Адам және қоғам болмысы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Семей Мемлекеттік Медицина УниверситетіӘлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы Тексерген: Табулдинова Г.Н.Орындаған: Тайгулова Әсел248-топ ЖМФАдам және қоғам болмысы
Семей 2011
Жоспар
1. Болмыс ұғымы философия категориясы ретінде
2. Адамның биологиялық және әлеуметтік мәні
3. Сүйіспеншілік адам болмысының мәнді аспектісі ретінде
4. Қоғам ұғымы.Теориялық модель және оның философиялық негізі
5. Қоғам мен табиғат қатынасы
6. Адам бойындағы табиғи және қоғамдық сипаттың үйлесімділігі
“Болу әлде мүлдем болмау-
Сұрақтың шешімі осында”Парменид“Болмыс” ұғымының және болмыс жайындағы ілімнің төңірегінде философияда ежелден бері және қазірде де қызу пікірталас болып келеді, өйткені болмыс мәселесі дүниегекөзқарастық және методологиялық басты проблемалардың бірі болып табылады.
Ең кең мағынада алғанда, болмыс бүкіл шындық дүниені қамтитын шегіне жеткен жалпы ұғым –философиялық категория болып табылады.
Болмыс дегеніміз дүниеде өмір сүретіннің бәрі: материалдық заттар да, құбылыстар мен процестер де, қатынастар мен байланыстар да, яғни бәрі-бәрі. Тіпті адамның қиялы, ертек, аңыздар, ауру адамның сандырағы сияқты рухани өмір көріністері де болмысқа жатады.
Болмыс сияқты философиялық категориялардың барлығы: материя, сана, сапа, сан, құбылыс, кеңістік, уақыт, себеп, салдар т.б. бәрі тілде сөздер арқылы тұжырымдалады.
Философиялық категориялардың оларды білдіретін сөздермен байланысы іштей қайшылықты: бір жағынан алғанда, көтеген ғасырлар бойғы сөйлеу тілінің практикасы философиялық категорияға сәйкес сөздердің мән-мазмұнын жинақтап, олардың мағынасын түсіндіруге көмектессе, екінші жағынан алғанда, күнделікті сөйлеу тіліндегі сөздер білдіретін философиялық катигорияның ерекше, тек философия ғана анықтайтын ерекше мағынасы болатынын әрдайым естен шығармау қажет.
Түрліше нәрселер мен құбылыстар арасында байланыстар мен қатынастар бар екенін, болғанын немесе болатынын адамдар ғасырлар бойы байқай келе, олардың бәріне ортақ жалпы қасиетті бейнелендіретін “болмыс” деген жалппы ұғым қорытып шығарылды, болмыстың толып жатқан түрлерін танып білді. “Болмыс” категориясын философияға тұңғыш енгізгендердің бірі ертедегі Греция философы Парменид болды.
Ғасырлар бойғы дүние тану процесінде адамдар болмыстың мынадай негізгі формаларын танып білді:
заттар (денелер), процестер болмысы, ал бұлардың өзі біртұтас табиғат – болмысы және адамның қолымен жасалған заттар мен процестер болмысы болып екіге бөлінеді;
адам болмысы; бұл да заттар дүниесіндегі адам болмысы және таза адамдық болмыс болып бөлінеді;
рухани (идеялық) болмыс; бұл жеке адамның рухани болмысы (идеясы) және обьективтендірілген (жалпы адамдық) рухани болмыс болып жіктеледіҒ
әлеуметтік болмыс; бұл жеке адам болмысы мен қоғамдық болмыстан тұрады.
Болмыстың бұл формаларын топтастыра келгенде материалдық болмыс және рухани болмыс болып, екі топқа бөлінеді. Осы екі болмыстың арасындағы қатынастан философияның негізгі мәселесі –руханидың (ойлаудың, сананың) руханидан тыс, тәуелсіз обьективтік (материалдық) болмысқа қатынас мәселесі шықты.
