Ақпарат көздері
Ақпарат көздері
Дайындаған: Төлегенова Бибігүл, ЕТБҚ-23
Ақпарат - қоршаған орта мен онда болып жатырған әр түрлі құбылыстар туралы мәліметтердің жиынтығы
Ақпарат (лат. informatio — түсіндіру, мазмүндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты. Көп адам бұл жайлы Білім дәуірі немесе білім қоғамы тудырған Ақпарат дәуірі туралы айта бастады; ақпараттық қоғам, ақпараттық технологиялар, тіпті информатика, ақпарат ғылымы және компьютер ғылымы назарға көп түсуде, ал “ақпарат” сөзі білдіре бастаған мағыналары ұқыпсыз пайдаланылуда.
Ақпарат – қарастылатын жүйе қалпы. Хабар – заттанған ақпарат. Ақпарат жіберушіден қабылдаушыға бағытталған хабардың сапасы болып табылады. Ақпарат әрқашан бірнәрсе (параметр өлшемі, оқиғаның болғаны, т.б.) туралы.
Ақпараттың өзгеше маңызды анықтамасы оны қабылдаушы түсінетіндей жіберушіден шыққан хабар деп анықтайды. Бірақ, белгілi жіберуші болуын талап ететін “ақпарат - хат” моделі ақпараттың қоршаған ортадан, байқау, өлшеу, т.б. арқылы, алынатын нәрсе болуы мүмкіндігіне мән бермейді. Ақпарат ұғым ретінде контекстіне байланысты көптеген мағына білдіреді, дегенмен ол әдетте мағына, білім, тапсырма, байланыс, бейнелеу, сезіну дегендермен тығыз байланысты. Қысқа қайырғанда, қабылданған және түснікті хабар.
Ақпарат
Ақпарат көзі
Ақпаратты қабылдаушы
Ақпарат тасымалдаушы
Кім ақпарат хабарласа сол ақпарат көзі болып табылады
Ал кімде-кім ақпаратты қабылдап алса, онда ол ақпарат қабылдаушы болып табылады.
Ал ақпарат тасушы: сынып тақтас, журнал, ауа бөлшектері, радиотолқындар, қағаз, ағаш, металл, тас, кассета, дискета, сурет, слайд, перфокарта т.б. бола алады.
Ақпарат көздері – айналамызда, бүкіл әлемде күнделікті болып жатқан оқиғалар, көріністер, нақты деректер.
Құрамында хабарлары мен мәліметтері бар және оларды тасымалдауға негізделген кез келген жүйе ақпарат көзі болып табылуы мумкін.
Ақпарат көзінен қабылдағышқа ақпарат тасымалдаушы арқылы жеткізілетін хабар сигнал деп аталады
Ал адам ақпаратпен не ітей алады, деген сұраққа жауап берелік.
Біріншіден, адам ақпаратты сақтай алады.
Біз кітап, газет-журнал оқығанда ақпаратты есте сақтап жинаймыз. Оны бірнеше күнне соң біреуге жеткізе аласыңдар. Ал адамның өмірінде оқитын, көретін, еститін ақпарат мөлшері өте көп болатындықтан адам миы оның бәрін сақтай алмайды. Ұмытып қалуы мүмкін. Сол себептен оларды сақтау үшін сыртқы ақпарат тасуыштар: қағаз, түрлі таспалар, дискілер т.б. қолданылады.
Екіншіден, адам ақпаратты жеткізе алады.
Ақпарат жеткізу мысалдарын біз барлық жерде кездестіреміз. Бір-бірімізбен сөйлескенде, сабақта, теледидар көргенде, кітап оқығанда т.б. Кітап оқығанда сен қабылдаушы, ал автор жолдаушы болады.
Сонымен ақпарат алмасу үшін, жолдаушы мен қабылдаушы болуы керек. Хабар жеткізуге пайдаланылатын құралдарды ақпарат жеткізу арнасы деп атайды. Оған теледидар, радио, компьютерлік желі т.ь. жатады.
Үшіншіден, адам ақпаратты өңдей алады.
Ақпарат өңдеу деп – ақпарат алуды, оның мазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алынған ақпаратты бір ретке келтіруді және жаңа ақпарат іздестіріп толықтыруды айтады.
Назарларыңызға рахмет!
Тест сұрақтары
1. Ақпарат латынша қандай мағына береді?
түсіндіру B) мағлұмат C) дерек D) ойлау E)айту
2. Ақпарат дегеніміз не?
A) параметр өлшемі B) оқиғаның болғаны C) қарастылатын жүйе қалпы
D) мұрағатталған файл E) арнайы әдіспен ұйымдастырылған файл
3. Ақпарат түсінігі қандай ұғымдар арқылы байланысады?
A) өлшеу, өңдеу, тасымалдау B) шифратор, дешифратор C) дискретті, аналогті
D) ақпарат көзі, тасымалдаушы, қабылдаушы E) сығу, кодтау, ашу
4. Ақпарат көзі:
A) ақпаратты хабарлаушы B) ақпаратты тасымалдаушы C) ақпаратты байланыстырушы D) қабылдап алушы E) ақпаратты жеткізуші
5. Ақпарат көзінен ақпараттың жіберілу жылдамдығы неге қатысты анықталады?
а) Сыйымдылыққа b) ақпарат көлемімен c) алфавитқа және оның энтропиясына d) дәрежесі тым жоғары болса e) алғашқы алфавит символына6. Ақпарат көзінен қабылдағышқа ақпарат тасымалдаушы арқылы жеткізілетін хабар қалай аталады?
А) аналог B) мағлұмат C) дерек D) сигнал E) жаңалық
7. Сигнал лат. Signum аударғанда қандай мағына береді?
А) жиілік B) белгі С) форма D) сабақ E) қысым
8. Ақпарат көзінен сигналдың жіберу жылдамдығы неге тәуелді?
А) аппараттың лездігіне В) алғашқы алфавит символына С) СиымдылыққаD) алфавит символына E) уақытқа9. ........ деп – ақпарат алуды, оның мазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алынған ақпаратты бір ретке келтіруді және жаңа ақпарат іздестіріп толықтыруды айтады.
А) ақпаратты жіберу B) ақпаратты өңдеу С) ақпарат алмасу
D) ақпаратты жеткізу E) А және D жауаптары
10. Ақпаратты көзін сақтау үшін не қолданылады?
А) сигнал B) қабылдағыш С) форма
D) байланыс каналдары E) ақпарат тасымалдаушылар
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?