастикалық жиырылуы, шұрқырауы
Холецистит – өт қабының қабынуы
Жедел және
Созылмалы болып екіге бөлінеді.
Созылмалы холецистит
Клиникалық көрінісі:
Науқаста оң жақ қабырға астынан тұйық немесе сыздаған ауыру сезімі байқалады, бұл көбінесе құрғақ қуырылған, майлы, ащы тамақтарды қабылдағаннан кейін 1-3 сағаттан соң күшейе бастайды.
Ауыру сезімі жоғары оң жақ иыққа, мойынға, жауырынға беріледі.
Жедел холецистит ауруы өт-тас ауруымен байланысқан жағдайда бірден пайда болып ұстамалы түрде өт шаншуына әкеледі.
Ауыру сезімімен қоса диспепсиялық көрініс те байқалады, ауызға ащы немесе темір дәмі тәрізді кермек дәм келеді, жағымсыз қышқыл дәммен кекіру, жүрек айну, іштің кебуі, іштің өтуі, іштің қатуы ауысып отырады.
Науқастың сырт көрінісі мен жалпы тамақтануы бұзылмаған, іші кебіңкі, кейде сырт көзге етжеңділеу көрінеді.
диагностикасы:
Іш қуысына беткей пальпация жасағанда, өт қапшығы проекциясы аймағынан ауыру сезімі анықталған.
Қандағы өзгерістер: ЭТЖ жоғарылауы мен айқын лейкоцитоз көрінеді.
Панкреатит
Жедел және созылмалы болып бөлінеді.
Созылмалы панкреатит
Созылмалы панкреатит полиэтиологиялық , негізінде қабынулық, фиброздық, склероздық өзгерістерге жататын және олардың біртіндеп ұйқы безінің сыртқы және ішкі сұйықтық сөлінің жетіспеушілігін тудыратын ауру.
Клиникалық көрінісі:
Негізгі клиникалық синдром - ауыру сезімі.
Патологиялық ошақтың орналасуына қарай:
Ауыру сезімі эпигастр аймағында не құрсақтың жоғарғы бөлімінде орналасады
Ауыру майлы тамақ пен арақты көп қабылдаумен тікелей байланысты, сол жақ қарға, жауырын, мойын тұстарына және іштің сол жақ бөлімдеріне беріледі.
Тәбет нашарлау, кекірік, жүрек айну, құсу, іштің кебуі, өтуі.
Қарап тексергенде терісінің және көздің ақ қабығының сарғайғаны байқалады.
Пальпация әдісімен тексергенде ұйқы безінің аумағы ауырады
Зерттеу әдістері
Қанда лейкоцитоз бен ЭТЖ көбейеді. Гипергликемия, глюкозурия дамиды.
Копрологияда – белктар мен майлардың қорытылуының бұзылуын көрсететін белгілер (стеато, креаторея) пайда болуы мүмкін.
Рентгенограммадан ұйқы безінің кальцификаттарын көруге болады.
УДЗ бездің орналасқан жері мен өлшемін ғана көрсетіп қоймай, ондағы өзгерістерді, жылауықтарды, псевдокисталарды, өзектердің кеңеюін не тарылуын анықтайды.
Эндоскопиялық панкреатография кезінде биоптатты зерттеп, бездің морфологиялық сипаттамасын анықтауға болады.
Гепатит – бауырдың ошақты, диффузды, созылмалы қабынуы
Вирусты және созылмалы болып бөлінеді.
Созылмалы гепатит этиологиясы
Клиникалық көрінісі
Диспепсиялық өзгерістер
Сарғаю
Көкбауыр мен бауырдың тығыздалып ұлғаюы
Бауыр қызметінің бұзылуын радиогепатография әдісімен және зертханалық жолмен анықтау.
Көріп қарап тексергенде бауырдың аздап болса да ұлғайғаны байқалады:
Оның беті тегіс, пальпация жасағанда ол оның тығыздығын және шетінің сәл-пәл ауыратынын талақтың аздап блса да, ұлғайғанын байқауға болады.
Зертханалық зерттеу
билирубиннің қан сарысуындағы мөлшері көбіне жоғарыламайды, ал сарғаю кезінде 17-50 мкмоль/л-ге (1-3 мг %) дейін ұлғаяды,
Аздап гипербилирубинемия болады,
Ферменттің белсенділігі өзгереді немесе қалыпты болады
Протромбиннің мөлшері аздап төмендейді (кейде қалыпты)
Бромсульфолейн сынамасы әлсіз оң болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?