Болмыс – бұл ой, ол біртұтас және бірқалыпты, абсолютті, оның құрамына Ақиқат, Ізгілік, Жарық, Әдемілік сияқты кемелдіктер кіреді.
Адам табиғатқа тәуелді болса, табиғат та оған тәуелді: табиғат адамды тудырған болса, адам табиғатты жаңғыртты.
(А.Франс)Адам болмысы екі деңгейде қарастырылады:
1) тәндік, физикалық, соматикалық
2) жан мен рух болмысы, рухани.
Адамның шынайы болмысы – жан мен рух болмысы. Философтар жанды адамның психоэмоционалды өмірі, әлемге психоэмоционалды қатынасы ретінде қарастырады. Жанның 3 типін ажыратады: романтикалық, адамгершілік, прагматикалық. Жанның үш типіне сәйкес руханилықтың үш типін бөледі: эстетикалық, этикалық және ғылыми.
Қоғам болмысының екі деңгейі бар:
- Индивид болмысы
- Материалды құндылықтарды өндіруге негізделген қоғам болмысы
Осы проблеманы алғаш рет марксистік философия алға қояды.Бірақ өкінішке орай бұл философия материалдық игіліктерді өндіру ролін абсолютке айналдырып, адам болмысы роліне назар салмады. Шындығында адам болмысы мен қоғам болмысы өзара тығыз байланысты және бір-бірімен әсерлеседі.Қоғамның, қоғамдық болмыстың дамуы көп жағдайда адам болмысына тәуелді болып келеді.
“Мен өзімнің адам екенімді ойлағанда, әрқашан жаным асқақтай түседі”
В.А. Жуковский
“О, Адам баласы, сен мүсәпір және әлсізсің,сен – ашкөз тәннің сұмпайы құлысың”
Аль-Мари
Адам болмысының алғышарттары – оның денесінің табиғат бөлшегі ретінде, организм ретінде өмір сүруі. Алайда адам болмысының басты ешекшелігі – ақыл-ой иесі, санасы бар, яғни тек тәннің ғана емес, жанның , рухани дүниенің иесі екнедігінде. Адам табиғаттың бөлшегі, төл баласы,өркені, сонымен бірге ол тарихты , әлеуметтік өмірді жасаушы, әрі тарихи-қоғамдық дамудың туындысы.
Адамдар дүниеде тек өмір сүріп қана қоймайды, сондай-ақ дүниеге, қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаға әсер етуге, өзгеріп, түрлендіруге қабілетті.
Адам ең әуелі тіршілік иесі, “сүйек пен еттен жаралған пенде” есебінде өмір сүреді. Оның тәні, денесі – табиғаттың бөлшегі. Ол дүниеге келеді,тіршілік иесі есебінде әрекет жасайды, мезгілі жеткенде өледі. Адам өмірі шектеулі, өйткені ол болмыс иесі.
Табиғаттың бөлшегі ретінде адамның бүкіл тіршілік әрекеті оның заңдылықтарын бұзбайды. Оған тамақтану, киім-кешек,ыстық-суықтан қорғану, табиғаттың түрлі өмірге қауіпті күштерінен сақтану т.б.тіршілігін қамтамасыз ету керек. Сондай –ақ табиғи түрде тұқым қуалаушылық заңдарына бағына отырып,жаңа ұрпақтың өсіп-өрлеуіне себепкер болуы тиіс.
Шәкәрім ілімі бойынша адам болмысы
Шәкәрім ілімі бойынша осы арада адам болмысына толыгырак токтала кетейік. Адам болмысы оте курделі. Бул курделі болмысты анык біліп, адам омірі соны жақсартуга арналмаса, онын барлык тіршілігі бос әурешілік болады. Шәкәрім мен Абай ілімдері адам болмысын толык ұғындырып, түсіндіреді.
Адам болмысы рухани жане материалдык негіздерден куралатыны дау тудырмайтын акикат. Булар Алла тагаланын турлі куаттары. Рухани негіз – жоғары куат, ал материалдык негіз – төменгі куат. Рухани болмыс жаннан жане рухтан куралады. Адам денесіндегі жан, ягни, казакша айтканда, шыбын жан, Улкен Жаннын, ягни, Газиз жаннын, Алла тагаланын жоғары куаты. Онын касиеттері Газиз жаннын касиеттеріне уксас – мангілікті, толык білімді жане толык лаззатты. Жан тәнде орналаскан жане онымен унемі байланыста. Жан мен тәнді байланыстыратын – рух. Сонымен, рух жаннын саулесі, куаты, онымен ажырамас болігі, касиеті, тәнмен байланыстыратын құралы, заттык әлемнін ықпалынан қорғанатын қорабы, қапшыгы, сауыты, ішкі киімі тарізді.
Рух танмен адамнын назік денесі, ягни перисприті аркылы байланысады. Назік дене – жартылай материалды, рухтын эфирлік, нәзік, ауа тарізді, адам пішіні бар, өте назік, бірақ негізі заттық каситі бар денесі. Рух нәзік дене аркылы тәнді баскарады. Ол үшін назік денені өзінің саулесімен рухтандырады. Руханиланған, рухтанган назік дене рухтың ықпалына конеді. Ол неғұрлым рухтанса, соғұрлым рухтың ықпалына тез бағынып, тәнді дұрыс баскара алады. Назік болмыс, ягни, психикалык негіз, заттық болмыстың ықпалына беріліп кетіп, напсімен коп былғанса, ол тәнді де соғұрлым нашар баскарады. Осылай адам өмірде нәпсі ықпалымен түрлі қателіктер жіберіп, күналі істерге барады. Рухани дамудың деңгейі осыны білдіреді. Рухани дамыған адамның нәзік болмысы рухтанып, ол жанның калаған ниетін жақсы орындап, жанның өз құмарын қандыруга толық мүмкіндік жасай алады.
Сонымен, адамнын екі – рухани жане материалдык – болмыстары бар. Рухани болмыс жан жане рухтан құралады, ал материалдык болмыс – психикадан, ягни нәзік денеден жане тәннен куралады. Сонда математика әдісін пайдаланып адам болмысын былай өрнектеуге болады екен:
АДАМ = РУХАНИ БОЛМЫС + МАТЕРИАЛДЫК БОЛМЫС= (ЖАН + РУХ) + (НАЗІК ДЕНЕ + ТӘН)
Адам өмірі формуладағы осы төрт қосындының өзара үйлесімділігіне тікелей байланысты. Адам өмірі осы құрамның өзара байланысын сақтау деңгейіне байланысты өрлеу, не болмаса құлдырау дәуіріне жолығып, құбылып отырады. Бұл формула бүкіл адамзат өмірі ушін, сонымен бірге, әрбір жеке адам ушін де өте манызды. Формуланы колданудың екі жолы бар. Оның біріншісі – бұл өмірдін негізгі максатын тусініп, сол максатқа жетуді өзіне міндет етіп қойған рухани жолдағы адамдар үшін.
Олар бул формуланын бірінші жартысын, яғни, рухани жагын алга кояды. Ал екінші жартысы, ягни, материалдык жағы, олар ушін тек кана формуланын бірінші жартысын сактауга, ягни, омірдін тутастыгы ушін гана керек. Баска созбен айтканда, олар танді тек кана жан ушін, жаннын кулшылык етуі ушін гана пайдаланады. Олардын омірі – тан кумарын, напсілерін толык ауыздыктаган, аскеттік омір.
Формуланы қолданудын екінші жолы – жалпы көпшілікке арналган. Абай да, Шакарім де жалпы копшіліктін алдына койган накты рухани максаты болмайтынын білдіреді. Сондыктан олар бакытты омірдін куаныш-кайгысынан іздейді.
Фани алемде озін бакытты сезіну ушін адам формуланын екі жагын, ягни, рухани жане материалдык жагын тен устауы керек. Олар ушін бул екі жарты кустын екі канаты тарізді. Құс екі канатын тең ұстамаса багытынан ауыткып кететіні тарізді, арбір адам, сонымен бірге, когам, тіпті адамзат омірі осы екі канатты тен устанбаганда дамудын тура жолынан ауыткып, кулдырау жолына туседі. Тарих сахнасынан бір кездегі жетілді деген коптеген мемлекеттер осылай жогалып кетті.
Сүйіспеншілік адам болмысының мәнді аспектісі ретінде
“Достық пен махаббат-осы екі ұлы сезім адамды мүлде өзгертіп жібереді”.
Ж.Поль
Қазақ ойшылы ұлы Абай махаббатты адамды асқақтататын және Жер бетінде өмір сүргеніне жауапкершілігін сезінуге көмектесетін адамның жоғарғы сезімдеріне жатқызады. Сүйіспеншілікті сезім, адамның әлемге психоэмоционалды көзқарасы деп түсінуге болады. Адамның басқа адамға сүйіспеншілігі, табиғатқа, жалпы Космосқа сүйіспеншілігі болады.Бірақ сүйіспеншілік әрқашан жақын адамға, өзге тұлғаға сүйіспеншіліктен басталады,яғни неке мен жанұя құрудың тірегі болатын ер адам мен әйелдің арасындағы махаббат.
Қорқақ-махаббатқа қабілетсіз, махаббат-ержүректің еншісі.
М.ГандиӨмірге келген әр адамның жүрегінде махаббат деген ұлы сезімнің орнары анық.
Қадым заманнан бері ерекше мәнге ие болып келе жатқан, адам жүрегін нұрлы қуанышқа бөлеп,рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік сезім.
Егер жүрегіңде махаббат бүршік жарса, осы махаббатым мәңгілік бола алады ма деген сауалға әр біріміз жауап бере алар болсақ, ол біздің жүрегімізде мәңгілік жасары анық. Демек, махаббат – өзің үшін ғана емес, махаббатың өмір сүре білу, сол екінші адамның қайғысына да, қуанышына да ортақ болу, тіпті айналаға да соның көзімен қарау, мына қайнаған тіршіліктің қадір-қасиетін танып, сыйлап, ардақтау.
“...қоғам адамның табиғатпен аяқталған мәнді тұтастығы, табиғаттың шынайы жандануы, адамның іске асқан натурализмі және табиғаттың іске асқан гуманизмі”
К.МарксҚоғам – адамдардың рухани-практикалық қызметі арқылы пайда болған және өмір сүретін материалдық өмір бөлігі. Оны зерттеу үшін қоғамның теориялық моделі жасалады.
Қоғамның теориялық моделінің 5 философиялық негізін бөліп қарауға болады: натурализм, материализм, дуализм, идеализм, тұтас дүниеге көзқарас. Натурализм көне грек философиясынан бастау алады. Платон мен Аристотель қоғамды табиғии ортаның ілгері дамуы ретінде қарастырады.Адамды екі аяқты жануар деп атады.
Натурализмнен табиғатты материалистік түсіну қалыптасты.Маркс әлеуметтік-экономикалық қатынастарды қоғамның даму негізі деп санайды. “Саяси экономиягы сын кіріспесінде” Маркс қоғамдық болмыс қоғамдық сананы белгілейді деп жазған.
Қоғамның теориялық моделінің үшінші философиялық негізі идеалистік философия болып табылады. Гегель қоғам дамуы негізін абсолютті Рух кезеңіндегі абсолютті идея деп санайды. Абсолютті Рух үш формада көрініс табады – субъективті, объективті және Абсолютті Рух. Адам мен қоғам жоғарғы руханилықтың көрінісі болып түсініледі.
Төртінші философиялық негіз дуалистік философия.Дәстүрлі дуалисттерге Аристоетль мен Декарт жатады, олар материалдық және рухани екі бастауды белгілейді. Бұл көзқарас бойынша қоғам материалды және рухани бастаудың бірлігі ретінде есептелмейді, олар бір-біріне әсер етпейді, бір-біріне тәуелсіз екі бастау ретінде қарастырылады.
Қоғамның теориялық моделінің бесінші философиялық негізі тұтас әмбебап дүниеге көзқарасы, ол бойынша қоғам дамуының түп-негізі материалды және руханилықтың біртұтастығы болып табылады.
“Қоғам индивидтерден тұрмайды, ол осы индивидтердің қарым-қатынасы мен бір-бірімен байланысының жиынтығын білдіреді”.
К.Маркс
Қоғамдық болмыс – адам өмірінің, оның іс-әрекетінің қажетті шарты және қайнар көзі. Адам өзінің жасампаздық күш-қуатымен табиғи мүмкіндіктерді шындыққа айналдыру арқылы болмысты өзгертіп отырады. Қоғамдық болмыс – адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі әлеуметтік практиканың нәтижесі.
Адамның қоғамдағы нақтылы еңбегі, іс-қимылы, қызметі, материалдық игілікті өндіру, тажірибе алмасудан қоғамның әл-ауқаты анықталады. Қоғамдық сана – қоғамдық болмыстың бейнесі.
Маркс адамдардың қоғамдық болмысын билейтін сана емес, керісінше олардың қоғадық санасын қоғамдық болмыс анықтайтынын көрсеткен.
Адамзат қоғамы – жануарлар әлеміндегі ең жоғары құрылым. Ол табиғатты ұйымдастырады. Ол сұрапыл апатты бағындырды. Бірақ өзі бейберекет тірлікпен өмір сүрді.
(А.Ферсман)
Орта ғасыр философы Фома Аквинский адамды дене мен жанның бірлігі, хайуан мен періштенің аралығындағы нәрсе деп санаған. Жан оның ұғымында мәңгілік өлмейтін жақсылық сәулесі болса, дене – жанның ұясы.
Фейербахтың айтуынша, жеке дара, жалғыз өзі өмір сүре алатын адамның болуы мүмкін емес.”Менің болуымның міндетті шарты – “сенің” болуың, басқалардың болуы. Демек адамды жануарлардан жоғары қоятын қасиеті оның тек қоғам ішінде өмір сүруінің нәтижесі. Себебі қоғамдық болмыс тәрбие бойына сіңіріп үлгермеген жас баланың тәуелсіз жеке өмір сүруге қабілеті болмайды. Ата-ананың, басқа адамдардың қамқорлық көмегінсіз ол адм болып, өсіп жетіле алмайды.
Демек, адамның адамдық қасиеттерін қалыптастыратын – тек қоғамдық орта.
Қорытынды
Адам – қатпары көп, құпиясы мол өте күрделі құбылыс. Аристотель бойынша, адам – қоғамдық хайуан.Басқа хайуандардан адамның айырмашылығы ол қоғамнан тыс өмір сүре алмайды.
Адамда екі түрлі: табиғи және қоғамдық сипатта болады. Әрине, адамның басты қасиеті – оның әлеуметтік сипаты.
Адам мен қоғам бірлікте. Тек қоғамда ғана адам өзін-өзі әлеуметтік құбылыс ретінде көрсете алады.
Қоғам – күрделі, динамикалық, өзін-өзі дамытатын жүйе. Оның дамуының қайнар көзі өзінде жатыр және қоғамда әлеуметтік прогрестің қозғаушы күш болып негізгі рольді адам атқарады. Қоғамның өзін дамытуы ғылыми техникалық революция арқылы жүзеге асады.
Ғылым да, техника да, прогресс те – адамзат ақыл-ойының жемісі.
Қоғам табиғаттан пайда болды, қоғам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Сондықтан қоғам мен табиғат бір-бірімен байланыста.
Әдебиеттер
Бегалинова К.К., Альжанова У.К. “Философия” Алматы 2003г
Кудайбердіулы Ш. Тіршілік, жан туралы. «Абай» журналы. 1994 ж., №9.
Лавриненко В.Н., Ратников В.П., Иконникова Г.И. «Философия
Д.Кішібеков, Ұ.Сыдықов «Философия» Алматы-2005ж.
Гуревич П. Вселенная по имени Человек // Свободная мысль 1991.
Назарыңызға рахмет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?